Областной учебно-методический кабинет организаций дошкольного, общеобразовательного



Pdf көрінісі
бет128/302
Дата06.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#14200
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   302
Байланысты:
Биология факульт курсы

Халық  тәжірибесі 
Шаш селдіремесін, тартымды күйінен таймасын десеңіз, халықтың мына 
тәжірибесіне, ақыл-кеңесіне назар аударыңыз: 
*  Бас  теріңізге  массаж  жасап  тұрыңыз.  Сонда  құйқадағы  қан  айналымы, 
шаштың ӛсуі жақсарады. 
*  Шашты  су  күйінде  тарамаңыз,  фен  қолданып  жатқызуға,  сәнденуге 
әдеттенбеңіз.  Ӛз  түсінен  күңгірт  түске  боямаңыз,  ол  Сізді  жасыңыздан 
әлдеқайда есейтіп кӛрсетеді. 
*  Бальзам,  кондиционер  тәрізді  заттарды  кӛп  пайдалануға  әуестенбеңіз. 
Басыңызды қышқылы орташа, жұмсақ сұйық сабынмен жуыңыз. 
* Шашыңызды кез келген сусабынмен, иіссабынмен жуа бермеңіз. 
*  Шаштың  жылтыраған,  табиғи  қалпын  сақтау  үшін  алдымен  оны  таза 
ұстау  керек.  Егер  ол  кір  болса,  шаштың  ӛңі  болмайды  әрі  бас  терісінде 
әртүрлі микроорганизмдер жиналуы мүмкін. 
*  Басты  аптасына  бір  рет  жуған  жӛн.  Шаң-тозаңы  кӛп  жерлерде  жұмыс 
істейтіндер  аптасына  2-3  рет  жууына  болады.  Бірақ  жуу  жиілеп  кеткен 
жағдайда  шаш  құрғап,  сынуға  бейім.  Сондықтан  шашты  аранулы 
майлармен  сылау  керек.  Сылау  ұзын  шашқа  тән,  қысқа  шаш  ӛзі-ақ  тез 
майланады. 
*  Шашты  жұмсақ  сумен,  әсіресе,  жаңбырдың,  қардың  суымен  немесе 
қайнатылған сумен жуған жақсы. Кейбір қайнамаған жай суға жуса, сабын 


94 
 
кӛпірмей, бастың кірі ашылмайды. Суды жұмсарту үшін бір литр суға бір 
шай қасықтан асырмай борлы қышқыл натрийді араластырады. Мұнымен 
жуып болған соң, басты бір литр суға бір ас қасық сіркесуын қосып шаяды. 
Қазір шаш жуу үшін әдеттегі сабыннан гӛрі сұйық сабын жиі қолданылып 
жүр.  Сусабынды  шаштың  қасиетіне  қарай  таңдап  пайдаланған  жӛн.  Олар 
қатты  сабынға  қарағанда  әлдеқайда  жұмсақтау.  Шашты  жуып  болғаннан 
кейін жылы сумен әбден шайған дұрыс. 
*  Жуылған  шашты  бӛлме  жылуында  кептіру  керек.  Ал  күннің  кезінде, 
жанып  тұрған  отқа  тақап  немесе  электрлі  кептіргіштермен  кептіру  қатты 
құрғатып жібереді. 
*  Кейбір  шаш  қатты  құрғақ  болғандықтан,  ұшы  қақиып  тұрады.  Мұндай 
шаштарды  он  күнде  немесе  екі  аптада  бір  рет  жууға  тырысқан  жӛн. 
Жумастан бұрын айына бір рет басқа соя немесе зәйтүн майынан компресс 
жасап  тұру  керек.  Оны  былай  дайындауға  болады:  кішкене  ыдысқа 
аталмыш майды шамалап құяды да оны ӛзге табаққа құйылған ыстық суға 
салып  қояды.  Жылыған  майға  бір  шай  қасық  лимонның  сӛлін  қосып, 
араластырып,  шашқа  және  бас  терісіне  жағады.  Сонан  кейін  целофан 
қалпақ  киіп,  сыртынан  қалың  орамал  немесе  сүлгі  орап  тартады.  10-12 
сағат  ӛткен  соң,  сусабынға  немесе  сабынға  жұмыртқаны  араластырып 
басты жуып алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет