«А» нұсқасы
Мен ескіше жыл басы деп есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде ту-
ыппын. Қазақ даласының ең суық жағын жайлайтын біздің елдердің
бірсыпырасы ХХ ғасырдың бас кезінде де қыс айларын киіз үйде
өткізеді екен.
Ол күні жер сілкінбеген, күн түгіл ай да тұтылмаған, есте қаларлық
боран да болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған.
Менсіз де үбірлі-шүбірлі бір қора үйде тағы бір бала туа салған да,
басқа балалардың атына ұйқастыра ат берілген.
Әрине, ол күннен менің есімде қалған еш нәрсе жоқ. Болысым кім,
патшам кім... табым кім, онда менің жұмысым болмауы керек. Кейін
ондайды ұнатпасам да, ол кезде тістеген мен шаққанға да енжар
болған сияқтымын, жылауық болмаппын.
«Ә» нұсқасы
Шыңғыс Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда қырғыз жеріндегі
Шекер ауылында дүниеге келген. Әкесі Төреқұл өте парасатты, пайым-
ды адам болған екен. Төреқұл ел басқару қызметінде болып, 1937-1938
жылдардағы «халық жауы» деген жазықсыз жазаның құрбаны болды.
Кішкентай Шыңғыс бауырларымен бірге көп қиындық көріп өседі.
Ш.Айтматовтың шын мамандығы – табиғат сыйлаған жазушылық
өнер. Ол осы өнерін жетілдіру үшін М.Горький атындағы Әдебиет инс-
титутында оқиды. Шыңғыстың 1956 жылы жазылған «Жәмила» хи-
каясы бірден жұрт назарын аударып, көп ұзамай орыс тіліне, іле-шала
Парижде француз тілінде жарық көріп, жас суреткердің есімін әлемге
паш етті.
Бұл күнде Шыңғыс Айтматовтың есімі дүниежүзіне мәшһүр.
Шыңғыс ең көп аударылған қаламгерлердің бірі. Жазушы бейне-
леген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем
халықтарына тән мінезбен, адамзаттық болмыспен бірігіп жатқан
бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды.
18
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
«Б» нұсқасы
Мен, Сұлтанова Әлия Айханқызы, 1964 жылы 20 сәуірде Талдықорған
облысы Ақсу ауданының Қызылтаң ауылында тудым. Ұлтым – қазақ.
Әкем – Сұлтанов Айхан, орта мектепте мұғалім, шешем – Омарова
Гүлсім, ауылдық ауруханада дәрігер.
1981 жылы Ақсу ауданы І.Жансүгіров атындағы орта мектепті
бітіріп, Қыздар педагогикалық институтының филология факультетіне
оқуға түстім. 1986 жылы үздік бітіріп, қазақ тілі мамандығы бойын-
ша аспирантураға қабылдандым. 1989 жылы оқытушылық қызметке
аталған институтқа қалдырылдым.
1995 жылы «Шырай категориясы» тақырыбында кандидаттық
диссертация қорғадым.
Тұрмыстамын, жолдасым – Омаров Серік Бекұлы, 1961 жылы
туған, «Алматықұрылыс» акционерлік бірлестігінде бөлім меңгерушісі.
Ұлым – Омаров Нұрлан Серікұлы, 1992 жылы туған, №34 гимназия
оқушысы.
Мекенжайым:
Алматы қаласы, Манас көшесі, 21 үй, 2 пәтер. Үй тел: 2-40-41-47.
19
Орынғазы Әбутәліп
Достарыңызбен бөлісу: |