3. Жиналыстың (мәжілістің, отырыстың) өткізілген орны мен күні. Жиналыстың өткізілген орнына кәсіпорын я мекеме орналасқан
елді мекеннің атауы мен жиналыстың өткізілген күні жазылады. Мыса-
лы,
Алматы қаласы 2011 жыл, 11 қаңтар Хаттамаға оның жазылған немесе рәсімделген күні, я болмаса төраға
мен хатшының қол қойған күні емес, міндетті түрде жиналыстың
өткізілген күні жазылады. Егер жиналыс бірнеше күнге созылатын бол-
са, онда басталған күні мен соңғы күні көрсетіледі. Мысалы,