О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет127/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   239
19. Сигнатура: /екі жақтың қойылатын қолы/.
20. Күні: /шартқа қол қойылған күн/.
Еңбек келісіміндегі сигнатура, дата бөліктерінің жазылуы, безендірілуі 
басқа ісқағаздарындағы сияқты.
21. Келісімге қосымша:
Егер келісімге қосымша берілетін құжат немесе мәліметтер болса, ол 
жайында екі жақ қол қоятын жолдан 1 интервал төмен алынып, ескерту 
жазылады.
,
 
1-үлгі
№7 Еңбек келісімі 
Алматы қаласы    
 
                                 7 сәуір, 2009 жыл
«ВЕН»  ААҚ-ның  директоры,  Мамыров  Дәулетқожа  Қуанышбекұлы, 
бұдан былай қарай келісімде «жұмыс беруші» деп аталады, екінші жақтан 
Бизнес экономикасы факультетінің аспиранты Бейсеев Хамит Жәнібекұлы, 
бұдан былай келісімде «жұмысшы» деп аталады.


140
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Жұмысшы  Бейсеев  Хамит  Жәнібекұлы  қазіргі  «ВЕН»  ААҚ-ның  бас 
экономисі болып қабылданды.
Бұл еңбек келісімі – негізгі жұмыс келісімі.
Жұмысшы  уақытша  бос  тұрған  орынға  қабылданып  отырғандықтан, 
келісім шектеулі мерзімге жасалады.
Келісім (18.05.2008) екі мың сегізінші жылдың он сегізінші мамырында 
күшіне  енеді,  (18.05.2010)  екі  мың  оныншы  жылдың  он  сегізінші  мамы-
рында өз күшін жояды.
Жұмысшыға екі апта сынақ мерзімі белгіленеді.
Жұмысшы:
 
Өз міндеттерін мезгілінде және сапалы атқаруға;
 
Еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға;
 
Техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
 
Мемлекеттік құпияны жария етпеуге;
 
Ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.
Жұмыс беруші:
 
жұмысшының осы келісім бойынша белгіленген міндеттерін атқаруы 
үшін қалыпты жағдай жасауға;
 
қазіргі күші бар еңбек заңдары актілерінің орындалуын қамтамасыз 
етуге міндетті.
Жұмысшыға алты күндік жұмыс күні белгіленеді. Толық емес жұмыс 
күніне  көшіру  қосымша  өзара  келісім  негізінде  жүзеге  асырылады. 
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес, жұмысшы 
өз міндетін атқаруға демалыс, мейрам күндері де шақырылуы мүмкін.
Жұмысшы  еңбегі  үшін  «компания»  бірыңғай  тариф  кестесі  негізінде 
жүз  елу  мың  (150000)  теңге  көлемінде  әр  айдың  штат  кестесіне  сәйкес 
еңбекақы белгілейді.
Жұмысшыға жылына бір рет, ұзақтығы он сегіз жұмыс күн мөлшерінде 
ақылы демалыс беріледі.
Келісім мынадай жағдайда тоқтатылады:
 
Екі рет келісім мерзімін ұзартудан бас тартқанда;
 
Кәсіпорын я мекеме таратылған жағдайда;
 
Компанияда қысқарту болған жағдайда;
 
Жұмыс көлемінде қысқарту болған жағдайда;
 
Заңда көрсетілген басқа да жағдайлар негізінде.


141
Орынғазы Әбутәліп
Екі жақ келісімнің барлық шарттарымен келісті. Екі дана етіп жасалған 
еңбек келісімінің әрқайсысының заңдық күші бірдей. Екі жақтың әрқайсы- 
сына бір данадан беріледі.
Жұмыс беруші:                                                       Жұмысшы:
«ВЕН» ААҚ-ның директоры   
 
Х.Бейсеев 
Д.Мамыров 
________________   
 
 
 _____________
Алматы қаласы, 
Гагарин даңғылы, 36


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет