154
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
ç
Тапсырмалар:
1. Алматы қаласындағы мектептерге 2010 жылдың 20 мамырында
қалалық «Жыл мұғалімі» мұғалімдер сайысы өтетіндігі туралы ресми
хат жолдаңыз.
2. Қалалық Ішкі істер басқармасының Жасөспірімдердің ісі
инспекциясының инспекторы атынан мектеп директорларына қаладағы
криминогенді жағдайды ескеріп, 2-ауысымның оқушыларын сабақтан
қараңғы түспей босатуын сұрап, ресми хат үлгісін жазыңыз.
3. Сіздің фирмаңыз туралы жалған ақпарат берген жергілікті газеттің
бас редакторының атына айтылған фактілерді жоққа шығаратын дерек-
тер келтіріп, келесі газет санында кешірім сұрауын талап етіп, ресми хат
үлгісін жазыңыз.
5. Әскери бөлім басшысы атынан үлгілі азамат тәрбиелеп өсірген
Ұланның ата-анасына ресми түрде алғыс білдіріп хат үлгісін жазыңыз.
6. «РАДиАЛ» жекеменшік баспасының бас редакторының атынан
сұранысы жоғары әдебиеттерді қайта басатынын мәлімдеп, авторларға
ресми хат үлгісін жазыңыз.
7. «Үздік іскер адам» сайысын ұйымдастырған Қазақстан Республика-
сы Іскер адамдар бірлестігі президентінің атынан жеңімпаз атанған «Ал-
маты маргарин зауыты» АБ-ның директорына сайыс қорытындысының
салтанатты кешінің күнін хабарлап, ресми хат үлгісін жазыңыз.
h
Сөздік және сөз тіркестері:
ресми хат
–
официальное письмо
жіберілсін
– отправить
өткізілсін
– проводить
осыған
орай
– в
связи с этим
жеңімпаз туралы
– о победителе
толық
ақпарат
– подробная информация
білім департаментіне – в департамент образования
қатысуға
міндетті
– должен присутствовать