КЕПІЛДЕМЕ
Анықтамасы:
Кепілдеме дегеніміз – жеке адам туралы өз саласындағы кәсіби шеберлігін, жеткен жетістіктерін сипаттай отырып жазылатын ісқағазының бір түрі. Кепілдеме – жалпы құрылымы жағынан мінездемеге ұқсас құжат.
Ортақ белгілері:
1) екеуі де жеке адам өміріне қатысты құжат.
2) екеуі де басқа біреулер тарапынан жазылады.
3) құрылымы бірдей.
Айырмашылықтары:
Кепілдемедежеке адамның іскери қасиеттерін жеткен жетістіктеріне
байланысты ұсыныс жасалады, кепілдік береді, ал мінездемеде жеке
адамның мінез-қасиеттеріне көп көңіл бөлінеді.
Кепілдеме және ұсыныс хат жалпы мақсаты жағынан бір құжат болып
есептелінеді.
Кепілдеменің түйінді сөзінде: «ұсынамын», «кепілдік беремін»,
«кәміл сенемін» деген сөздер жазылады.
Кепілдеме және ұсыныс хат біреуді ұсыну мақсатында жазылады.
Барлық кепілдемелерге мекеме мөрі басылады.
6
Құрылымы: 1. Құжаттың атауы.
2. Негізгі мәтіні:
а) аты-жөні, туған жері, туған күні, айы, жылы, ұлты, азаматтығы;
ә) білімі, бітірген оқу орындары;
б) қызмет істеген жылдары, қызмет орны;
в) кәсіби біліктілігі (өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қатысы);
г) жеке басының мамандығына қатысты іскери қасиеттері, жеткен
жетістіктері.
3. Қорытынды.
4. Кепілдемені талап етуші ұйымның атауы.
5. Кепілдеме берушінің қызметі, аты-жөні, қолы.
6. Кепілдеме берілген күн, ай, жыл.
Ескерту! Кейбір жағдайларда кепілдеменің жоғары жағында мекеменің
фирмалық белгісі (логотипі) көрсетілген арнайы бланкілерде де жазы-
лады. Мұндай бланкінің әр данасы есепте тұрады. Мекеме басшысының
қолымен расталады.