Жағдаяттық тапсырма 1- жағдаят: Мен кішкентайымнан тұрмыстың зардабын кӛп тарттым. Ата-анам
жұмыссыз қалып, үйдегі 4 баланы асырауға шамасы келмеді.Кей кездері
үйде қара нанның да болмай қалатын кездері болды. Әкем ауыруға
шалдығып, шешем жасынан ерте қартайды. Мұндай жағдайларда сабақ
оқымақ түгелі, кейде үйден безіп кеткім келетін. Сӛйтіп жүріп бір
балалармен достастым. Күнде кешкілік ермегіміз наша шегіп, бар
дауысымызбен айқайлап ән салып, кӛшедегі жүргіншілерге тиісу болатын.
Осылай нашамен қалай достасқанымды байқамай қалдым. Менің түрімді
кӛріп әке-шешемнің тіпті ұнжырғасы түсіп кетті. Бір күні ақша болмай
қалып, бір досым аурудың азабына шыдай алмай кӛз алдымызда ӛліп
кетті.Наша табу үшін ұрлық жасауға кӛштік.Сӛйтіп жүргенде қолға түстім.
Менің кӛрген азабымды ешкімнің басына бермесін. Енді бостандыққа
аман-есен шықсам, осы дерттен құтылып, басқа адамдардай жайлы ӛмір
сүріп, жұмыс істеп бауырларымды асырағым келеді.