2. Жырдың сюжеті. Жырдың негізгі тақырыбы – халықтың ғасырлар бойы армандаған мұраты – жастардың бас бостандығы. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры – Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп, Қарабайдың өтініші бойынша Сарыбай буаз маралды атқанда, ішінен егіз лақтың шығуымен басталады. Бұған шыдай алмаған Сарыбай сол жерде қаза табады. Сарыбай мен Қарабай балалары дүниеге келмей тұрып, «еже-қабыл» – белқұда болып қойған, яғни дүниеге келмеген балаларды атастырып қойған. Қарабай жырда сараң, қараниетті адам болып суреттеледі. «Жетім ұлға қызымды бермеймін» деп елінен ауа көшкен Қарабай қылығы оның бітім-болмысын айқындай түседі. Қарабай, Қодар, Сасан би – жырда тек жамандық иелері болып суреттелсе, Тайлақ, Айбас, Қозылар оларға қарама-қарсы жақсы жақтарымен ерекшеленеді. Жыр осы қараниетті адамдардың Қозыға у беріп өлтіруімен аяқталады.
3. Жырдың композициясы және көркемдігі. Басталуы: Екі байдың достығы
Дамуы: Сарыбайдың ажалы
Шиеленісі: а)Уәдесін жұтқан Қарабай
ә)Мал үшін Қодарға атастырылған Баян
б)Қалыңдығын іздеп шыққан Қозы
Шарықтау шегі: Көсемсарының ажалы
Шешімі: Қодардың өлімі
4. Жырдың кейіпкерлері, яғни персонаждары Қозы — бастапқы кейіпкер. Ол алдынан шыққан қиыншылықтарға қарамастан, өз сезіміне берік болып, шынайы махаббаттың бар екендігін дәлелдейді.
Баян — ақылына көркі сай Баян сүйгеніне ешкімді ауыстырмайтын, өзінің антына берік, өз сезімі үшін күресе білетін жағымды кейіпкердің бірі.
Қодар — Қозы мен Баянның арасына түскен жағымсыз образдың бірі . Махаббат оқиғасында әрқашанда екі ғашықтың арасына түсетін жағымсыз кейіпкер.
Сарыбай — Қозының әкесі. Ол өте батыл, ақылды, қайсар адам.
Қарабай — бүкіл зұлымдықтың иесі, ол жырдың өң бойында қара ниетті, сараң, ойлайтыны тек бас пайдасы, есіл-дерті тоқсан мың жылқысы. «Қарабай» деген есімі оны толық мінездеп, әрі бағалап тұр: қарау, пасық, арам жан деген мағыналарды береді. Қарабайдың мінез-құлқы, пиғылы, іс-әрекеті мұны толық дәлелдейді.
Айбас — жырдағы өте ұнамды кейіпкердің бірі. Қозы Көрпеш ер жеткенде Баян сұлудың бірінші рет барып көргені Қозының ағасы Айбас.
Ай мен Таңсық — Қарабайдың асырынды қыздары.