14. Жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы: бұл
пунктте әйел адамдар сол кездегі жағдайына сәйкес тұрмыстамын,
тұрмыста емеспін деп, ал ер адамдар: үйленгенмін, үйленбегенмін
деп көрсетеді. Отбасы мүшелері туралы жазылатын тармақта өз отбасы
болса, жолдасының, балаларының аты-жөні және туған жылы, ал жеке іс
парағын толтырушы қызметкер үйленбеген немесе тұрмысқа шықпаған
болса, ата-анасының, туған бауырларының аты-жөні, туған жылы жазы-
лады.
Мысалы, Жолдасым – Асқаров Жәнібек Оралұлы 1962 жылы туған,
Ұлым – Асқаров Айдын Жәнібекұлы 1990 жылы туған,
Қызым – Асқарова Айсәуле Жәнібекқызы 1992 жылы туған т.б.
15. Жеке іс парағының соңына да толтырушының мекенжайы, үй те-
лефоны, толтырылған күні көрсетіліп, қолы қойылады.
Мысалы, Алматы қаласы, Ақсай-1 ықшамауданы, 4 үй, 34 пәтер.
Достарыңызбен бөлісу: |