11. Сайланбалы органдарға қатысуы: бұл тармақта егер жеке іс
парағын толтырушы республикалық, облыстық, қалалық, аудандық т.б.
сайланбалы органдарға депутат болып сайланған жағдайда толтырыла-
ды. Қатыспаған болса, қатысқан жоқпын деп жазылады.
12. Мемлекеттік марапаттар: бұл тармақты марапатталғандар ғана
толтырады. Бұл тармақта қашан және немен марапатталғаны көрсетіледі.
Марапатталмаған болса, марапатталған жоқпын деп жазылады.
13. Әскери қызметке қатысы: бұл пунктте, ең алдымен, әскери
қызметке міндетті немесе міндетті еместігі жазылады.
Мысалы, әскери қызметке міндеттімін, әскери қызметке міндетті
емеспін. Егер әскери қызметке міндетті болса, бұдан кейін әскери атағы,
командалық, саяси, әкімшілік, техникалық құрамы, әскер түрі жазылады.
Мысалы, Алматы қаласы Калинин аудандық әскери комиссариат-
тан берілген әскери билет НС №3361048. Құрамы: сержант. Әскер
түрі: командалық.
Достарыңызбен бөлісу: |