Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет107/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   284
Күтілетін  нәтижелер:  Ерекше  білімді  қажет  ететін  оқушыларға  көмектеседі; 
Оқушыларың  сабаққа  деген  қызығушылығын  арттырады;  Сабақта  пайдаланылатын 
көрнекіліктердің  санын  арттырады;  Оқушыларды  жеке  жұмыс  істеуге  үйретеді; 
Оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;Ерекше білімді 
қажет  ететін  оқушыларды  сенсорлық  және  сенсомоторлық  дамытады;  Қол  моторикасын 
жетілдіреді;Эмоциялық ерік саласын түзетеді және жетілдіреді; Қарым қатынас дағдыларын 
қалыптастырып және әлеуметтік бейімдеу жұмыстары жүргізіледі.  
Инклюзивті  білім  берудің  негізгі  принциптері: 
   Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне тәуелді емес; 
   Әрбір адам ойлау мен сезінуге қабілетті; 
   Әрбір адам қарым – қатынасқа құқылы; 
  Барлық адамдар бір-біріне қажет
  Түбегейлі білім шынайы өзара қарым-қатынас негізінде жүзеге асады; 
   Барлық адамдар бір-бірінің қолдауына, қатарластарының достығына мұқтаж; 
  Әртүрлілік адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 
 Инклюзитивтік білім берудің тиімділіктері: 
   Бала бойында өз-өзіне деген сенімділік жоғарылайды; 
  Бала басқа балалармен бірдей деңгейде білім алады; 


164 
 
  Өзі қатарлас балалармен қарым-қатынас орнатады; 
   Дені сау бала мүгедек балалардың жан дүниесін ұғына алады; 
   Қоғам дамуына байланысты қалыптасады. 
Психологиялық-  педагогикалық  қолдау    көрсету  қызметінің  әр  маманы  өз  бағыттары 
бойынша  жұмыс  істейді.  Бұл  біріккен  психологиялық-  педагогикалық  қолдау    қызметінің 
басты мақсаты-ерекше қажеттілігі бар балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. 
 Инклюзивті білім беру педагог-психологының негізгі бағыттары:  
1. Психодиагностика бағыт  
2. Түзету-дамыту бағыты 
3. Психологиялық кеңес беру 
4. Әлеуметтік-бейімдеу 
5. Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет