Өазақстанда өндірілетін металдар мен бейметалдар


Висмут қорғасынды, мырышты және мыс кендерінде кездеседі. Сураманың бірден бір кен орны (Торғай) Акмола облысында орналасқан. Сынап



бет4/5
Дата15.04.2023
өлшемі120,72 Kb.
#82847
1   2   3   4   5
Байланысты:
Презентация по химии на тему "Қазақстанда өндірілетін металдар мен бейметалдар"

Висмут қорғасынды, мырышты және мыс кендерінде кездеседі. Сураманың бірден бір кен орны (Торғай) Акмола облысында орналасқан.
Сынап Шар ауданында, Шу, Іле және Жоңғар Алатауында табылған.
Мышьяктың негізгі қоры алтын кен орындарында орналасқан.
Кадмий Кенді Алтайда, Сарыарқа мен Қаратауда таралған. Оның қоры қорғасынды-мырышты, мысты кен орындарында орналасқан. Кадмийді концентраттардан өндіреді.
Галий Амангелді және Торғай бокситінде, Алтайдың полиметалл кендерінде кездеседі.
Индий Мырғалымсай, Текелі, Майқайыңның полиметалл кендерінен алынады.
Рений Жезқазғанның мыс кендерінен табылған.
Талий Алтай кендерінен (Лениногорск, Зыряноск, Ертіс маңы), Сарыарқа (Жайрем, Ақжал, Ұзынжал, Қарағайлы), Жезқазған және Қоңырат кен орындарынан алынады.
Селен мен теллур Кенді Алтай, Маңайының, Шыңғыс тауының полиметалл кендерінен, Саян, Қоңырат, Бозшакөлдің, Шатыркөл, Жезқазған және т.б. мысты кендерінен алынады.
Сирек металдардың қасиеттері мен алыну технологияларын меңгеруде үлкен еңбек сіңірген ғалым, ССРО-ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Е.А. Букетов.
Қазақстанның үлесіне уранның дүниежүзілік қорының 25,7 проценті тиеді (3,5 млн. тоннаның 900 мың тоннасы). Уран кен орындары Созақ ауданында, Маңғышлақта, Қордайда, Атбасар ауданында және Көкшетаудың бірқатар ауданында орналасқан.
Қазақстан рудалы емес пайдалы қазбаларга да бай. Калий тұздары маңызды химиялық және агрохимиялық шикізаттық ресурстардың бірі болып табылады. Калий тұздарының қоры республикамыздың батыс бөлігінде, Жайық—Жем аймағында орналасқан.
Полиметаллдық кендермен әдетте серіктес болатын барит қоры Жалайыр, Бадам, Шығанақ және т.б. кен орындарынан табылған. Жыл сайын полиметаллдық кендерден 1,1—1,2 млн. тонна флотациялық бариттік концентрат өндіріледі.
Фосфориттерінен Қаратау баурайы (барланған кен орны бар) және Ақтөбе тобы (8 кен орны бар) бай. Қаратаудың фосфаттық кенінің сапасы жоғары Р2О5 үлесі 23-26, кейде 30%, ал Ақтөбелік фосфорқорытпа 6,1—14,1%-ға дейін ғана.
Күкірт темір және полиметалл кендерінде кездеседі.
Шығыс Қазақстанда жыл сайын полиметаллдық кендерден 700 мың тоннаға дейін күкірт қышқылы өндіріледі. Ақтөбенің маңынан күкірт кен орны табылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет