О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет117/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   239
Байланысты:
is-kagaz Abutalip (1)

ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ

 Анықтамасы:
Еңбек келісімі – тараптардың еңбек құқығы қатынастары тура-
лы келісімді реттейтін құжат.
Еңбек  келісімі  екі  жақтың  (әдетте  «жұмыс  беруші»  және 
«жұмысшы» деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде 
алу туралы заңмен рәсімделген келісімі жазылатын ісқағазының бір 
түрі.
Жеке еңбек келісімі «жұмыс беруші» және «жұмысшы», ал ұжымдық 
еңбек  келісімі  «жұмыс  беруші»  мен  «жұмысшылар  тобы»  арасында 
еңбек қатынасын реттейтін құжат. 
Келісімге отыратын жұмысшылар мынадай категорияларға бөлінеді:

Тұрақты түрде жұмыс істейтіндер;

Уақытша жұмыс істейтіндер;

Негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс істейтіндер;

Қоса атқарушылық бойынша жұмыс істейтіндер.
Еңбек  келісімі  жазбаша  түрде  жасалуы  тиіс.  Бұл  екі  тарап  үшін  де 
келісім шарттарын орындаудың кепілдігі болып табылады.
Аталған  міндеттемелерді  нақты  анықталған  шарттар  негізінде 
уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баянда-
лады. Басқа кез келген құжат еңбек келісімінің де өзіндік құрылымы мен 
мазмұны, рәсімдеу ережелері бар.
Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған 
келісімнің  кейбір  шарттары  (міндеттер  мазмұны,  еңбекақы  мөлшері, 
жұмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға ұйым 
әкімшілігінде  белгіленген  тәртіп  бойынша  қаралған  жұмысшы  өтініші 
негіз болады.
Еңбек келісімі 2 дана етіп жасалынады. Оған «жұмыс беруші» мен 
«жұмысшының»  қолы  қойылып,  мөрмен  куәландырылады.  Оның 
бірі  –  мекемеде,  екіншісі  –  жұмысшыда  сақталады.  Мекеме  мөрімен 
куәландырылады.
6
 Құрылымы:
1.  Құжат атауы.
2.  Келісімнің жасалған орны мен күні, айы, жылы.
3.  Екі тараптың толық және шартты атауы.
4.  Жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті біліктілік 
дәрежесі.


135
Орынғазы Әбутәліп
5.  Келісім типі (негізгі жұмыс, әлде қосымша істелетін жұмыс).
6.  Келісім түрі (шектеулі мерзімге ме, әлде ұзақ уақытқа ма).
7.  Келісімнің  уақыты,  мерзімі  (шектеулі  мерзімге  жасалған  келісім 
үшін).
8.  Сынақ мерзімі.
9.  Жұмыс берушінің міндеттері мен құқықтары.
10.  Жұмысшының міндеттері мен құқықтары.
11.  Жұмысшының  еңбек  құқын  қорғауға  қосымша  кепілдік  беретін 
мағлұмат.
12.  Еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет.
13.  Ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы 
мәлімет.
14.  Демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет.
15.  Келісім  бойынша  атап  өтілетін  ерекше  жағдайлар  (келісім  кей 
кезде бұзылуы я болмаса, қайта қаралуы мүмкін).
16.  Келісім тоқтатылатын жағдай атап көрсетіледі.
17.  Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері.
18.  Екі жақтың қойылатын қолы (сигнатура).
19.  Келісімге қол қойылған күн.
20.  Келісім қосымшасы (егер бар болса).
Енді еңбек келісімінің жазылуына нақтылай тоқталайық.
1. Құжат атауы:
Құжаттың толық атауы мен нөмірі парақтың жоғарғы шетінен 3-5 ин-
тервал қалдырылып, орта тұсына үлкен әріптермен жазылады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет