№4 ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ
2. Келісімнің жасалған орны мен күні:
Елді мекеннің аты мен типі, келісім жасалған күн, ай және жыл
көрсетіледі. Құжат атынан бір интервал төмен елді мекеннің атауы сол
жаққа, дата оң жаққа жазылады. Мысалы:
Алматы қаласы 23 қазан 2000 жыл
3. Екі жақтың толық және шартты атауы:
Келісім жасаушы екі жақтың әрқайсысының ресми атауы және
келісімде алынған шартты атауы жазылады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев
атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті атынан универ-
ситет ректоры профессор Е.Н. Нүсіпов, бұдан былай қарай келісімде
«жұмыс беруші» деп аталады, екінші жақтан техника ғылымдарының
кандидаты А.Бердібеков бұдан былай қарай келісімде «жұмысшы» деп
аталады.
136
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |