Флориттің айтарлықтай бай қоры Оңтүстік және Шығыс Тасқайнарда табылған.
Ac тұзы 20 көл мен 2 кен орнында өндіріледі. Қазақстанда жылына 1 млн. тоннаға жуық тұз өндіріледі. Ол Қазақстанның, Орта Азия республикаларының және Батыс Сібірдің сұранысын толық қамтамасыз етеді. Индердің тастұзы, Жамантұз және Тайқоңырдың тұздары сода өнеркәсібінде қолданылады.
Синтетикалық каучук, кальций карбидін өндіру әктастың есебінен жүзеге асырылады.
Жетіқара асбест кен орны Қазақстандағы ірі кен орындарына жатады. Асбест талшығының қоры Хантау және Ешкіөлмес кен орындарында бірнеше миллион тоннадан асады.
Каолин кен орындары Ақмолада, Қаражігіт, Қордай, Алексеевка, Елтай және т.б. жерлерде. Олардың негізінде Алексеев каолин комбинаты жұмыс істейді.
ЬІстыққа төзімді саз Амангелді, Арқалық, Май кен орындарында өндіріледі.
Доломит Алексеев, Қарабауыр, Сарықұм кен орындарынан шығарылады.
КварциттерЕрейментау, Тектұрмас, Мұғалжар, Жаңа Осакаровск кен орындарында өндіріледі.
Цемент шикізатының 37 ірі кен орны бар. Олар-М11-ішінде Қазығұрт, Састөбе және т.б. атауға болады. Бұл кен орындарының негізінде Қазақстанірі цемент зауыттары жұмыс істейді. Америкалық шикізат Ақмола, Қапшағай, Көкшетау фосфор зауыттарының, Ақмола керамика комбинаттық қажеттілігін қамтамасыз етеді. Көктөбе Төрген кен орындарын атауға болады.
Шыны өндірісіне жарамды құм Мұғалжар, Қалқан және Каратөбе кен орындарында өндіріледі.
Қазақстанда қоры 11 кен орнында шоғырланған.
Қазақстанда мрамор мен гранит кездесетін мыңнан астам кен орындары бар. Алматы, Екібастұз, Теміртау, Ақмола және т.б. комбинаттарындағы мрамор өндірісі 20 мың куб метр және гранит 32 мың куб метр құрайды.
Өскемен зауытында минералдың мақта өндірісінде фосфорит, туф, базальт қолданылады.
Құрылыста пайдаланылатын құмның қоры 88 кен орындарында шоғырланған. Силикаттың кірігіш өндіруге 32 кен орнының құмы, кәдімгі өндіруге 121 кен орнының құмы қолданылады.
Казақстанда барлық өнеркәсіп салаларының жедел дамуына қажетті минералдық-шикізат ресурстары жеткілікті.