О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет90/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   239
1. Бас сенімхат.
2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.
3. Арнайы сенімхат.
1.  Бас  сенімхат  дегеніміз  –  белгілі  бір  тұлғаға  толықтай  құқық 
беретін  құжат.  Мысалы,  көлік жүргізуде  көлік иесімен  бірдей  құқықта 
болады, яғни көлікті сатуға, айырбастауға, сыйға беруге т.б. болады.
2.  Жалпы  жағдайда  қолданылатын  сенімхат  дегеніміз  –  әртүрлі 
іс-әрекеттер  орындауға  белгілі  бір  мерзімге  ғана  құқық  беретін  құжат. 
Мысалы, көлікті жүргізуге ғана, пәтерді уақытша пайдалануға т.б. бола-
ды.
3. Арнайы сенімхат дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығында сенім 
білдірушінің атынан қандай да бір іс-әрекеттер орындауға құқық беретін 
құжат. Мысалы, мекеме басшысының іссапарға кетуіне немесе басқа да 
жағдайлармен байланысты өз құқығын орынбасарына уақытша беруі.
6
 Құрылымы:
1. Құжат атауы;
2. Күні, айы, жылы, жасалған орны (қаласы); 
3.  Сенімхат  беруші  туралы  толық  мәлімет  (аты-жөні,  мекенжайы, 
жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені); 
4. Сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-
жайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені);
5. Берілген құқық немесе алынған зат туралы мәлімет;
6.  Сенімхаттың  жарамдылығы  (cенімхаттың  қандай  мерзімге  дейін 
күшін сақтайтыны туралы);
7. Сенімхат берушінің қолы;
8. Нотариалдық кеңсенің жазбасы;
9. Нотариустың аты-жөні, қолы, мөрі. 
Сенімхат өз күшін мынадай жағдайда жоғалтады:
1.  Сенімхат мерзімі аяқталғанда; 
2.  Сенім білдіруші сенімхат күшін тоқтатқанда;
3.  Сенімхат берілген тұлға сенімхаттан бас тартқанда;
4.  Сенімхат берушінің өлімінен кейін немесе еңбекке жарамсыз 
болғанда;
5.  Сенімхат берілген тұлғаның өлімінен кейін немесе еңбекке жа-
рамсыз болғанда.


99
Орынғазы Әбутәліп



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет