4-cабақ
РЕСМИ ІСҚАҒАЗДАР СТИЛІ
Анықтамасы:
«Стиль» – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері»
дегенді білдіреді. Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын
зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу норма-
сын көздейді.
Қазақ әдеби тіл стильдері:
1. Ауызекі сөйлеу стилі
2. Көркем әдебиет стилі
3. Публицистикалық стиль
4. Ресми ісқағаздар стилі
5. Ғылыми стиль
1. Ауызекі сөйлеу тілі стилі
Орны:
күнделікті қарым-қатынас
Мақсаты:
тіл табысу
Сипаты:
қарапайым
Тілдік құралы: одағай, оқшау сөз
2. Көркем әдебиет стилі
Орны:
көркем шығарма, айтыс, спектакль
Мақсаты:
адамның сезіміне әсер ету, образды ойлауға үйрету
Сипаты:
образды, көркем
Тілдік құралы: ауыспалы мағыналы сөздер, троптар, теңеулер,
эмоционалды-экспрессивті сөздер
3. Ресми ісқағаздары стилі
Орны:
ресми ісқағаздары, ресми кездесулер
Мақсаты:
іскерлік қарым-қатынасты дамыту, нақты мағлұмат
беру
Сипаты:
қысқа да нұсқа
Тілдік құралы: ресми сөздер, тура мағыналы сөз, кәсіби сөздер,
терминдер, қалыпты тіркестер
Достарыңызбен бөлісу: |