Облыс џстаздарыныѓ газетi математика пәнінен облыстық олимпиада жаѓалыћтар. Хабарлар



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата06.03.2017
өлшемі5,95 Mb.
#8426
  1   2   3   4   5   6

БIЛIМ —  МIР ШЫРАЅЫ, ТЌРБИЕ — К ЃIЛ ШУАЅЫ

№11-12  (425) 1 маусым 2016  жыл                                                                      Газет 1998 жылдан  шығады.

ОБЛЫС

ЏСТАЗДАРЫНЫЃ

ГАЗЕТI

МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ОБЛЫСТЫҚ

ОЛИМПИАДА

ЖАЃАЛЫЋТАР. ХАБАРЛАР

Ұлттық ғылым Академиясының

академигі, физика-математика ғылым-

дарының докторы, профессор Асқар

Серкұлұлы Жұмаділдаевтың 60 жылды-

ғына арналған түрлі форматта облыс

көлемінде шаралар ұйымдастырылып,

ғалымның еңбектеріне құрмет көрсе-

тілді. Білім беру мекемелерінде оқушы-

лардың ойлау қабілетін дамыту мақса-

тында интеллектуалды ойындар, шах-

маттан, тоғызқұмалақтан сайыстар

өткізіліп, ғалым тұлғасын тануға бағыт-

талған танымдық конференциялар,

жиындар мен бұрыштар, физика-мате-

матика пәндері бойынша ашық сабақтар

өткізілді.

№4 облыстық дарынды балаларға



Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының академигі, физика-математика

ғылымдарының докторы Асқар Серкұлұлы Жұмаділдаевтың 60 жылдығына арналған 8-10-

сынып оқушылары арасында математика пәнінен облыстық

олимпиаданың баспасөз-хабарламасы

арналған мектеп-интернат базасында

математика бағыты бойынша пәндік

олимпиада ұйымдастырылып, оқушылар-

ды ғалым, физика-математика ғылым-

дарының докторы, профессор, Қазақстан

Республикасы Ұлттық ғылым Академия-

сының академигі Жұмаділдаев Асқар

Серқұлұлының өмірі мен ғылым жолын-

дағы еңбектерімен таныстыру, матема-

тика ғылымына қосқан үлестері туралы

мағлұмат беру, олимпиада жеңімпаз-

дарын марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімі басталмас бұрын

А.Жұмаділдаев барлық олимпиада қаты-

сушыларына математика пәнінің терең

сырын түсіндіріп, оқушыларды қызықты-

ру мақсатында арнайы дәріс өткізді.



КОНФЕРЕНЦИЯ ТАҒЫЛЫМЫ

Қазақстан Республикасының Мем-

лекеттік жалпыға міндетті білім беру

стандартына сәйкес, "География" пәні

"Жаратылыстану" білім саласына

енгізілген мектептің негізгі орта және

жалпы орта білім беру деңгейлерінде

міндетті түрде оқытылатын пән. "Гео-

графия" пәнінің білім мазмұны оқушы-

лардың функционалдық сауатты-

лықтарын қалыптастыруға бағытталған.

Осы бағытта география пәнін оқы-

тудың негізгі еркешеліктерін қалып-

тастыру мен дамытуда, оқушыларды

география пәнін оқытудағы әдістеме-

лерді жетілдірудың жолдарын қарас-

тыруда, оқушыларды ҰБТ-ге дайындауда,

ғылыми жобалар мен олимпиадаларға

дайындық жұмыстарын ұйымдастыруда,

жаңа технологиялар бойынша сабақтар

беру үдерісіндегі жаңалықтарды енгізу

мен оларды іске асыру мақсатында

облыстың география пәні мұғалім-

дерінің қатысуымен үстіміздегі жылдың

4-ші мамырында, облыстық оқу

орталығының базасында "Жаңартылған

бағдарламалар бойынша география

пәнін оқыту: проблемалары мен даму

болашағы" тақырыбында облыстық

ғылыми-практикалық конференция

болып өтті.

Конференцияның басты мақсаты,

білім беру жүйесін жаңарту, жаңғырту

кезеңінде жаңашыл ұстаздардың іс-

тәжірибесін басқаларға үлгі ету, шығар-

машыл ұстаздарға қолдау көрсету,

мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру,

мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін

дамытудағы белсенділікке, позитивті

ұсыныстар жасауға, ғылыми ізденістерге

ынталандыру болып табылды.

Конференцияға облыс бойынша

география пәнінің мұғалімдері,  педаго-

гикалық шеберлік орталығының тре-

нерлері, "Өрлеу" АҚ Қызылорда облысы

бойынша филиалының ұлттық тренерлері

мен Алматы қаласынан география пәні

оқулығының авторы, Республикалық

атаулы мектептің жетекшісі, педагогика

ғылымдарының докторы, профессор,

"Білім беру ісініңі үздігі" Ұ.Есназарова.

қатысты. Конференция 5 секция бойын-

ша жүргізілді.

Конференцияны облыстық оқу орта-

лығының директоры С.Асқаров ашып,

бүгінгі конференцияның мақсаты мен

міндеттерін, облыс бойынша география

пәні бойынша мұғалімдер мен оқушылар-

дың жетістіктерін ортаға салды.

"Қазақстанның физикалық география

курсын оқыту барысында оқушылардың

ф у н к ц и о н а л д ы қ

сауаттылығын дамы-

тудың әдіс-тәсілдері"

т а қ ы р ы б ы н д а

Республикалық атаулы

мектептің жетекшісі,

педагогика ғылым-

дарының докторы,

профессор география

пәні оқулығының авто-

ры Ұлжалғас Есна-

зарова, "География

пәнін оқытуда сын-

дарлы оқытудың тиім-

ділігі" тақырыбында

"Өрлеу" АҚ Қызылорда

қаласы бойынша фил-

иалының, деңгейлік

бағдарламалар орта-

лығының ұлттық тре-

нері Орынкүл Мыха-

нова, "Уақыт талабы

және білім беру

саласындағы инно-

вация"  тақырыбында

Қызылорда қаласы

бойынша педагоги-

калық шеберлік орта-

лығының тренері

Бауыржан Ділманов,

"Оқушылардың таным-

дық белсенділігін арт-

тырудағы кіріктірілген

білім берудің маңызы"

тақырыбында Жаңақорған ауданы

№163 орта мектептің география пәнінің

мұғалімі, республикалық атаулы мек-

тептің мүшесі, облыстық пән бірлестік

жетекшісі Меруерт Мелденова, "Геогра-

фия пәнінен оқушыларды ҰБТ-ге

дайындаудың тиімді жолдары" тақыры-

бында Шиелі ауданы №45 "Ақ Орда"

мектеп-гимназиясының география пәні-

нің мұғалімі Мейрамкүл Ережепова,

"География пәнінен оқушыларды пән-

дік олимпиадаға дайындаудың тиімді

әдістері мен географиялық есептерді

шешу жолдары" тақырыбында  Сырда-

рия ауданы, №42 орта мектебінің

география  пәнінің мұғалімі Ақтолқын

Бодықова,  "География пәнін оқытуда

оқулықпен жұмыстың жаңаша түрлерін

ендіру" тақырыбында  Қызылорда қала-

сы №217 орта мектебінің география

пәнінің мұғалімі Сандуғаш Шалқым-

баева, "Туған өлке экологиясын оқы-

тудың әдістемесі"  тақырыбында Жала-

ғаш ауданы №246 орта мектептің гео-

графия пәнінің мұғалімі Майра Ахме-

това баяндамалар жасады.

Конференция соңында секция

жұмыстары бойынша баяндама жасаған

мұғалімдерге облыстық оқу орталы-

ғының сертификаттары табысталды.

Ж.СЫЗДЫҚОВА,

облыстық оқу орталығының

әдіскері.

БІЛІКТІ ӘДІСКЕР, ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ

Білім саласының үздіктері

Болашақтың нұрлы болуына ықпал

етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш

- білім. Ал, білімнің кілті - білімді ұстаздың

қолында. Себебі, бұл мамандық тыным-

сыз еңбек пен шығармашылық ізденісті

қажет етеді. Осы орайда өзінің 30 жылға

жуық ұстаздық қызмет еткен жылдар

ішінде терең білімімен, ұйымдастыру-

шылық қабілетінің молдығымен, өз ісіне

деген жауапкершілікті сезіне білетінді-

гімен ерекше көзге түскен жандардың

бірі - Құндызай Жұматайқызы Айма-

ханова.


Әр оқушының ана тілімен қатар өзге

тілді де жетік меңгеріп, таза сөйлеп,

сауатты жазуын қалыптастыруды өзінің

негізгі міндеті деп білген Құндызай

Жұматайқызы І-санатты орыс тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Тынымсыз еңбегінің, білімі мен

біліктілігінің арқасында ол қарапайым

ұстаздықтан мектеп директорының оқу-

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, кейін

мектеп директоры, одан соң Қармақшы

аудандық оқушылар үйінің директоры

қызметтерін атқарса, ал 2005 жылдан

бастап  қазіргі күнге дейін Қармақшы

аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинет

меңгерушісі болып жемісті еңбек етуде.

"Жақсы адам ғана жақсы басшы бола

алады" демекші, білікті басшы, ұжым

мақтанышы, тәжірибелі ұстаз Құндызай

Жұматайқызы өзі басқаратын ұжымды

тек биік белестерге жетелеп келе

жатқанын ерекше атап өткім келеді. Бұл

сөзіме дәлел ретінде, қабілеті шыңдалған

ұйымдастырушылығының арқасында

2008 жылы білім қызметкерлерінің

облыстық "Үздік әдістемелік кабинет -

2008" байқауында жүлделі ІІІ-орынды

иеленсе, 2010 жылы облыстық "Үздік

әдістемелік кабинет - 2010" байқауында

Алғыс хатқа ие болды.

Ұстаздық қызметін абыроймен атқа-

рып, қыры мен сыры көп басшылық

қызметтерді де қоса атқарып, таразы

басын тең ұстап, ұстамдылық ұлағатын,

адамгершілік қасиеттерін паш ете  білген

Құндызай Жұматайқызы үстіміздегі

жылдың сәуір айында білім саласындағы

жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республи-

касы Білім және  ғылым министрлігінің

Мектепке дейінгі және орта білім,

ақпараттық технологиялар департамен-

тінің директоры Ж.Жонтаеваның қолы-

нан "Білім беру ісінің құрметті қызмет-

кері" төсбелгісін омырауына тақты.

Әрине, бұған дейін де Қармақшы

аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ

комитетінің "Ауданның үздік мұғалімі"

төсбелгісімен және аудандық білім бөлімі

мен Қызылорда облыстық білім беру

қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

және қайта даярлау институтының

Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен

марапатталаған.

Ұдайы игі шаралар мен  жарқын

істерді ұйымдастырумен ерекшеленіп

жүретін Құндызай Жұматайқызы - аудан

мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасула-

рын, шығармашылық, ізденімпаздық

қабілеттерін шыңдауда аудандық, облыс-

тық дәрежедегі семинар-практикумдар,

ғылыми-практикалық конференциялар

мен өзге де шараларды жоғары деңгейде

өткізуде.

 Құндызай Жұматайқызының білім

беру саласында жаңаша көзқарас,

жаңаша қарым-қатынас қалыптастыру

мақсатында жазылған ғылыми мақала-

лары облыстық басылымдарда және

облыстық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік

конференция материалдарының жина-

ғында жарияланған.

Өз қызметіне бар күш-жігерін салып,

оқушыларына сүйікті ұстаз, әріптестеріне

сыйлы, ұжымына білікті басшы бола

білген Құндызай Жұматайқызының әлі де

біраз белесті бағындыра беретініне

сеніміміз мол.

Данасұлу ЖҰМАҒАЗИЕВА,

№272 орта мектептің ғылыми-

әдістемелік жұмыстар

жөніндегі орынбасары.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ

"Білекті бірді жығады, білімді мыңды

жығады" деген қазақтың мақалының

өзектілігі бүгінгі заман талабына сай

келеді.

Қаламыздағы Ы.Алтынсарин атын-



дағы №10 мектеп-лицейінің 10 "Ә" сынып

оқушысы, қалалық, облыстық олимпиада-

лардың бас жүлдегері, мектебіміздің

мақтанышы Мадина Тоғызбай осының

дәлелі. Мадинаның білімділігі 2016 жылғы

26-27 наурыз күндері Солтүстік Қазақстан

облысының орталығы - Петропавл қала-

сында өткен  қоғамдық гуманитарлық

бағыттағы жалпы білім беретін пәндер

бойынша республикалық олимпиадада

тағы бір рет дәлелденді.Бұл олимпиада

білімнің биік шыңын бағындырып,

жарқын табыстарға қол жеткізетін

дарынды жастарға жасалған қамқорлық.

Сондай-ақ, оқушылардың мүмкіндіктерін

айқындайтын - білім сынағы болатын.

Олимпиадаға Мадина тарих пәні бойын-

ша қатысып, ІІІ-дәрежелі дипломмен

марапатталды.

Әрине, оқушының осындай

жетістіктерге жетуіне ықпал еткен,

оны білім жолына шыңдаған

ұстазы, мектебіміздің тарих пәнінің

жоғары санатты мұғалімі Ораз-

бахова Манат Қасымбайқызының

еңбегі зор. Оқушыларға білім беру

кеңістігінде тәжірибелі де білімді

ұстаздың жетістіктері де жетерлік.

Осындай ұстаздың еткен еңбегінің

арқасында Мадинаның жетістігі

мектебімізді республика көлеміне

танымал етіп, Берік Қалыбайұлы

басқарып отырған ұжымды бір

қуантып тастады.



Әлия КАЛЕНОВА,

Ы.Алтынсарин атындағы

№10 мектеп-лицей мұғалімі.

Қызылорда қаласы.



Бәрекелді!

"ҮЙІРМЕНІҢ ҮЗДІГІ - 2016"

Олимпиадаға барлығы 73 оқушы

қатысты. Арал ауданынан - 3, Қазалы

ауданынан - 3, Қармақшы ауданынан -

3, Жалағаш ауданынан - 6, Сырдария

ауданынан - 9, Шиелі ауданынан - 9,

Жаңақорған ауданынан - 3, Қызылорда

қаласынан - 9, №4 дарынды балаларға

арналған мектеп - интернатынан -10, №9

қазақ-түрік лицейінен - 9, №10 қазақ-

түрік лицейінен - 9 оқушы білім

бәсекесіне түсті.

Марапаттау рәсіміне облыстық білім

басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев,

А.Жұмаділдаев, "Өрлеу" біліктілікті

арттыру институтының директоры

Б.Елеусінов қатысты.

Оқушылар мен жасөспірімдер

Үйінде "Бейнелеу қолданбалы бағыты"

бірлестігінің әдістемелік күндері болып

өтті. Әдістемелік күндерде "Үйірменің

үздігі  - 2016"  атты үйірмеаралық сайыс

болып өтті.

Сайыс шарттары бойынша жан-

жақты тиянақты дайындалып келген

үйірме оқушылары бар білімдері мен

өнерлерін ортаға салды. Әділқазылар

алқасы қатысушыларды сан қырынан

саралады.

Сайыс қорытындысы бойынша

"Қуыршақ театры" үйірмесінен Самат

Аяулым I-орынды, "Қолөнер" үйірме-

сінен Оңдасын Нурилла II-орынды,

"Қазақ тілі" үйірмесінен Өтепберген

Нұргелді III-орынды иеленді. "Жас

саяхатшылар" үйірмесінен Садуақасова

Арайлым, "Сахна тілі" үйірмесінен

Жаханова Сымбат, "Флористика"

үйірмесінен Жаңабай Ақерке, "Жас

информатик" үйірмесінен Серік Дархан

Алғыс хатпен марапатталды.

Жанар АБДРАМАНОВА,

оқушылар мен жасөспірімдер Үйі

"Қолөнер" үйірмесінің жетекшісі.

Тасбөгет кенті.



СОҢҒЫ  ҚОҢЫРАУ  САЛТАНАТЫ

25 мамыр күнгі соңғы қоңырау

салтанаты Қызылорда қаласындағы

Мұстафа Шоқай атындағы №187 орта

мектепте "Мәңгілік ел - болашағы-

мыздың бағдары" тақырыбында аталып

өтті.

Мектеп түлектерін білім ұясының



директоры, тарих ғылымының

кандидаты, доцент Айгүл Мұсабаева

құттықтап, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде

биылғы жылы алтын ұя мектебінен 24-

ші түлектердің үлкен өмірге қанат

қаққалы отырғанын, осы 37 түлектің

3-еуі "Алтын белгі", 3-еуі "Үздік

аттестат" үміткері екенін тілге тиек

етті. Сонымен бірге, мектепте респуб-

ликалық "100 үздік ұстаздар" бай-

қауынан 10 мұғалімнің жеңімпаз

атанып, төс белгімен марапатталғанын,

30 ұстаздың жоғары санатты маман

екенін және 2015-2016 оқу жылында

мектеп шәкірттері Назарбаев зият-

керлік мектебінің бағдарламасы

бойынша уақыт талабына сай білім

алғанын айтты.

Мектеп бітірушілерді облыстық

мәслихат депутаты Бақдәулет

Махашов, қоғамдық келісім мекеме-

сінің директоры У.Ыбыраев, "Өрлеу"

ұлттық біліктілікті арттыру орталығы

директорының орынбасары Сәкен

Серікбаев, облыстық "Сыр мектебі"

газетінің қызметкері, Қазақстан

Жазушылар Одағының мүшесі Толы-

бай Абылаев, Қызылорда қалалық білім

бөлімінің бас маманы Гүлшат Бал-

мағанбетовалар құттықтап, жүрек-

жарды лебіздерін білдірді. Өз кезегінде

мектеп түлектері үздік ұстаздарға гүл

шоқтарын ұсынды. Мектеп директоры

А.Мұсабаева әртүрлі номинациялар

бойынша үстіміздегі оқу жылында

үздік атанған бір топ ұстаздарды

марапаттады. Бір ерекшелігі, үсті-

міздегі оқу жылында білім ұясынан

ұшқалы отырған 37 түлектің оннан

астамы бір ғана Мәскеудегі Тимиярзев

атындағы ауыл шаруашылығы ака-

демиясының грант иегерлері атаныпты.

Түлектердің ата-аналары ұстаздар

қауымына щын жүректен алғыс

сезімдерін білдірді.

                          ХХХ

Осы күні мектеп бітірушілердің

соңғы қоңырау салтанаты облыстағы

білім ордаларының барлығында да

жоғары дәрежеде болып өтті.



Т.Нұржан-Балта.

ЖАС   МАМАНДАР   БАЙҚАУЫ

Биылғы 2015-2016 оқу жылында

№189 орта мектебіміз көптеген жас

мамандармен толықты. Соның

негізінде "Жігерлі жас" жас мамандар

орталығы құрылған болатын.

Жақында орталықта шығармашыл

жас мамандарды қолдап, олардың

кәсіби деңгейлерін көтеру мақсатында

"Жылдың жас маманы - 2016" байқауы

өткізілді. Байқауға сегіз жас ұстаз

қатысып, 4 кезең бойынша өзара

сынасты. Олардың қатарында дене

шынықтыру пәнінің мұғалімі Айбатыр

Сағашов, биология пәнінің мұғалімі

Сандуғаш Молдабайқызы, ағылшын

тілі пәнінің мұғалімі Салтанат

Әбдібекова, Перизат Келімбетова,

бастауыш сынып мұғалімі Ләйлә

Иманова, Жанат Әубакирова, Айнұр

Құдайбергенова, информатика

пәнініңі мұғалімі Мөлдір Рысбаева

болды.

Байқаудың алғашқы кезеңдерінде



компьютерлік сауаттылықтарын,

панорамалық сабақтарын және өздерін

өлең шумақтарымен таныстырып, ал

панорамалық ашық сабақ көрсету

бөлімінде әрбір жас ұстаз  өз пәні

бойынша сабақ өткізу ерекшеліктерін

көрсете білді.

Сынға түскен сәтте жас ұстаздар

өзін тек қана мұғалім ғана емес, әрі

әнші, әрі биші екендіктерін көрсетті.

Атап айтатын болсақ, Ләйлә Иманова

"Әке тілегі" атты монолог оқыса,

Перизат Келімбетова ақиық ақынымыз

М.Мақатаевтың "Ғашықпын" өлеңін

мәнерлеп жатқа оқыды. Мөлдір

Рысбаева "Өзбек" биін билеп, Айбатыр

Сағашов "Ол сен емес" әнін шырқады.

Байқау қорытындысында "Жыл-

дың жас маманы - 2016" аталымының

иегері ағылшын пәнінің мұғалімі

Салтанат Әбдібекова, ІІ-орын иегері

биология пәнінің мұғалімі Сандуғаш

Молдабайқызы, ІІІ-орын иегері дене

шынықтыру пәнінің мұғалімі Айбатыр

Сағашов атанды.

К.ҚАЙРУЛЛАЕВА,

№189 орта мектептің қазақ тілі

мен әдебиет пәнінің мұғалімі.


2

          1 маусым  2016 жыл

Тағылым


Дастарханның қадір-қасиеті қан-

дай?

Қазақ дастарханы жиылмаған,

қонағы тыйылмаған, өзі аттан түспеген,

қазаны оттан түспеген халық. Дастархан

деген сөздің екінші бөлігі Хан деп бекер

айтылмаған. Азаматты хан қылатын да,

құл қылатын да дастархан дегенді

білдірсе керек. Дастарханның киесі,

қасиеті, шарапаты, шапағаты шексіз.

Дана қазақ: "Атың барда, желіп жүріп

жер таны, асың барда беріп жүріп, ел

таны", "Аллаға жағамын  десең, азанды

бол, халыққа жағамын десең, қазанды

бол", "Бір күн дәмдеске, қырық күн

салем", "Таспен ұрғанды, аспен ұр",

"Қонақ кірсе есіктен, бәлекет кетер

тесіктен", "Қонақ өз несібесін ала келеді",

"Би бол, би болмасаң би түсетін үй бол",

"Мың сіз-бізден, бір шыж-быж артық",

"Сен қонақ болсаң мен құлмын, мен

қонақ болсам, сен құлсың", "Аруағым-

нан аттасаң да, ақ дастарханымнан

аттама", "Дастарханнан шегіртке де

аттамайды" дейді.



Кәде сүйек деген не?

Бұрынғы өткен ата-бабамыз ұл

баланың тәрбиесіне аса мән берген. Ұл

бала шаңырағыңды шайқалтпайтын,

ошақ отыңды өшірмейтін, ізіңді

жалғастыратын болашағың. Балаңды

жақсы көру деген сүт бетіне қаймақ ғып

әлпештей беру емес. Ретті жерінде ақыл

айту, білмегенін ұғындыру, аз -кем оғаш

қылықтарын көрсең қабағыңмен жасқау

қажет. Мұның бәрі түптеп келгенде

болашағыңның қамы.

Баяғы қасиетті шалдар ер балаға бес

жастан бастап құман ұстатып қонақтың

қолына су құйғызған. Онға толса, пышақ

ұстап ет турайды, он бес жастан бастап

табақ тартады, жиырма жастан бастап

сыбанып табақ жасайды.

Төріңде отырған қонаққа тартыла-

тын табақтың да табағы бар. Табаққа

салынатын сүйектің де сүйегі бар.

Ең сыйлы сүйек жамбас, одан соң

жауырын, одан соң кәрі жілік, ортан

жілік, тоқпан жілік, асық жілік боп

жіктеледі.

Басты жоғары табаққа саласың.

Жанына етін көп сылымай жамбасты

ертесің. Қой жаңадан сойылса, бұл екі

кәделі сүйек жеке дара берілмейді. Бұл

қонаққа деген құрметің. Он сүбе

қабырғаны жоғары төрт табаққа,

алтауын екі жауырынға, төртеуін екі

асық жілікке үстейсің. Қалған сегіз

жілікке екі-екіден бұғана қабырғаны

еншілейсің. Төсті күйеуге, құйымшақты

- қызға, мойын мен көтенді - қойшыға,

ішек-қарын, талақ, сирақты қатын-

қалаш, бала-шағаға ұстатасың.

Кәделі сүйек орнын тапқанда ғана

қонақтарыңның көңілі жайланады.

Әйтпесе "сыбағамды ата да итке сал"

дейтін қазақтың көңілі қапелімде көнши

қоймайды. Сүйек шатастырсаң ата-

анаңа сын. Босағаңнан кекірігі азып

шыққан қонақтың өзі бірер қыр асқан

соң әлгі қылығыңды сан-саққа жүгіртіп

әңгіме бастайды.

Қазірде кәде сүйек тергеп жатқан-

дар аз ғой. Десе де ата-баба дәстүрін

ұмытпаған абзал.



Қазақтың тағамдары қандай?

Қазы - жылқының майлы қабырғасын

етімен қоса сылып алып, тұздап ішекке

тығылып жасалатын қоректі, сыйлы,

жеңсік тағам.

Қарта - жылқының қатпар-қатпар

майлы ішегінен жасалатын сыйлы тағам.

Жал - жылқының пісірілген желке

майы, көбінесе басмармаққа салынады.

Жая - жылқы жамбасының тұтасқан

майлы сырт етінен пісірілген дәмді

тағам.


Өркеш - түйенің піскен өркеш майы.

Құйрық - қойдың кесек құйрық

майы.

Шұжық - шикі еттің майлы жерінен



ұсақтап турап, тұз, бұрыш қосып ішекке

тығып жасалған тағам.

Бұжы - бүйеннің ішіне ет, май тығып

жасалған үлкен шұжық.

Әсіп - жүректі, бүйректі, өкпені,

бауырды ұсақтап турап, күріш

араластырып ішекке тығып жасалған

тағам.


Сүр - тұздалып, қақталған ет.

Борша - тілімдеп кесілген кепкен ет.

Құйрық - бауыр - қойдың піскен

бауырын жұқа турап, үстіне жұқа

тілінген құйрық май қондырып құда-

ларға тартатын сыйлы тағам.

Қуырдақ - ұсақтап турап майға

қуырған тұзды ет.

Кәуап (кебеп) - істікке түйреп, отқа

қақтап пісірілген кесек ет.

Шұрай - қазының ең семіз майлы

жері.


Шұрқап (май шұрқап) - семіз ет,

құйрық, өкпе, бүйрек қосып қайнататын,

үстіне талқан не ұн салып дайындаған

қуырдақтың бір түрі.

Шыжық - құйрық майды, түйенің

өркешін шыжғырғанда ерімей пыш

болып қалған түйін май.

Томыртқа - бір түйір мұз қосқан

майлы сорпа.

Нарын (турама) - піскен ет пен

қамырды ұсақтап турап, араластырып,

үстіне сорпа құйған ыстық тағам.

Уыз - жас төлдеген малдың алғашқы

3-4 күндік қою уыз сүтінен пісірілетін

дәмді тағам.

Қаймақ - 1.Сүт бетіне жиналған

майлы қабат. 2.Машинаға тартылып,

сүттен айырылған майлы бөлік.

Балқаймақ - шикі қаймақтан, кіле-

гейден тортасын айырмай пісірілген

майлы, дәмді тағам.

Кілегей - сүт бетінде тұратын майлы

қабат, шикі қаймақ.

Торта - сарымайды еріткенде бөлін-

ген тұнба, қалдық.

Сарымай - сүтті күбіге құйып пісу

арқылы немесе қаймақ кілегейді шайқау

арқылы алынатын құнарлы майлы

тағам.

Қатық - ашытқы құйып ұйытқан сүт.



Айран - қою қатықтың салқын сумен

біртіндеп томыртқалай отырып күбіге

пісіп, майы алынған сұйық қалдығы.

Ұйытқы - сүтті ұйытып, қатық жасай-

тын қою сұйық нәр.

Іркіт - құрт қайнату үшін үлкен ыдысқа

құйып, жиналған сүтті пісіп майын

алғаннан соң қалған ақ сусын.

Құрт - қатықтың, сүзбенің суын сарық-

тырып, сығып кептірілген домалақ қатты

сүт тағамы.

Баспа құрт - жұмыр, тұз сіңген құрт.

Жас құрт - шала кепкен жұмсақ құрт.

Сықпа құрт - сүзбеден сығып жасал-

ған сопақша құрт.

Малта - құрттың езіліп кішірейген

түрі.

Ақ малта - құрттың ең соңғы езілуінен



қалдық.

Ақ түймеш - жаңа қайнатқан құрт.

Ірімшік - майлы сүтті ұзақ қайнату

арқылы алынатын ақшыл сарғыш түсті

қою сүт тағамы.

Ақ ірімшік - ыстық сүтке іріткі құй-

ғанда қоюланып қататын сүт тағамы.

Сарысу - қайнатылған ірімшік суы

тұнбасының кептірілгені, тәтті кенеулі

тағамы.


Сырынды - сарысуды қайнатудан

өңдіріліп кептірілген тағам.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет