О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет77/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   239
Байланысты:
is-kagaz Abutalip (1)

Құжаттың атауы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай 
үлкен әріптермен жазылады. 
Негізгі  мәтінде  атқарып  жүрген  қызметін,  өз  мамандығын 
қаншалықты  меңгергендігі,  кәсіптік  білім  деңгейі,  біліктілігі,  қызмет 
бабында  жеткен  жетістігі  жазылады.  Әріптестерімен  карым-қатынас 
жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы жазылады. 
Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерттеу 
жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастыру 
қабілеті де кіргізіледі.
Кепілдеменің қорытынды бөлімінде: 
1.  «Жоғары  оқу  орнының  үздік  оқытушысы»  байқауына  қатысуға 
лайық тұлға, кәсіби біліктілігі жоғары маман деп санаймын. 
2. Елбасының ұсынысымен тағайындалған «Болашақ» стипендиясы 
бойынша шетелде білім алуға лайық деп сенім білдіремін деген түйінді 
сөздер қолданылады.
Кепілдемеде талап етуші ұйымның ресми атауы толық көрсетіледі. 
Кепілдеме  беруші  туралы  мәліметке  кепілдеме  берушінің  аты-жөні, 
ресми қызметі, дәрежесі жазылады.
Барлық кепілдемелерге мекеме мөрі басылады.
Кепілдеме ресми стильде, еркін түрде жазылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет