О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


КЕПІЛДЕМЕ   Анықтамасы: Кепілдеме  дегеніміз  –  жеке  адам  туралы  өз  саласындағы  кәсіби



Pdf көрінісі
бет76/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   239
КЕПІЛДЕМЕ

 Анықтамасы:
Кепілдеме  дегеніміз  –  жеке  адам  туралы  өз  саласындағы  кәсіби 
шеберлігін, жеткен жетістіктерін сипаттай отырып жазылатын 
ісқағазының бір түрі. 
Кепілдеме – жалпы құрылымы жағынан мінездемеге ұқсас құжат. 
Ортақ белгілері:
1)   екеуі де жеке адам өміріне қатысты құжат.
2)   екеуі де басқа біреулер тарапынан жазылады.
3)   құрылымы бірдей.
Айырмашылықтары:
Кепілдемеде жеке адамның іскери қасиеттерін жеткен жетістіктеріне 
байланысты  ұсыныс  жасалады,  кепілдік  береді,  ал  мінездемеде  жеке 
адамның мінез-қасиеттеріне көп көңіл бөлінеді.
Кепілдеме және ұсыныс хат жалпы мақсаты жағынан бір құжат болып 
есептелінеді.
Кепілдеменің  түйінді  сөзінде:  «ұсынамын»,  «кепілдік  беремін», 
«кәміл сенемін» деген сөздер жазылады.
Кепілдеме және ұсыныс хат біреуді ұсыну мақсатында жазылады.
Барлық кепілдемелерге мекеме мөрі басылады.
6
 Құрылымы:
1. Құжаттың атауы.
2. Негізгі мәтіні:
а) аты-жөні, туған жері, туған күні, айы, жылы, ұлты, азаматтығы;
ә) білімі, бітірген оқу орындары;
б) қызмет істеген жылдары, қызмет орны;
в) кәсіби біліктілігі (өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қатысы);
г)  жеке  басының  мамандығына  қатысты  іскери  қасиеттері,  жеткен 
жетістіктері.
3. Қорытынды.
4. Кепілдемені талап етуші ұйымның атауы.
5. Кепілдеме берушінің қызметі, аты-жөні, қолы.
6. Кепілдеме берілген күн, ай, жыл.
Ескерту!
Кейбір  жағдайларда  кепілдеменің  жоғары  жағында  мекеменің 
фирмалық  белгісі  (логотипі)  көрсетілген  арнайы  бланкілерде  де  жазы-
лады. Мұндай бланкінің әр данасы есепте тұрады. Мекеме басшысының 
қолымен расталады.


80
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет