8. Сынақ мерзімі: Егер жұмысшы сынақ мерзімімен қабылданатын болса, онда оның
мерзімі көрсетіледі.
Сынақ мерзімі күнмен де, аптамен де көрсетіле береді. Мысалы:
Жұмысшыға екі апта сынақ мерзімі белгіленеді. / Жұмысшы үш ай сынақ мерзімімен қабылданды. 9. Жұмысшының міндеттері: Мұнда жұмысшының кәсіптік міндеттері және оның қандай құжат
(бұйрық, нұсқау т.б.) негізінде жүзеге асырылатындығы атап көрсеті-
леді.
137 Орынғазы Әбутәліп Мысалы:
– жұмысшы өз міндеттерін мезгілінде және сапалы атқаруға; – келісімнің 1.3 пунктінде айтылған еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға; – техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға; – мемлекеттік құпияны жария етпеуге; – ішкі еңбек тәртібі ережесіне бағынуға міндетті.