Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар мекеме
жұмысының күнделікті болып жатқан түрлі мәселелеріне байланысты
беріледі. Оған жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, мекеме ішіндегі
басқа жұмысқа ауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу т.б. жөніндегі
бұйрықтар жатады.
Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар мекемеде күтпеген
оқиға болған кездегі іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу, оқиғаға байла-
нысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі. Мұндай бұйрықтар
мазмұнында лауазымды адамдарға жүктелетін міндет анық көрсетіліп,
кей жағдайда оларға қосымша өкілеттік те беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |