О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет78/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   239
Байланысты:
is-kagaz Abutalip (1)

1-үлгі
Кепілдеме
Оңғарбаева Әсем 1989 жылы, 16 наурызда Алматы қаласында туған. 
Білімі – жоғары. Ұлты – қазақ. ҚР азаматы.
2006  жылы  Қазақстан-Британ  техникалық  университетінің  Қаржы-
экономика факультетіне оқуға түсті. Қазір екінші курста оқиды. 
Оңғарбаева  Әсемнің  адамгершілік  қасиеті,  адамдармен  тіл  табысу 
қабілеті,  жауапкершілігі  өте  жоғары.  Әсем  өзіне  тапсырылған  қандай 
жұмысты  да  шығармашылықпен  атқарады.  Өзінің  таңдап  алған 
мамандығын  жақсы  көреді.  Қазақ  тілі  сабағында  «Менің  мамандығым 
Отаныма қандай пайда әкеледі?» деген тақырыпта «тұсаукесер» жасады. 
Осы жұмысты атқару барысында әлемдік экономиканың тарихына, бүгінгі 
күніне  шолу  жасап,  өз  еліміздің  экономикасын  дамыту  үшін  қандай  іс-
шаралар жасауға болатынын, әр азаматтың оған қосар үлесін, кейін маман 
болып шыққанда нақты қандай жұмыстарды атқаратынын дәлелдер келтіру 
арқылы баяндады.


81
Орынғазы Әбутәліп
Әсем  –  өз  Отанын  жанымен  сүйетін  патриот.  Өз  елінің  мемлекеттік 
рәміздерін,  яғни  Елтаңбасын,  Туын  және  мемлекеттік  тілін  қадірлейді. 
Қазақ халқының тарихын, мәдениетін, әдебиетін жақсы білуді азаматтық 
парызым  деп  санайды.  Әсемнің  ұлы  жазушы  М.Әуезовтің  «Абай  жолы» 
роман-эпопеясы  бойынша  жасаған  «өздік  жұмысы»  топтастарының 
көңілінен  шығып,  үлкен  баға  алды.  Осы  шағын  ғылыми  жұмысын 
қорғау  барысында  Әсемнің  азаматтық  тұлғасы  айқын  көрінді.  Әлеммен 
Қазақстанды  теңестіретін  күш  –  рухани  мұра  екенін,  қазіргі  жастардың 
ұлттық  құндылықтардан  алыстап  бара  жатқандығының  аяғы  үлкен 
қиындыққа апаратынын жан-тәнімен сезініп, жастарды ізгілікке шақырды. 
Әсем өз ойын қазақша, орысша, ағылшынша еркін жеткізе алады. Жұрттың 
алдына шығып сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, өзін еркін ұстайды.
Қорыта  айтқанда,  Оңғарбаева  Әсемді  Қазақстан  үшін  жан-тәнімен 
еңбек  ете  алатын,  тәуелсіз  еліміз  үшін,  оның  экономикалық,  рухани 
дамуына үлес қосатын студент деп бағалаймыз.
Оңғарбаева Әсемнің келешекте Қазақстан экономикасын өркендетуге 
үлес қосатынына, ел сенімін ақтайтынына кепілдік беремін.
Кепілдеме беруші:
ҚБТУ, Қазақ және орыс 
тілдері кафедрасының 
ассоциативтік профессоры, п.ғ.д.
1 маусым, 2010 жыл _____________________________ 
К. Құрманбай



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет