Облыс џстаздарыныѓ газетi математика пәнінен облыстық олимпиада жаѓалыћтар. Хабарлар



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата06.03.2017
өлшемі5,95 Mb.
#8426
1   2   3   4   5   6

Әмина ИЗАТУЛЛАЕВА,

№239 орта мектебінің қазақ тілі

мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Жаңақорған ауданы.

Менің  әкем Уәйіс  Жөнейтұлы   1942

жылы  қаңтар  айының  төрті  күні  әскер

қатарына  шақырылып, Самарқан  қала-

сында  2 ай  дайындықтан  өтіпті.

Содан  1942 жылы  наурыз  айында

103-і  атқыштар  дивизиясының   688-

полкында   Харьков  қаласы  бағытында

майданға  кірген.

Кейін  атақты "Кіші  жердегі"  қырғын

соғыстың  ортасында   болып,  1943  жылы

Орел, Курск иініндегі  кескілескен

шайқасты да  басынан өткерді. Сол жылы

күзде Калинин қаласы бағытындағы  25

бригаданың құрамында болған.

Әкем туысқан Латвия, Литваны азат

ету, Шығыс Пруссияны, оның ішінде

қазіргі Калининград қаласын алуға да

қатысқан.

1945 жылы маусым айында бүкіл

еліміз Жеңіс мерекесін тойлап жатқанда

әкемнің құрамасы Благовещенск қаласы

бағытында Жапон импералистеріне

қарсы шеп құрған. Содан Айгун, Харбин,

Цицекаре және  басқа да қалаларды азат

етіп, 1946 жылы елге аман-сау оралған.

Сұрапыл соғыстың 1945 жылында  ол

СОКП қатарына қабылданғанын мақта-

нышпен айтып отыратын.

1951-59 жылдар арасында  Қармақшы

аудандық партия комитетінде бөлім

бастығының орынбасары, бөлім бастығы

және аудандық партия комитетінің

секретары, бюро мүшесі болған.

Тың өлкесін игеруге байланысты  1959

жылы ауданда ашылған  №149 кәсіптік-

техникалық  училищесінің директоры

болып, 1976 жылға  дейін 17 жыл бойы

абыройлы  қызмет атқарды.

Училищенің барлық жұмысын жан-

дандыруға ат салысқан ол, 1976 жылдан

1986 жылдың шілдесіне дейін  Жосалы

қыстақтық кеңесінің төрағалығы  қызме-

тіне де өзінің  барлық ерік-жігерін арнап,

халықтың ыстық ықыласына бөленді.

Жауынгер, ұстаз, білікті басшы,

шебер ұйымдастырушы бола білген әкем

өзінің өнегелі де ерлікке толы өмір

жолымен халқына үлгі бола білді.

Ол білім-парасатын, қажыр-қайратын

туған елінің әлеуметтік- экономикалық

өсуіне, білім саласының дамуына арнап,

сол даңғыл жолда еңбек етумен бірге,

берекелі шаңырақтың ұйытқысы, ақыл-

шысы болғанын мақтанышпен еске

аламын.

Әкемнің  Ұлы Отан соғысының 2-



дәрежелі орденімен, соғыстағы ерлігі

үшін, Кенгисберг қаласын алғаны,

Германияны, Жапонияны жеңгені

және "Еңбектегі ерлігі үшін" медал-

дарымен бірге Одақтық, "Республи-

калық кәсіптік-техникалық  білім беру

саласы үздігі" атағын алғаны, бірнеше

рет аудандық кеңестің, қыстақтық

кеңестің  депутаты болып сайланғаны

бүгінгі жас ұрпақтар үшін үлгі-өнеге

боларлықтай.

Аудан орталығындағы бұрынғы

кәсіптік-техникалық училищесінің

қазіргі таңда  агроколледж дәрежесіне

көтерілуі де  сол училищені өз қолымен

құрған, қазіргі Айекенов Ислам

басқарып отырған ұжымның  ерен

еңбегі екенін айтпай  кетуге болмайды.

Әкеміздің  жолын қуған біздер Эль-

вира, Жанналар оқушыларды білім

нәрімен сусындатуда, өз бақытымызды

ұстаздық еңбегімізден таптық.

Ұлы Жеңістің 71 жылдық  мереке-

сінде асқар таудай болған абзал да,

қамқоршы болған әкемді сағына еске

аламын. Мен  әркез  әкемді мақтан

тұтамын, өзгелерге үлгі етемін.

Рая ЖӨНЕЙТОВА.

Ақжар ауылы.

Аталар ерлігі - ұрпаққа өнеге

Аталар ерлігі - ұрпаққа өнеге

Аталар ерлігі - ұрпаққа өнеге

Аталар ерлігі - ұрпаққа өнеге

Аталар ерлігі - ұрпаққа өнеге

Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толып

отыр. Тарихта Ұлы Отан соғысы деп

аталған екінші дүниежүзілік соғыс

тауқыметін бүкіл адамзат тартты. Бұл

соғысқа Қазақстаннан 1 миллион 366 мың

адам қатысты. Аталар ерлігін әңгімелеу

ұрпақтан-ұрпаққа аманат. Елі мен жері,

Отаны үшін бейбітшілік пен әділеттілік

үшін қан төккен алдыңғы буынның

алдында мәңгілік қарыздармыз. Өткен

тарих беттеріне үңілген сайын соғыстағы

өр мінезді, өз Отанының патриоты, адал

азаматтардың ерлігіне бас иесің.

Олардың ерлігі арқылы бейбіт өмірдің

қадірін түсінгендейсің. Олар кешегі қан

майданда қан төгіп, бізді осындай бейбіт

өмірге жеткізді. Елімізде қатары сиреп

бара жатқан Ұлы Отан соғысы ардагеріне

құрмет көрсету перзенттік парызымыз.

Елім деп кеткен ерлердің арасында

Қазалы қаласынан майданға аттанған

Мырзабаев Жанарыстан ата да бар еді.

Жанарыстан Мырзабаев 1904 жылы

17 ақпанда Қазалы қаласында қарапайым

отбасында дүниеге келген. Сол заманғы

оқу жүйесі кезінде 6 кластық білім алған.

1931 жылға дейін әкесі Мырзабай

баласын шаруаға жұмсап, еңбекқор-

лыққа тәрбиелейді. 1931 жылы қалалық

Советте үй басқармасы басшысы

қызметін атқарған. 1937 жылдан 1939

жылға дейін Қазалы аудандық қаржы

бөлімінде салық агенті болып қызметке

кіріседі. 1939 жылы Ақтөбе қаласына 4

айлық курста оқып, өзінің білімін

жетілдіріп келіп, Қазалы аудандық қаржы

бөлімінде  учаскелік салық инспекторы

қызметіне ауысады. 1942 жылы майданға

аттанып, Сталинград жерінде шайқаста

болып, 1943 жылы көктемде оқ пен оттың

өтінен, өмір мен өлім айқасынан жаралы

болып елге оралады.

Атамыздың майдандағы ерліктері де

ескерусіз қалған жоқ. Соғыстағы ерлік-

тері үшін  бірнеше орден, медальдардың

иегері болды.

Елге келген соң қайтадан өзінің

бұрынғы жұмысына келіп, Қазалы

аудандық қаржы бөлімінде аға салық

қызметкері болып қызметін жалғас-

тырады. 1948 жылдан өмірінің соңына

дейін қалалық салық инспекторы

қызметін атқарып, соғыс салған ауыр

аурудың салдарынан алпыс жасында

өмірден озды.

"Әкемнің майдандағы басынан

кешкен қиын шақтары мен қанды ұрыс

даласы туралы айтқан әңгімелері бүгінгі

күндей әлі көз алдымда. Әкемнің

ерліктері туралы марапаттары мен

суреттерін көріп отырсам, еріксіз көзіме

жас келеді. Ауданымыздың салық

саласының еңбек ардагері, өмірі

ерлікке толы әкенің баласы болғанымды,

әкенің қара шаңырағында отырғаным-

ды әрқашан мақтаныш санаймын!" дейді

атамыздың ұлы Бекболат аға.

Жанарыстан атамыз Зияда әжеміз-

бен 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеп өсірді. Қыз-

дары Зейнеп, Патима, Рахима, Дәмет-

кен, Дәмегүл өмірден өз орындарын

тауып, бір - бір үйдің отын жағып, 22 ұл-

қыз өсіріп отыр.

Бұл күнде атамыздың ұлы Бекболат

қара шаңырақтың иесі. Бекболат аға мен

Салиха жеңгеміздің қыздары Қазына,

Әсемгүл, Айгүл, Мейрамгүл, Ұлдай

жоғары білімді, әр түрлі саланың білікті

мамандары.

Өмірі өнегелі атамыздың ерліктерін

паш ету жас ұрпақты патриотизмге

тәрбиелеуде үлгі болары анық.

Шарбану ТОЛЫБАЙҚЫЗЫ.

Қазалы қаласы.



4

       1 маусым  2016 жыл

Тәжірибе. Әдістеме.



ЖЕТІ  МОДУЛЬДАҒЫ  СЫНИ  ОЙЛАУДЫҢ

МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Көптеген ұстаздар мен мектеп

басшыларының өз жұмысының

сапасына көңілі толмайды, олар оқу-

тәрбие үрдісін түбегейлі өзгерткісі

келеді. Алайда әлі де болса көпшілігі

ескіше еңбек етіп жатыр. Өйткені,

мектеп жұмысы мен білім беру

үдерісінің кемшіліктерін сынау - бір

басқа да, өз қызметін қайта құра

отырып, жаңаша жұмыс істеу-екінші

басқа. Бұл үшін мұғалімде іштей

өзгеріс болуы, тіпті мінез-құлқының

кейбір қасиеттері өзгеруі тиіс.

Басқаша айтсақ, тұлғаның психоло-

гиялық қайта құрылуы жүзеге асады.

Мұғалімнің өз көзқарасы, өз дағдысы

қалыптасып қойған адам екенін

ескерер болсақ, бұл - өте күрделі үрдіс.

Айтылғандарды ескере отырып,

мұғалімнің психологиялық қайта

құрылуы үш кезеңнен тұратынын

атап көрсетуге болады:

1.Проблемалық сананы қалып-

тастыру.

2.Проблемалардың шешімін

шығармашылықпен іздеу.

3. Жаңа тәжірибені бекіту.

Осы тұрғыдан алғанда, мектеп

басқару ісіне, мұғалімнің ішкі

өзгеруге тиімді әсер ететін жеті

модульдің бірі "Сыни ойлау"

жобасының стратегияларын қолдану

білім беруді реформалаудың ең тиімді

әдістерінің бірі болып табылады.

Биылғы көктем айлары  мен үшін өте

мағыналы өтті. Мен Қазақстан және

Кембридж Университетімен бірлесе

ашқан үш айлық біліктілікті арттыру

курсының бірінші (ілгері) денгейін

аяқтап өзімнің білім алған мектебіме

оралып жұмысымды жүргіздім.

Әрине, бастапқы кезде қорқыныш,

уайым, сонымен қатар қызығушылық

сезімдері басым болды. Үш ай көп

көрінгенімен, уақыт зымырап тез өте

шықты. Себебі жұмыс күрделі,

қызықты, көп болды. Әрбір ұстаз өз

мақсатымызға жету үшін жанталасып

жұмысқа берілдік. Ал, курстың негізгі

мақсаты: "Оқушыларды өздігінен білім

алуға жетелеу. Әрбір оқушыны жеке

тұлға ретінде тәрбиелеу. Өз мақсатына

жете білуіне бағыттау, алған білімін

практика жүзінде пайдалана білуіне

үйрету" болды.

Курсты бітіріп келген соң мектеп

мұғалімдеріне  көшбасшы мұғалім

ретінде оқып келген білімдерімді

үйрете бастадым. Жеті модульді

әріптестеріме үйрету жобасы бойын-

ша Абай өлеңінен  келесі үзіндіні

келтіруді жөн көрдім:

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең.

Ашыларсың жылма-жыл,

Біреу үшін үйренсең.

Біреу білмей, сен білсең,

Білгеніңнің бәрі тұл.

Бұл жерде мен әсіресе назарымды

соңғы екі тармаққа саламын, өйткені

онда біздің 7 модуль жобасының басты

қағидаларымен  ұштасатын ой жатыр.

Шындығында да біреу білмесе, менің

білгенімнен не пайда.

Сонымен мен басқалармен ой

бөлісуге дайын болуым керек. Оқып

келген білімді  мұғалімдерге коучинг

жүргізу арқылы 7 модульдің

мағынасын  түсіндіріп өттім.

Қазіргі заман талабына сай сапалы

білім  мен саналы тәрбие беру ең басты

мәселе.  Курсқа  дейін  дәстүрлі сабақ

беріп, дайын білім беруге негізделген

"дәстүрлі" стиль  арқылы алынған  білім

оқушылардың  жинақтаған  өзге

білімдерімен  тиімді сіңісе алмайды,

сондықтан механикалық  есте сақтау,

үстірт білім алу жағдайлары орын

алады.


 Қазір  мектеп алдындағы басты

міндеттерді  шешуде мұғалімнің

кәсіптік білімі,  мәдениеті  жоғары

болуы шарт. Ол үшін  кәсіби



ЖАРҚЫН  БОЛАШАҚҚА  БАҒДАР

М.Ықсанов атындағы политехни-

калық колледж кітапханасы студент-

терге Елбасының дәстүрлі жолдауын

насихаттау мақсатында "Елбасы

жолдауы - жарқын болашаққа

бағдар" атты кітап көрмесін  ұйым-

дастырып, библиографиялық шолу

жасады.

Көрме аясында, облыстық "Жас



Отан" филиалының М.Мәметова

атындағы колледждің бастауыш бөлім

басшысы Қанатұлы Ерғазы жолдау

жайында өз пікірін жеткізді және

колледж студенттері Ибраев Ерке-

бұлан мен Әкімберген Рахымжан өз

ойларын ортаға салды.

Елбасымыз айтқандай, жүректен

шыққан сөз бен пәрмені мықты ойға

қанат бітіріп, оны қаз-қалпында

жүректерге жеткізу - бәріміздің ортақ

парызымыз. Жолдаудағы берілген

жігер бізді осы мақсатқа жетелейді -

деп қорытындылады М.Ықсанов

атындағы колледж әдіскері Күләйша

Мұзбалаққызы.



Жарқын МҰХИТҚЫЗЫ,

политехникалық колледж

кітапханашысы.

МАХАББАТ ПЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ПЕДАГОГИКАСЫ

Еліміздің егемендігі нығайып,

ертеңіне сеніммен қадам басқан

шағында заманына сай адамын

тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі

жолда ұрпақ өнегесі, олардың

адамдық болмысы жайлы ой толғап,

рухани-адамгершілік білім беруді

басты идея етіп ұстанатын "Бөбек"

қорының президенті С.Назарбаева-

ның "Өзін-өзі тану" авторлық бағ-

дарламасының алға қойған мақсаты-

ның өзі ерекше. Себебі, өзін-өзі тану

баланы өзінің қадірін өзі білуге,өзін

сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге,

рухани өмірде және қоршаған өмір

жағдайларында өзінің бағыт-бағ-

дарының болуына, өз бетінше шешім

қабылдай алуына тәрбиелейді.

Осы орайда №247 орта мектепте

"Өзін өзі тану: Махаббат пен шығар-

машылық педагогикасы" дәстүрлі

онкүндік аясында өзін өзі тану

мұғалімдері Е.Жүнайдуллаев пен

Ж.Алимованың ұйытқы болуымен

біршама іс-шаралар атқарылды.

Онқүндіктің алғашқы күнінде

таңғы жиында ашылу салтанаты болды.

"Алтын жүрек анамыз" атты көр-

кемсөз оқу шеберлерінің байқауы, 9-

сынып оқушылары арасында патрио-

тизм, адамгершілік, қайырымдылық

тақырыптарында пікірсайыс, үйден

оқытылатын балаларға арнап "Шын

жүректен біз сіздерді жақсы көреміз"

атты кеш, 4, 9-сынып оқушыларының

ана, мейірімділік, бейбітшілік және

достық тақырыптарындағы шығар-

машылық жұмыстарынан көрме

ұйымдастырылды. 6, 8-сынып арасында

Н.Баржубаевтың ұйымдастыруымен

спорт залда ойын өтқізілді. Мектеп

кітапханашылары Г.Қасымбекова мен

Ф.Көкенова "Өзін-өзі тану адам-

гершілік рухани білім беру" бағдар-

ламасының авторы С.А.Назар-

баеваның еңбектері жөнінде "Мейірім

төгетін ана" атты көрмелерін ұйым-

дастырды. Ән-әуез пәнінің мұғалімі

А.Анарбек "Ән-көңілдің ажары"

тақырыбында балалар арасында ән

байқауын өткізді. Қорытынды кеште

онкүндікке жақсы  атсалысқан мұға-

лімдер мен оқушылар "Махаббатқа

толы жүрек" номинациясымен мара-

патталды.



Еркебұлан ЖҮНАЙДУЛЛАЕВ,

№247 орта мектептің өзін өзі

тану пәнінің мұғалімі.

МЕН БҮГІН ӘКЕМДІ ОЙЛАП ТОЛҒАНАМЫН…

Мейірім төккен мінезімен

жағымды,

Жақсы ісімен көпке әр кез

танылды.

Алып кеткен арамыздан сұм ажал,

Әке, өзіңді балаларың сағынды.

Амал нешік, көндігеміз, көнеміз,

Елес болып қалды бізге бейнеңіз.

Жаққан отың өшірілмей, әкешім,

Ұрпағыңды жалғап біздер

келеміз.


Менің әкем, Әбілов Жазықбай

Аққалиұлы 1953 жылы 9 сәуірде Арал

ауданындағы №84 бекетте дүниеге

келіп, Қызылорла қаласы, Қараөзек

ауылында 2011 жылдың 13 тамыз күні

ұзаққа созылған науқастан кейін

өмірден озды.

1970 жылы №39 "Қызылөзек" орта

мектебін бітірген соң, Н.В.Гоголь

атындағы Қызылорда педагогикалық

институтының физика-математика

факультетіне түсіп, институтты

тәмамдағасын өзі бітірген мектепте

еңбек жолын бастап, көп жылдар бойы

физика пәнінің мұғалімі болып

ұстаздық еткен жаны жайсаң жан еді...

Өзінің еңбекқорлығының арқасында

басшылық қызметіне дейін көтеріліп,

№39 "Қызылөзек", №128 Қараөзек

мектептерінің директоры және

өмірінің соңғы жылдарында

Қызылөзек ауылдық округінің әкімі

болып  абыройлы қызмет атқарды.

"Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген

өлмесін" деген даналық сөздің қадірін

енді сезінгендеймін. Өйткені, әкеммен

бірге қызмет атқарған үзеңгілес

достары - Қоқыбасов Бозымбай ағай,

Махмутов Жомарт ағайлар да бірінен

кейін бірі дүниеден ерте озып,

келместің кемесіне мініп кете барды.

Әкеміз Аққалиев Жазықбаймен

анамыз Даниярова Бақыткүл 37 жыл

отасқан өмірлерінде үш қыз, екі ұл

тәрбиелеп өсірді. Әкем үш қызының

қызығын көріп, немерелері - Жайна,

Аида,Игілік, Нұрбол, Тоқтар, Ұлдана,

Айтөре, Нұраят, Қарлығаштардың

маңдайынан иіскеп кеткенімен, екі ұлы

Азиз бен Ғазиздың қызығын көре алмай

кетті...

Артында қалған біздер әкемізге

жасай алмаған жақсылығымызды

анамызға жасап, анамыз әкеміз

көрмеген қызықшылықты ортамызда

жүріп көре беруіне тілекшіміз.

Әкемнің дүниеден озғанына да бес

жыл болыпты. Егер тірі болғанда

үстіміздегі жылдың сәуір айында

әкеміз 63-ке келер еді. Әкем үнемі

"сәуірде тәуірлер туады" деп, осы айда

дүние есігін ашқан әрбір жанның

көңілін бір марқайтып қоятын...

Бәлкім бұл кездейсоқтық, не

болмаса Алланың қалауы дерсіз, өзі

қызығын көре алмай кеткен тұңғыш

немересі Арман, сәуір айында, әкемнің

туылған күнімен тұспа-тұс дүниеге

келді. Егер, тірі болғанда Арманның

артынан ерген немерелері - Мирастың,

Жәнияның, Ақботаның, Нұрпер-

зенттің, Әмірдің де қызығына тоймай

жүруші еді-ау. Амал қанша, сұм ажал

әкемізді ортамыздан ерте алып кете

барды.

Қазіргі таңда мен де әкем сияқты



туып-өскен ауылымдағы мектептің

педагог-психолог маманымын. Менің

осы мамандықты таңдауыма бірден-бір

себепші болған әкемнің бір ауыз сөзі.

Ол кісі: "ХХІ ғасыр - психология

ғасыры болмақ. Бұл мамандықтың

болашағы зор. Әрбір адамның жан

дүниесін зерттеп, оның қыры мен

сырына үңіліп, қиналған кезінде дем

беріп, бағыт-бағдар көрсетіп, дұрыс

жолға салу - осы психологтың міндеті

болмақ. Осы мамандықты таңдасаң

жөн болар еді" деп, өз ақыл-кеңесін

айтқан болатын.

Әке, сіздің жарқын бейнеңіз мәңгі

есімізде! Жатқан жерің жайлы,

жарық, топырағың торқа болсын.

Жаның жәннатта болып, қабіріңіз

нұрлансын!

Айнұр ЖАЗЫҚБАЙҚЫЗЫ,

№39 мектеп психологы.

Қараөзек ауылы.

біліктілігімді  көтеріп, жаңалықтарға

назар аударып отыруым керек.  Сол

жаңаша  оқытудың бірі - Кембридж

тәсілі бағдарламасының  жеті  модулін

игеріп, сабақ  беруде  оны ықпал-

дастырудың  өзі  менің тәжірибемдегі

үлкен жаңалық болып табылады.

Практикалық кезеңінде  біз "Мұғалімге

арналған  нұсқаулық" оқулығымен

танысып,  ондағы жеті  модульдің  әдіс-

тәсілдерінің маңызды екенін түсіндім.

Ал жұмыстың 3 кезеңінде яғни, ой

толғаныс кезеңінде оқушыларға

халықтық педагогика 7 жоқ тапсыр-

масы берілді. Оқушылар түрлі тіршілік

иелеріндегі 7 жоқ ұғымымен танысып

шықты.

Кембридж бағдарламасы негізінде



сабақтарым мен үйірме жұмыстарыма

өзгерістер енгізіп, оқушыларымның

қызығушылықтарының оянуына

ықпал жасағаныма өте қуныштымын.

Іс-тәжірибеге өзгерістер енгізу

жаңалық болды. Сабаққа толық

дайындалып, ізденіс үстінде жүріп

сабақ соңында қол жеткізген

нәтижелерім: оқушының танымдық

ізденімпаздығы қалыптасып, мәсе-

лелерді терең талдауға үйренді,

шығармашылық ой-өрісі артты,

ұжымдық ой-пікірлері жетіліп, топ

мүшелерінің пікірлерімен ортақ

тұжырым жасауға үйренді.

Сондықтан да мен, келешекте сыни

тұрғысынан ойлау модулінің диалог

арқылы ойлауды, жигсо, рефлексиялық

оқыту әдіс-тәсілдерін сабақ барысында

жиі қолданып, оларды дамытып

баланың ой-өрісін шыңдауды

көздеймін



Т.ЖҰПАРБАЕВ,

Б Аралбаев атындағы №52 орта

мектеп директорының

ғылыми-әдістемелік орынбасары.

Жаңақорған ауданы.



ҰСТАЗДЫҚТЫ АҚЫНДЫҚПЕН

ҰШТАСТЫРҒАН

Төремұратова Анар апай - ардақты

ұстаз, мектебіміздегі беделді мұғалім.

"Жас жігер" шығармашыл, әдістемелік

бірлестік топтың ғылыми жетекшісі.

Анар апай - заман талабына сай

оқытып, бүкіл ғұмырының 38 жылын

алаңсыз ұстаздыққа арнаған ұлағатты

да өнегелі ұстаз. Оқушылардың бойына

ептілікті емес, тектілік пен ақындықты

дарыта алған тағылымның тау тұлғасы.

Оның ұстаздық қызметін, білім

берудегі жанқиярлық еңбегің білім

саласындағы әрбір мұғалім, баласы осы

мектепте оқитын кез-келген ата-ана

жақсы біледі.

 А.Төремұратова - өзіне де, өзгеге

де талап қоя білетін жаңашылдылы-

ғымен, ізденімпаздығымен, шығар-

машылығымен көпке үлгі болып

жүрген ұстаз. Оның көптеген

шәкірттері республикада, облыста

белгілі азаматтар қатарында жемісті

еңбек етуде.

Анар апай тек пән мұғалімі ретінде

ғана емес, сонымен қатар сыныптан тыс

жұмыстарды шебер ұйымдастырушы,

актерлік те қабілетімен, яғни бала

бойындағы өнерге деген табиғи

дарынды ашу жолындағы ізденімпаз,

мәнерлеп оқу шебері, шығармашыл,

жаңашыл ұстаз. Даналық сөзде

"Мұғалім ең алдымен бала жанының

тамыршысы болуы тиіс" дегендей ол

бала жүрегінің пернелерін дәл таба

біледі. Мысалы, Алатаудың ақиық

ақыны М. Мақатаевтың туылған

атаулы күніне орай ұйымдастырылған

"Өзіңсің поэзия пайғамбары" атты

әдеби-сазды кештің келешектің көшін

түзеуде ұрпаққа берер тәрбиесі мол

болды.


Анар Төремұратова мектепте пәндік

апталық, онкүндіктер ұйымдастырады.

Ұлағатты ұстаздың әдістемелік, ғылыми

жетекшілік етуімен әдістемелік топ

мүшелері жаңашыл педагог ғалым-

дардың озық іс-тәжірибелерін зерттеп,

іске асыруы нәтижесінен мұғалім-

дердің білімді іске асыра білу

дағдылары дамып, көптеген жетіс-

тіктерге жетуде. Ол қоғамдық жұмыс-

тарға белсене араласады. Мектепте

"Қазақ тілі" қоғамының бастауыш

ұйымының жетекшісі. Мемлекеттік

тілдің беделі мен мәртебесін арттыру

жолында "Қазақ тілі" қоғамының

жұмысына белсенді атсалысқаны үшін

2013 жылы Халықаралық "Қазақ тілі"

Қызылорда облыстық ұйымы төрағасы

С.Аңсаттың "Алғыс хатымен"

марапатталды. 2015 жылы ұстаздың

қоғамдағы орны мен мәртебесін

биіктетуге, ұстаздық ұстанымы мен

тілдің мәртебесін көтеруге сіңірген

еңбегін бағалап, халықаралық "Қазақ

тілі" қоғамының Жалағаш аудандық

филиалының төрайымы Д. Мейірман

"Алғыс хатпен" марапаттап, ерекше

құрметке лайық жан деп есепке алды.

2009 жылы Алматы қаласында өткен

"Жалпы білім беретін мектептерде

қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың

өзекті мәселелері" тақырыбында

халықаралық ғылыми-тәжірибелік

конференцияға қатысып, шығар-

машылық белсенділік танытқаны үшін

"Құрмет грамотасымен" марапатталып,

"Мұғалімнің кәсіби шеберлігі -

бәсекеге қабілетті жеке тұлға

тәрбиелеу" тақырыбындағы шығарма-

шылық жұмысы халықаралық ғылыми-

тәжірибелік конференциясының

материалдар жинағына енгізілді.

2011 жылы "Тілді білу - әрбір

ұлттың парызы" шығармалар бай-

қауында шәкірті А.Мадиярова жүл-

делі орын алды. Осы жылы облыстық

ғылыми-практикалық конференцияға

қатысып, шығармашылық белсенділік

танытқаны үшін "Алғыс хатпен"

марапатталып, шығармашылық із-

деніс жұмысы арнайы жинаққа

енгізілді.

2012 жылы жас ұрпақты оқыту мен

тәрбиелеу ісіндегі нәтижелі жұмыс-

тары үшін аудандық білім бөлімінің

Құрмет грамотасымен марапатталды.

Осы жылы облыстық білім бас-

қармасы және облыстық кәсіподақ

комитетінің арнайы шақыруымен 8-

наурыз Халықаралық Әйелдер күні

мерекесі құрметіне облысқа арнайы

шақырылып, құрметті қонағы болып,

"Құттықтау" мадақтамасына ие

болды. "Тіл аманат" атты аудандық

жыр мүшайрада ақындық қабілетімен

ең үздік өнер көрсеткені үшін II-

дәрежелі Дипломмен және "Қазақ

тілі" қоғамының арнайы сыйлығымен

марапатталды. 2012 жылы аудандық

білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының

"Құрмет грамотасымен" марапат-

талды.


Анар апайдың әртүрлі деңгейде

өткізілген шаралардан алған мара-

паттары көп. Олардың барлығын

тізбектеп шығуға газеттің орны

тарлық етеді деп ойлаймыз. Ұстаздың

авторлық бағарламалары газет-

журнал беттерінде айқын көрініс

табуда. Мысалы, Қызылорда облыс-

тық білім беру қызметкерлерінің

біліктілігін арттыру және қайта

даярлау институтының ғылыми-

методикалық "Хабаршы" және "Сыр

аймағы" журналдарында, "Сыр

ардагері", "Жалағаш жаршысы",

"Самал" газеттерінде мақалалары мен

өлеңдері үзбей жарық көріп тұрады.

Біз ақынжанды ұстаздың шәкір-

ттер жүрегіне жол таба білген

ізденімпаздылығын ерекше құрмет-

тейміз. Қиын  да, тынымсыз еңбегінің

әрдайым жемісті болуына тілектеспіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет