122
ӛтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бӛлігі болып есептеледі.
Сонымен бірге адам – ӛзі ӛмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға.
Адамның ӛсуіне, дамуына жӛне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік
жағдайлардың ыкпалы зор. Басқа ағзалар белгілі табиғи орта
жағдайларында тіршілік етуге бейімделген. Адам барлық табиғи орта
жағдайларында тіршілік ете алады. Ӛзіне қажетті жағдайларды саналы
түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде ӛмір сүрген ежелгі адамдар басқа
ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму
дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей
бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде ӛзгертті.
Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері
зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың,
тағамның таза болуының маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай
жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар
бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды ӛзгерістері адам
денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазақстанда ерекше
байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың
жүргізілуі және т. б. атауға болады.
Адам денсаулығына ӛмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі
тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан
адам денсаулығы бұзылады. Кейде
еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық
жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты ӛмір
сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс
кӛрсетілмеуі де әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: