Ө.Сахипов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің
кәсіптік бағдар беру анықтамасы.
Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру.
Кәсіптік бағдар беру дегеніміз — педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.
Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соңтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:
-оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;
- кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;
- мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;
-оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Ө.Сахипов атындағы жалпы орта білім беретін мектебімізде кәсіптік бағдар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл басында 9-11 оқушыларына кәсіптік бейімдеу жұмысының жоспары құрылды.Жыл басынана бері мектебімізге ЖОО мен колледждерден, «Жас Отан» жастар қанаты тарапынан арнайы мамандар келіп, мамандықтар туралы бағыт бағдар берді.Оқу орындары оқушыларымызға қазіргі таңдағы қажетті мамандықтар мен мамандық таңдаудағы негізгі кездесетін жағдайларға,дұрыс бағыт алу және де дұрыс мамандық таңдау керектігін, қазіргі таңда қандай мамандықтар сұраныстарға ие екендігін басты назарда ұстап, түсініктемелер берді.Мектебімізде кәсіптік бағдар бойынша ақпарат бұрыштары жаңартылып отырады. Жоспар бойынша мектеп психологы М.Даулетова мектеп бітіруші түлектеріне түрлі психологиялық сауалнамалар мен оқушыларымыздың болашақта қандай маман иесі болатындығы туралы сараптамалар жасады. 9-11 сынып мұғалімдері Б.Утебалиева, Д.Джапарова, Г.Утегенова сынып папкалары жүргізілген. Сынып жетекшілердің мамандық таңдау бағытындағы жұмыстарында, сынып тізімі, жоспар, алдағы уақытта қандай оқу орындарын таңдады сол бойынша сауалнамалар, 9 сыныптар бойынша «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында шығармалар жазып салынған.
Жоспар бойынша информатика пәнінің мұғалімдері Г.Батырхайрова мен Н.Темиргалиев 9 сыныптар арасында «Мамандық әлемі» компьютер сайыстар мен «Мамандықты таңдау табысты өмірдің кілті» тақырыбында пікірталас өткізді.
Мектебімізге төменде аталған ЖОО мен колледждері кәсіптік бағдарлар беру жұмыстарын жүргізді.
1. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті
2. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
3. Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі
4.Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі
Сәуір айында жоспар бойынша ата-аналармен, ЖОО мен колледждардың қатысуымен «Ашық есік» күні өтті.
Әл-Фараби : «..... адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір де шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады.» - деп айтқан екен.Сондықтан құрметті оқушылар түлектерімізге бағыт бағдарлар берудеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |