О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет130/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   239
Байланысты:
is-kagaz Abutalip (1)

Басқару, ұйымдастыру 
қызметіне қатысты 
ісқағаздары


146
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
 18-cабақ 
ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАР
Қызметтік хат – мекемелер арасында байланыс орнату, ақпарат алмасу 
т.б. ресми мақсаттарда қолданылатын ісқағазының бір түрі.
Хаттар басқа мекемелермен және кәсіпорындармен әртүрлі сұрақтар 
бойынша жедел байланыс орнату үшін жазылады. 
Қызметтік  хаттар  өзіне  тән  ресми,  кеңселік  стилімен  ғана  емес, 
тұрақты  қолданылатын,  қалыптасқан  сөз  тіркестерімен  және  өзіне  тән 
терминдердің жиі қолданылуымен ерекшеленеді.
Қызметтік хаттар: 
 
Сенімді; 
 
Қысқа; 
 
Нақты жазылуы керек. 
 
Бір сөз максимум ақпарат беру керек.
Функционалды белгісіне қарай 2-ге бөлінеді: 
 
Жауап қайтаруды қажет ететін хаттар. 
 
Жауап қайтаруды қажет етпейтін хаттар.
Жауап қайтаруды қажет ететін хаттар: 
Өтініш хат, ұсыныс хат, үндеу хат, талап хат.
Жауап қайтаруды қажет етпейтін хаттар: 
Бұйрық хат, ескерту хат, алғыс хат, дәлел хат, шақыру хат, жарнама 
хат, ақпараттық хаттар т.б.
Қызметтік хаттар 3 бөлімнен тұрады.
Кіріспе бөлім. Дәлелдеме бөлім. Қорытынды бөлім.
 
Кіріспе бөлімде хатты жазуға түрткі болған негізгі себептер жазы-
лады.
 
Дәлелдеме бөлімде хатты алушыға сұрақтың дұрыс қойылғандығын 
дәлелдейтін  және  оның  оң  жауап  қайтаруына  түрткі  болатын  сандық 
мәліметтер, логикалық қорытындылар және т.б. дәлелдемелер жазылады.
 
Қорытынды бөлімде сұрақтың мәні, негізгі ойы айтылады: келісу 
немесе бас тарту, ұсыну немесе сұрау және т.б.
Рәсімдеу:
 
Хаттар бланкіде толтырылады немесе А-4 форматты қағазға жаз-
баша жазылады.


147
Орынғазы Әбутәліп
 
Хат тек бір сұрақ бойынша құрылады.
 
Хаттың ұсынылатын көлемі – 1 бет (мүмкіндігінше хатты бір бет-
ке сыйдырған дұрыс. Егер хат бірнеше беттен тұратын болса, бет нөмірі 
қағаздың оң жақ жоғарғы бұрышына қойылады).
 
Хат  2  данадан  жасалады,  хаттың  түпнұсқасын  кәсіпорын 
бланкісінде, ал көшірмесін таза стандартты қағазға (А-4) жазады.
 
Хат кәсіпорынға, кәсіпорын бөлімшесіне, лауазымды тұлғаға не-
месе жеке тұлғаға жіберіледі.
Мәтінді құрастыруда мынадай тірек сөздер пайдаланылады:
Өтінемін,  кәсіпорын  өтініш  жасайды,  басшылық  пен  еңбек  ұжымы 
өтініш жасайды, ұсыныс енгіземіз, ұсынамыз, хабарлаймыз, түсіндіреміз, 
мәлімдейміз, т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет