Қымыздың неше түрі бар?
Бесті қымыз - төрт күн асқан қымыз.
Оны ішкен адам кәдімгідей масаяды.
Қысырдың қымызы - үлкендері не
сырқат адамы бар шаңырақтар
құлындаған, бірақ сол жылы қысыр қалған
биені жылқыға жібермей алып қалып,
сауатын болған. Сол қымыз қысырдың
қымызы аталған.
Қысырақ қымыз - құлық биенің
сүтінен ашытылған қымыз.
Сары қымыз - ол жаз ортасында шөп
әбден піскен кездің қымызы. Емдік
қасиеті күшті, өте сіңімді.
Сірке қымыз - күзге қарай болады. Бие
ағытылар кезде іше аласыз. Әдетте оны
молырақ жинап, көрші-қолаңды шақы-
рады. Бәрі дәм татып, жылқының алдағы
қыстан аман шығуын тілеп, бата жасайды.
Түнемел қымыз - көп тұрып қалған
қымыздың дәмі ащы болады. Оның үстіне
саумал құйып, жуасытады. Соны түнемел
қымыз дейміз.
Бал қымыз - күбідегі немесе сабадағы
қымызға қыстан әдейі сақталған семіз
шикі қазыны салып піседі. Қымызға
қазының жұпар иісі мен дәмі сіңеді. Бал
қымызымыз осы.
Саумал - күбіге құйылған, әлі ашып
болмаған бие сүті. Оны жас балаларға
береді, өте жұмсақ әрі дәмді.
Торсық қымыз - қанжығаға байланған
торсықтағы қымыз аттың ырғағымен
дамылсыз сапырылып, әбден жуасиды.
Әрі тері торсықтың сәл қышқыл дәмі
сіңеді. Оны ішкен де арманда, ішпеген де
арманда.
Ұннан және тәттіден дайындалған
тағамдар қандай?
Нан - ұннан пісірілген әр түрлі тағам.
Қазанжаппа - қазанға шаптап
пісірілген нан, төңкерме.
Бәтір - ашытпаған қамырдан табаға
пісірілген жұқа нан.
Күлше - қоламтаға көміп пісірілген
дөңгелекше нан.
Собалақ - отқа көміп пісірілген нан.
Құймақ - ұнды айранға, сүтке не
қаймаққа езіп пісірілген жұмсақ дөңгелек
нан.
Тоқаш - иленген қамырдан собалақ
жасап, дөңгелектеп пісірілген, ортасы
ойық нан.
Бауырсақ - қамырды төртбұрышты не
домалақ етіп кесіп, майға пісірген нан.
Шелпек - майға пісірілген жұқа нан.
Салма - иленген қамырды май жағыл-
ған қазанға қарып пісіріп, ұсақтап кесіп,
сүтке қайнатқан нан.
Самса - жұқалап жайған қамырдың
ішіне тартылған ет пен пияз салып, майға
пісірілген нан.
Іңкәл - етке салынып піскен қамыр
нан.
Қамыр - 1.Суға, сүтке иленген шикі
жайма.
2.Етке салынатын жайма іңкәл-нан.
Жүгері нан - жүгері ұнынан пісіріл-
ген нан.
Халуа - күйдірілген майға қуырылған
ұнды шекер ерітілген суға шылап
әзірленген тәтті нәр.
Алуа - шекер - шырыңды тәтті нәр.
Сарышекер - құмшекерге су,сүт
құйыпқайнатып, дайындалатын тәтті нәр.
Қауыншек - қауынның жіңішке
тіліктерін ішекше өріп, кептірген тәтті
тағам.
Қауынқұрт - қайнатылған қауыннан
жасалған тәтті тағам.
Қауынқақ - қауынды жіңішкелеп тіліп,
күн көзіне кептірген тәтті тағам.
Қақ - кептірілген әр түрлі жеміс.
Емдік шөптердің атауы қандай?
Адыраспан, ермен, кәріқыз, жол-
желкен, бақбақ, сүттіген, қалақай,
өгейшөп, киікоты, жалбызтікен, қызыл-
мия, жантақ, мыңжапырақ, тасшүйгін,
меңдуана, ащы мия, арыстанқұлақ,
шайшөп, шайқурай, зығыр, үпілмәлік,
шырғанақ, бәйшешек, тау жуасы, жабайы
сарымсақ, сазқағанақ,долана, көкемарал,
жыланжиде, есекмия, күшәла, қалампыр,
итмұрын, дермене, гүлшебен, күнжіт,
зирек, семізот, итошаған.
Ертеде емші, тәуіптер осы шөптердің
әрбірінің қасиетін танып науқасты
емдеген, "Ерменді жерде ер өлмес" деген
мақал да бар. Бір ғана ермен шөбі қырық
бір түрлі ауру-сырқауға дәру болған.
Бас киімдердің түрлері қандай?
Киімдердің ішінде ең қадірлісі осы бас
киім. Қазақ оны бөгде біреуге бермеген.
Басымдағы бағым кетеді. Жаман ырым
деп есептеген.
Құлақшын - аң терісінен, елтіріден
тігілген, құлақты жауып тұрар жылы бас
киім. Астарына мақта салынып, жібекпен
немесе бөзбен тысталады.
Қалпақ - ақ қозының жүнінен түбіт
араластырып жұқа ғып басқан төбесі
шошақ, етегі шығыңқы жаздық бас киім.
Тақия - кестелеп, дөңгелетіп сырып
тігілген жеңіл бас киім. Кейде бөріктің де
ішінен киген.
Бөрік - бағалы аң терісінен және жас
төлдің елтірісінен тігілетін, қазақтың
ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі.
Тәж - хандар киген алтындатылған,
асылтастар қадалған аса қымбат бас киім.
Сәлде - мұсылман дін басылары
басына орайтын ұзын мата. Бір ұшы
намаз оқыған кезде желке тұсын жауып
тұрады.
Сәукеле - қыздар ұзатыларда, келін
түсерде киетін қымбат, бағалы, әсем
әшекейлі бас киім. Төбесіне үкі қадалып,
жан - жағына қымбат тастар, алтын,
күміс, моншақ тағылады.
Бөкебай - түбіттен қалың етіп тоқыл-
ған орамал.
Кимешек - ақ матадан тігілген, омырау
мен арқаны жауып тұратын, астарына ою
салынған бас киім.
Жаулық (күндік) - ақ матадан немесе
таза жібектен кимешектің үстінен басқа
оралады. Түрі көп кездеседі.
Шарқат - әйелдердің басқа тартатын
үлкен орамалы.
Қарқара - төбесі биік келген, қауыр-
сын қадалған қыздардың, жас келіншек-
тердің сәнді бас киімі. "Қарқарадай ғып"
деген сөз тіркесі осыдан калған.
Аяқ киімдердің түрлері қандай?
Етік - былғарыдан тігілетін қонышты
аяқ киім.
Мәсі - жұмсақ былғарыдан,ешкі тері-
сінен тігілген өкшесіз, ұлтаны жұқа,
кебіспен киетін қонышты аяқ киім
Шәркей - көннен,киізден тігілген
жаздық аяқ киім.
Боршын - қоғадан тоқылған жаздық
аяқ киім түрі.
Шабата - жөкеден,талдан тоқылған
жаздық аяқ киім түрі.
Пима - жүннен басылған қонышты
қыстық аяқ киім.
Саптама - ішінен байпақ киетін тері-
ден тігілген қысқы аяқ киім.Қонышы
тізеден асып тұрады.
Жұмсақ табан етік - аң аулауға лайық-
талған.
Шоңқайма - қысқа қонышты,тұмсығы
үшкір,биік тақалы етік.
Бекіс - басы былғарымен қапталған
киіз етік.
Ұлттық ойындардың түрлері қандай?
Ежелден бері келе жатқан ұлттық
болмысымыздағы сіңісті әртүрлі ойындар
бар. Оны ретіне қарай жас та, жас емес
те ойнаған. Мысалы, тойда, қонақ
шақырыста, бозбалалардың бас қосу
салтанатында.
Асық ойыны - баяғыда балалар қой
асығын жинаған. Әжелері арнайы дорба
тігіп, жүн бояғанда қызыл, көк, сары түске
ендіріп бояп беретін. Жайлауға шыққанда
қыстың көзі қырауда көрші-қолаңның
баласы жиналып тақыр жерге, текеметтің
үстіне асық ойнаған. Халық арасында кең
тараған ойынның бірі - "Ханталапай" .
Асық иіруіне қарай төрт түрлі - алшы,
тәйкі, бүк, шік боп түседі. "Ханталапай"
ойынын бастарда қойдың ең ірі асығы -
сақаны хан етіп белгілейді. Асықты
уыстап алып кезекпе - кезек ортаға
шашып бүкті бүкке, шікті шікке атып
(тигізіп) ойнайды. Кім шеберлік асырып
көп асық жинаса, сол жеңімпаз.
Жеңілген баланың басынан ұтылған асық
санына қарай кертұқыл алған. Ал, хан
сайлаған сақа алшы түссе, ойынға
қатысушылар жаппа - тармағай таласып
асықты бөліп алысқан. Мұның атын -
"Ханталапай" дескен.
Тоғызқұмалақ - шахмат сынды ежелгі
ойын түрі. Ойынға екі адам қатысады.
Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап, олжа
салып ойнаған. Ертеде қойшылар малын
өріске шығарып, тақыр жерден ұя-
шұңқыр ойып, қойдың құмалағымен
ойнаған. Тоғызқұмалақ атауы содан
шыққан. Бекітілген өз ережесі бар, үлкен
шеберлікті, ойлануды, айла-тәсілді қажет
ететін күрделі ойын.
Көкпар - үлкен тойда, аста "Көкпар"
беретін болған. Көкпар тартады дегеннен
көкпаршы жігіттер ат баптаған. Той
немесе ас иесі бір серкені арнайы ойынға
арнап шығарған. Көкпаршылар екі
командаға бөлініп, әлгі серкені тарты-
сады. Өте күрделі, ерекше күш пен тәсілді
талап ететін аса қызғылықты ойын, әрі
спорт түрі.
Қыз қуу - тойда, қыз ұзатқанда, үлкен
қуанышта алтыбақан тепкен, теңге алған,
алтынқабақ атқан, ақсүйек ойнаған.
Соның бірі - қыз қуу. Ұлттық киім киіп,
жүйрік атқа мінген қыз бен жігіт белгілі
арақашықты ұстап бір - бірін қуған. Қыз
қашып, жігіт қуып жетсе, қыз келесі
кезекте жігіт қашып, қыз қуған.
Теңге алу - қыраттау жерге биік
сырық тігіп, оған көлденен қағылған
тақтайға төмен түсіріп жіңішке жіп іледі.
Жіптің ұшына күміс теңгелерді тесіп
байлайды да садақ немесе мылтық оғы
жетер көздеп атқан. Теңгеге оғын
тигізген ойыншы - ең мерген саналған.
Ақсүйек - тойға жиналған жастар
жаздың айлы түнінде ақсүйек ойнаған.
Оның басты шарты: лақтырған ақсүйекті
жабыла іздеп тауып әкелу. Осы ақсүйек
іздеу үстінде бозбала мен бойжеткен
өзара сырласып, көңіл құпияларын
ашысатын болған.
Көрші - жастар оңаша отауда қыз бен
жігіт боп қатар отырысып "көрші"
ойнаған. Ортаға ойынды жүргізуші жігіт
шығады. Қатар отырған жұптан "көршің-
мен татусың ба, аразсың ба?" деп
сұрайды. Қыз бен жігіт "татумыз" десе,
қозғамайды да, ал "аразбыз" десе көңілі
қалаған адамын сұрайды. Ол адамның
көршісі сұраған адамын бергісі келмесе
жазаланады (өлең айту, би билеу,
алақанына соқтыру, т.с. сияқты), ал беріп
жіберген өз көңілі қалаған басқа адамның
көршісін сұрайды. Осылай көңілді ойын
жалғаса береді.
Тыйым заңдары қандай?
Қазақта ежелден келе жатқан сана-
сына жазылып қалған тыйым заңдары
бар. Ол жасқа да, жасамысқа да ортақ.
Адамдардың қарым - қатынастан, табиғат
пен оның тылсым құпияларының сырына
үңілуден туған бұл шектеу - далалық-
тардың ұлы мәдениетінің бір көрінісі. Әрі-
беріден соң бұл әдеп, иба, тәртіп. Олар:
Үйге атпен шаппа - жау таяп қалғанда
не өлімді хабарлағанда ғана болатын
жағдай.
Жасы үлкеннің алдын кеспе, сөзін
бөлме - бұл құрмет.
Бас киіммен ойнама, біреуге сыйлама
- қонған бақтан айырыласың, басың
бірікпейді.
Ошаққа су құйма - өз отыңды өзің
өшірме.
Бос бесікті тербетпе - ұрпақсыз
қаласың.
Жылқының құйрық-жалын күземе -
тұл қалғанның белгісі.
Малды басқа ұрма, теппе - ырысың-
нан айырыласың.
Кешқұрым ұйықтама - жын-пері көше-
тін кез.
Айға қолыңды шошайтпа - қасиетті.
Жерге түкірме. Жер - ана. Анасының
бетіне ешкім түкірмейді.
Нанды баспа - киесі ұрады.
Түнде суға барма - су перісі қағуы
ықтимал.
Екі бүйіріңді таянба - қайғы, қасірет
белгісі.
Бөгде адамнан қайда барасың? - деп
сұрама - көргенсіздік.
Сорпа, шайды үрлеп ішпе - дегбір-
сіздік.
Жәй отырып үһілеме - уайым, қайғы
шақыру.
Қолыңды төбеңе қойма - дүниеден
безіну.
Табаныңды тартпа - бейнет шақыру.
Таңдайыңды тақылдатпа - жаман
ырым.
Өтірік жылама - құдай шын жыла-
тайын десе қиын емес.
Жерді таянба - торығу.
Босағаны керме - жазаланудың
белгісі.
Табалдырықта тұрма - суыт хабар
жеткізгеннің белгісі. Төр киелі. Табалды-
рық - ұнамсыздау орын.
Кісіге қарап есінеме - әдепсіздік.
Кісінің басынан кертұқыл алма -
басыңнан тоқпақ кетпейді.
Күйеу бала қайын жұртына барғанда
бас ұстамаған, дастарханға бата берме-
ген, сүйекке түспеген.
Келін атасымен, қайын ағаларымен
қол алысып амандаспаған - әдепсіздік
саналған.
Әр тыйым заңының астарында халқы-
мыздың өмірлік пәлсапасы жатқан жоқ
па?
Адами қасиеттердің философиялық
ұғым-түсініктері
Ақыл деген не?
Ақыл (араб.: ???? ақл) - адамды басқа
тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса
маңызды қасиет. Ежелгі ойшылдар
еңбектерінде ақылдың екі деңгейі
болатыны айтылады. Ол - пайым және
парасат. Пайым - ақылдың табиғи күші,
ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір
адамның тіршілік дағдыларын қай
дәрежеде меңгергендігіне байланысты
ойлау жүйесінің ең төменгі буыны.
Парасат - ойдың мүлдем жаңа таным-
білімдерді қорыта алатын және шын-
дықтың аса терең мәнін танып біле
алатын жоғары жасампаздық қабілеті.
Философияның тарихында ақылдың
осы екі деңгейін зерттеуге неміс
философы Кант зор үлес қосты. Ол ойлау
жүйесінің үш қасиетін бөліп атайды:
o жалпыны тану қабілеті (тіршілік
ережелерін белгілеуі немесе ұғып алуы)
- пайымдылығы;
o ерекшені жалпымен байланыс-
тыруы (яғни жеке жағдайларды жалпы-
ның ерекшелігіне ендіруі) - тұжырымдау
қабілеті;
o ерекшені жалпы арқылы анықтау
қабілеті (яғни принциптерді шығару
қабілеті) - парасаттылығы.
Интеллектуальдық таным қабілеті әр
адамда әртүрлі, тіпті бір адамның өзінің
түрлі өмір кезеңдерінде ол бірдей
болмайды. Ойлау қабілетін дамыту, тәр-
биелеу керек. Адам танымының табиғи
прогресі туралы айта келіп Кант алдымен
ақыл дамитынын: тәжірибенің негізінде
ой айқын тұжырымдарға, сонан соң
тұжырымдар көмегімен ұғымдарға жете-
тінін, содан кейін бұл ұғымдардың
негіздері және себеп-салдарлары ақыл-
мен танылып, ең соңында ғылыми жүйеге
келтірілетінін дәлелдейді. Сондықтан
ақыл беру де (жас жеткіншектерге) дәл
сол жолмен жүруге тиіс. Оқытушы да өз
тыңдаушысынан алдымен пайымдай
алуды, сонан соң ақылдылықты, ең
ақырында ғалымдық қасиеттерді күтуі
керек.
Ақыл-ой дамуының ең жоғарғы
дәрежесі - даналық (өмірлік тәжірибеге
сүйенетін терең ақыл). Адамның кейбір
интеллектуалдық қызметтерін "жасанды
интеллектіге" беру - компьютерлерді
кеңінен қолдану да ақыл-ой қабілеттерін
ары қарай жетілдіреді.
Абай өзінің он жетінші қара сөзінде
ақыл, қайрат, жүрек үшеуін айта отырып,
ақылдың, қайраттың, жүректің не
екендігіне жауап береді: "Қайрат, Ақыл,
Жүрек үшеуі айтысып, таласып келіп,
ғылымға жүгініпті. Қайрат:"Ей, ғылым,
өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе
менсіз кәмелетке жетпейтұғын; Әуелі,
өзіңді білуге ерінбей жалықпай үйрену
керек, ол Менің ісім. Құдайға лайықты
ғибадат қылып, ерінбей жалықпай
орнына келтірмек те Менің ісім. Лайықты
өнер, мал тауып, абұйыр мансапты
еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз,
болымсыз нәрсеге үйір болмай, бойды
таза сақтайтұғын, күнәкерліктен, көр-
сеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның
азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға
бара жатқан бойды қайта жиғызып
алатұғын мен емес пе? осы екеуі маған
қалай таласады?"
Ақыл:"Не дүниеге, не ахиретке не
пайдалы болса, не залалды болса,
білетұғын ол Мен, сенің сөзіңді ұғатұғын
Мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен.
Залалдан қаша алмайды екен. Ғылымды
үйреніп алмайды екен. Екеуі маған қалай
таласады. Менсіз өздері неге жарайды?"
Жүрек: "Мен Адам денесінің Патша-
сымын. Қан менен тарайды, жан менде
мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жылы
төсек, тамағы тоқ, жатқан кісіге төсексіз
кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің,
тамақсыз аштың жағдайы қандай екен
деп, ойлатып, жан ашытып, ұйқысын
арылтып, төсекте дөңбекшітпей қоймай-
тын Мен. Ұят сақтап, кішіге рақым
қылдыратын, Ол Мен, бірақ мені таза
сақтай алмайды, ақырында қор болады.
Таза болсам, адам баласын алаламаймын,
жақсылыққа елжіреп кететін, Ол Мен.
Жаманшылық болса да, Ол мен. Әділет,
нысап, ұят, рақым, мейірбандық дей-
тұғын, бәрі Менен, менсіз осылардың
көрген күні не? Осылар маған неге екеуі
таласады?"
Ғылым айтыпты: "Қайрат, сенің
айтқандарыңның бәрі рас, көп өнер-
леріңнің бәрі рас, сенсіз ештеңе бол-
майтұғыны да рас, қаруыңа қаттылығың
да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да
мол. Кейде жақсылық пен жамандықты
берік ұстап кетесің, соның жаман-ей.
Ақыл, айтқандарыңның бәрі рас, сенсіз
ешнәрсе табылмайтұғыны да рас, екі
дүниенің жайын да сен білесің, амал да,
айла да сенен шығады. Сенің қырың көп.
Жүрек сенің қырыңа жүрмейді. Жақсы-
лық құмар болады айтқаныңа. Көнбек
түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа
ермейді. Жиреніп, үйден қуып шыға-
рады.
Қайрат сенің қаруың көп, күшің мол,
сені де еркіңе жібермейді. Орынды іске
күшіңді аятпайды. Және де қолыңды
босатпайды. Үшеуің басыңды қос, бәрін
Жүрекке билет, деп ұқтырып айтушының
аты ғылым екен. Үшеуің бірдей табыл-
саңдар, топырағы көзге сүртерлік
қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаңдар
да, мен Жүректі жақтадым. Құдайшылық
сонда, таза сақта, қалпыңа құдай әрдайым
қарады деп, кітаптың айтқаны осы депті".
Ар деген не?
Ар - азаматтың немесе заңды тұл-
ғаның қоғамдағы қатынасын анықтайтын
және жеке тұлғаға берілетін әділ баға,
бұл моральдық және тағыда басқа
қасиеттеріне берілетін әлеуметтік баға
Ар категориясы адамның жоғарғы
қоғамдық құндылығы болып табылады.
Философтік-құқықтық көзқарасы
бойынша ар тарихтағы адамдар мен
халықтар арасындағы байқалатын қаты-
наста үлкен бір күшке,үлкен бір билікке
ие болған.
Ар сезімін ұғыну керек, өйткені ар
сөзінің мағынасын түсіндірген кезде ар
сезімі адамның жеке қадір-қасиеті сана-
сымен шектеледі.
Ар сөзінің мағынасын ашқан кезде
екі тұрғыдағы айырмашылық байқалады.
Олар жеке және объективтік пен
субъективтік тұрғы. Ар бұл қоғамдағы
адамның орны мен оған берілетін жалпы
бағасы және өзінің қадір-қасиетін сақтап
қалуға ұмтылу болып табылады. Оның
мазмұны әлеуметтік болады, яғни, жеке
тұлғасына тәуелді емес, сонымен қатар
ол адамгершілік принциптеріне жатады.
Ең алдымен ар адамның қоғамнан жеке
тұлғаға бағытталғандағы баға беретін
категориясы болады .
Субъективтік, жеке жағынан
қарағанда адамның өз істеріне баға беру
қабілеті, сол қоғамдағы арсыздық деп
саналатын өзіндегі өзімшілдік, өнегесіз
қасиеттерге тырысуы мен ниеттенуіне
басымшылық жасау, қоғамдағы қабыл-
данған моралдік ережелерге сәйкес іс-
әрекет жасау қабілетінде байқалады.
Ардың жеке жағы әрқашанда
әлеуметтік жағымен бірге жүреді, себебі
адам қоршаған ортаның пікірінен бас
тарта алмайды және соңында оған
бағынып, осының барлығы үлкен әсер
етеді.
Қоғамдық пікірдің рөлі өте зор,
сондықтан барлық қоғамдық пікірдің күші
әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік және
саяси қайраткерлердің, келіп, кетіп
отыратын саяси партиялар мен саяси
қозғалыстарда болады.
Олардың әсерінен кез келген қоғам-
дық тіршілік әрекетіндегі өмірлік маңыз-
ды өрістерінде өзгерістер болуы мүмкін.
Әрбір адам өзінің жасаған әрекеттері
туралы айтылатын басқа адамдардың
пікірімен келісуге тура келеді. Ол
бастапқы таңдау бостандығына бағына
алмайды.
Адамның әрекеті мен тәртібіне бер-
ген қоғамның жақсы бағасы, оны
қоршаған ортанын алдында мерейін
өсіріп, ар - сезіміне жақсы әсер етіп, оның
адамгершілігін жетілдіруіне күш береді.
Кейбір әртүрлі нәтиже нашар бағаға
алып келуі мүмкін. Мұндай кей жағдайда
адамдар өз қателері мен кемшіліктерін
түзетуге тырысады, ал басқа жағдайларда
оларды жетілдіре түседі. Сондықтан
қоғамның беретін бағасы дұрыс және
әділ болу керек.
Ар - тарихи категория болып табы-
лады, ол адам қоғамымен бірге пайда
болған, сондықтан да бұл адамгершілік
категорияны қазіргі жеке тұлға да, қоғам
да өзгерте де, жоя да алмайды. Демек,
адам ұжымы болған уақытта, сол ұжымның
жеке мүшелері қоршаған адамдардың
белгілі бір сынына ұшырайды. Қоғамның
беретін бағасы сынға түсетін адамның
жігері мен қалауына байланысты емес.
Ар - сөзінің мағынасының негізінде
адамгершілік белгілері жатыр. Соған
байланысты ар категориясында әділ күш
басымырақ болады. Бірақ қоғамның
біреуге беретін бағасының қалыптасуы
мүмкіндігі дұрыс емес деп айта алмаймыз.
Сонымен қатар, ар басқа адамдардың
санасы арқылы көрсетілетін жеке тұлға-
ның қадір-қасиеті, қоғамның беретін
бағасы, адамның дұрыс абыройы.
Намыс деген не?
Намыс адамның жан дүниесі мен
Отанының, отбасының, ұлтының, қор-
шаған орта мен қоғамының мәнін
сезінуімен оянып, соның амандығы мен
бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады.
Өзін-өзі танудан бастау алған адамның
рухани ізденісі оның қоршаған ортасын
меңгеруіне ұласады. "Малым - жанымның
садағасы, жаным - арымның садағасы"
деген қағидадан көрініс тапқан, яғни ар-
иманның қадірін білумен айқындалатын
намыстың бір түрі адамның адамдық
келбетін айқындайтын асыл қасиеті. Адам
өз бойындағы ең асыл құндылық иман,
ар-ождан қазынасы екенін танып
білгеннен кейін, оны қорғау, ұлғайту
қамымен ғылым, білім іздеп еңбектенсе
ол шын мәніндегі намысты тапқаны
күмәнсіз.
Намыстың тағы бір көрінісі - қоғам-
дағы өз орнын белгілегеннен кейінгі
қауым алдындағы өзінің адамдық борышы,
халқына еңбек ету бағытындағы адамның
отансүйгіштік сезімі. Бұл оның ұлттық
құндылықтарын түйсінуінен, туған хал-
қымен етенелігін сезініп, оның рухани
мұраларына деген риясыз ықыласынан
және туған елін қорғауға ұмтылысынан
байқалады. Сондай-ақ отбасының мұң-
мұқтажын қамтамасыз ету және оны
қорғаумен байланысты намыс тағы да
көрініс береді.
Адам өзі қымбат деп білген нәрсесін
неғұрлым қастерлеп, құрметтесе және
оған сүйіспеншілік сезіммен қараса - бұл
намыстың белгісі. Демек, намыс адамға
тән асыл ізгі махаббат сезімімен тығыз
байланысты. Махаббат намыстың сезім-
дік қайнары болса, намыс махаббаттың
құндылықтық мәні, әрекеттік қыры.
Намыс адамның жігерін жанып, ерлік пен
тәуекелге жетелейтін, табандылығын
арттырып, қажыр-қайрат беретін қуат.
Намыс жайлы Мұхаммед пайғамбар
(с.ғ.с.) хадисінде былай делінеді: "Ер
жігіттің үш намысы бар: бірі - иманы,
екіншісі - отаны, үшіншісі - отбасы, өзгесі
жалған намыс". Яғни баянсыз нәрселер
үшін бәсекеге түсу намыстың белгісі емес.
Ал адам қадір-қасиеті мәлім нәрселерді
сыртқы жаудан қорғаумен қатар, ішкі
жаудан, яғни адамның өз бойындағы ішкі
кеселдерінен қорғауының да маңызы зор
және бұған өте көп күш-қайратын
жұмсауға тура келеді.
Намыс деңгейі адамның өз бойындағы
нәпсіқұмарлық, қиянатшылдықпен
күресінен де көрінеді. Себебі, жоғарыда
аталған құндылықтарға сыртқы дұш-
панның жаулығынан гөрі адамның
Достарыңызбен бөлісу: |