95
құрғайды, қатаяды. Суық та шашқа зиянды. Сол себепті суық күндері
міндетті түрде бас киім киіп жүрген дұрыс. Шаң-тозаңда жұмыс істегенде
басқа орамал байлайды, жеңіл, алайда шаң ӛткізбейтін бас киім киеді.
Шашты ӛсіру
* Бұл үшін де шашты таза ұстап, арасында басты жұмсақ тарақпен
тарап, сылап-сипап тұру керек. Сондай-ақ табиғи шӛптерден дайындалған
тұнбаларды пайдалану да шаштың ӛсуіне ықпал етеді.
* Бір ас қасық шырмауықтың (плюш) жапырағын жарты литр суға
салып, он минуттай қайнатады. Сүзіп, салқындатады. Дайын қайнатпаға
мақтаны батырып, бір ай бойы кешкісін шаштың түбіне жағады.
* Қалақай (крапива) мен настурция ӛсімдіктерінің жапырақтарының
100 грамына шамамен 10 грамдай қазотын ұнтақтап, араластырады. Осы
қоспаға жарты литр спирт құйып, 15 күндей тұндырады. Сонан соң сүзіп
алынған тұндырмамен шаштың түбін басты жуған сайын сүртіп отырады.
Қоспаның құрамында спирт болғандықтан кӛзге тигізіп алмау керек.
* Кей ӛсімдіктердің ӛзін езіп пайдалануға болады. Мысалы,
қаратамыр (черно-корень) ӛсімдігінің жас түбірін ұсақтап турап, езіп,
ботқа әзірлейді. Оны бастың құйқасына жағып, үсіне пергамент қағазын
жабады да, жылы орамалмен сыртынан орап қояды. Бір сағаттан кейін
басты жақсылап жуып алады. Мұндай масканы бір ай бойы екі немесе үш
күн сайын қайталаған жӛн.
Достарыңызбен бөлісу: