Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ



Pdf көрінісі
бет11/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   284
 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ 
ӘДІСТЕМЕЛІК ТҰРҒЫДАН ҚОЛДАУ 
 
Бошанова Карлыгаш Аскаровна
№1 Алға мектеп-бақшасының география пәні мұғалімі, Алға ауданы 
 
Ерекше оқытуды қажет ететін (әрі қарай ЕОҚЕ) балаларға сабақ беретін мұғалім бүгінгі 
заман талабына сай  білікті, терең білімді,  ашық жарқын мінезді, қажыр- қайратты, жаңашыл 
еңбекқор  мұғалім  болғаны  дұрыс.  Қарым-қатынас  кезінде  әр  баланың  жан-дүниесін  сезініп 
кемшіліктерін түзетіп, жетістіктерін дамытатындай болуы қажет. Дегенмен  оқыту оңай емес
бірақ жанында ізгілік пен жанашырлық, өз ісіне деген сүйіспеншілікті бойына сіңіре білген 
ұстазға ерекше балалармен жұмыс жасау игі іс екені белгілі. 
Жалпы класта оқушы саны көп болғандықтан, әр балаға жеке көңіл бөліп, назардан тыс 
қалдырмай  жұмыстану  қажет,  дегенмен  өкінішке  орай  осы  жайт  ескерусіз  қалып  жатады. 
Мектептердегі  мұғалімдер  ерекше  бала  класқа  келген  кезде  оны  қандай  оқулықтармен 
оқытып,  қандай  әдістемелік  құралдарды  пайдалану  керектігін  білу  бүгінгі  күннің 
сұранымы.Бұл  мәселенің  артынан  туындайтын  мәселе  кадр  жеткіліксіздігі.    Осыған  орай 
ауданымызда соңғы 2015- 2018 жыл аралығында  үйден және инклюзивті  сабақ беретін пән 
мұғалімдеріне  арналған  «Өрлеу»  біліктілігін арттыру  институтына  сұраныс  жазып  арнаулы 
курстан 145 мұғалім өтіп, өз білімін жетілдірді. Курс соңында педагогтар инклюзивті білім 
беру мен  ерекше балаларды оқыту барысындағы мәселелерге көзқарастарын толық өзгертіп, 
түсіністікпен қарайтыны белгілі.  Осыған орай мен әлі  де   мүмкіндік болса курстан өтпеген 
педагогтарымызды арнайы курстан өткізуге ықпал ету керек деп ойлаймын. 
ҚР заңдылықтар мен  Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік ұсынымдамалары 
мен  нұсқаулықтарын  басшылыққа  алып,  инклюзивті      оқыту  барысында    оқу-әдістемелік 
құралдар мен дидактикалық материалдар қорын жинақтап жұмыс барысында қолдану қажет. 
Инклюзивті  оқыту  кезінде  ПМПК  қорытындысы  негізінде  ұсынылған,  білім  беру 
бағдарламаларына  сәйкес  оқушының  білім  деңгейіне  талдау  жұмыстарын  жүргізе  отырып, 
жеке  оқыту бағдарламалары құрып, бекітілуі тиіс екендігі ескеру керек.Сонымен, инклюзивті 
білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама 
бойынша реттеледі.  Атап айтқанда: 
1. Жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары;  
2.  ЕОҚЕ  балалардың    жеңіл  ақыл  ой  кемістігі  бар  балаларға  арналған    І  типті  оқу 
бағдарламалары  және  орташа  ақыл  ой  кемістігі    бар  балаларға  арналған  ІІ  типті  оқу 
бағдарламалары; 
3.    ЕОҚЕ  балалардың  психофизикалық  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып  әзірленетін 
оқытудың жеке (арнайы) бағдарламасы. 
ЕОҚЕ оқушыларға білім беру бағдарламасы негізінде, типтік оқу жоспарларына сәйкес 
мектеп директорының орынбасары жеке сабақ кестесін жасайды. Оны ата-аналары мен және 
жүктемелері  оқу  жоспары  бойынша  бөлінген  мүғалімдермен  келіседі.  Ата-аналармен 
келісілген кестені мектеп директоры бекітеді.  Оқытудың 
ұсынылған 
бағдарламасына 
сәйкес  күнтізбелік-тақырыптық  жоспар  жалпы  тәртіп  бойынша  бекітіледі.Мектеп 
әкімшілігі сабақтардың  дер  кезінде  өткізілуіне,  оқу  бағдарламалары  мен  жеке  оқыту 
әдістемелерінің  орындалуына  бақылау  жасайды.  Бұл  мәселе жылына  2  рет   мектепішілік 
бақылау  кезінде,  сондай-ақ  жыл  қорытындысы  бойынша  педагогикалық  кеңесте 
қарастырылады.  Тоқсан  қорытындысы  бойынша  педконсилиум  отырысында  ЕОҚЕ 
оқушыларды  бағдарламаны  меңгергендігі  немесе  білім  деңгейі,  психологиялық,  әлеуметтік 
жай-күйі туралы мәселелер талданып, педконсилиум төрағасыныңталдау есебі тыңдалады.  
Пән мұғалімдері әр оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың диагнозына 
қарай  жұмыс  жүргізсе,  оқушының  білімге  деген  құлшынысы  артып,  өзіндік  дарындылығы 
айқындалады деп ойлаймын. Жаңаша білім берудің негізгі тәжірибелік міндеттерін шешуде 
мектептегі  жаңалықтармен  дамуды,  қолданылған  әрекеттер  мен  құралдардың  тиімділігін 


14 
 
диагностикалау  негізінде  анықтауға  болады.  Осыған  байланысты  педагогтар  өз  қызметінің 
обьектісіне әлеуметтік психологиялық және педагогикалық мінездеме беріп, танып, білумен 
зерттеуәдістерін меңгерулері керек. Әр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың 
өзіндік дарындылығын ашып, өмірдегі өз орнын, өз мамандығын табуға әсерін тигізері анық.   
Интеллекті бұзылған оқушыларды соның ішінде ақыл ой кемісті бар оқушыларды оқыту 
барысында  пән  мұғалімдері  зейіні  тұрақсыз,  тіл  мүкістігі  бар  баланы  қалай  оқытып, 
сауаттандыратынын білмейді. Өз жұмысына, баланың болашағына жауапкершілік танытқан 
педагог ізденіп, қалайда алдына келген оқушыны деңгейіне қарай қатарынан қосуға тырысуы 
қажет.   
Типтік оқу жоспарларында көрсетілгендей, орташа ақыл- ой кемістігі бар оқушылар 1-9 
класс аралығында  бастауыш білім беру деңгейінің  типтік оқу бағдарламасы (ІІтип)арқылы 
білім алады. Бұл дегеніміз 1 кластан бастап 9 класқа дейін аталған диагнозы бар оқушылардың 
пәндері өзгермей, негізгі оқулары әлеуметтік тұрмыстық бағдарға бағытталады.  
Жоғарыда интелекті бұзылған ЕОҚЕ балалар 3 түрлі бағдарламамен оқытылатын айтқан 
болатынмын,  соның  бірі    орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушыларға  арналған  «Санау»  пәні 
туралы айта кетсек.  
Ақыл-ойы    кешеуілдеген  балаларда  танымдық  әрекеттерінің  терең  жетіспеушілігі 
байқалып, есептеу әрекетін игеруге күрделі қиындықтар келтіреді. Сондықтан оқушыларды 
оқыту  едәуір  дайындық  кезеңінен  басталып,  ұзақтығы  2  жылға  дейін  созылуы  мүмкін. 
Дайындық кезеңінде оқу үрдісі пәнсіз оқыту  негізінде ұйымдастырылады. Барлық сабақтар 
кіріктендіре оқылып оқушылардың жалпы дамуына (қарым-қатынас, қимыл-қозғалыс, сөйлеу, 
сезімдік)  бағытталған.  Оқушылардың  жеке  дара  дамуына  қарай,  оқу  үрдісіндегі  жағымды 
өзгеріс байқалған жағдайда пәндік оқытуға ауысады.  
«Санау»  оқу  пәнінің  мақсаты  –  оқушылардың  тұрмыста  бейімделуге  және  қолжетімді 
шаруашылық-еңбекті меңгеруге қажетті  қарапайым математикалық түсініктерді, икем және 
дағдыларды  қалыптастыру  болып  табылады.  Бұл  дегеніміз  оқушыға  көбейту  кестесін  т.б. 
есептерді  үйретіп  оқушыны  жалықтырмай,  қиындығы  және  көлемі  қолжетімді  деңгейдегі 
материалмен жұмыс жүргізу керек 
Санау пәнінің негізгі міндеттері:  
1) қарапайым есептеу әрекетін меңгерген икем-дағдыларын күнделікті өмірде қолдануды 
үйрету; 
2) танымдық аймағын, жағымды сезімдік-еріктік қасиеттерін, қозғалыс ептілігін, заттық-
тәжірибелік әрекеттерін дамытып, қалыптастыруға ықпалдасу
3)  сабаққа  қызығушылығын  арттыру,  басқа  балалармен  және  ересектермен  қарым-
қатынас орната білуін дамыту. 
Аталған  бағдарламаның  дайындық кезеңінде  (пәнсіз  оқыту  кезеңі)  және  «Санау»  пәні 
бойынша  мұғалімнің  жеке  оқыту  бағдарламасын  құрастырғанда  қолданатын  оқу 
материалының үлгілі тізімі берілген. Бағдарлама мазмұны ұсыныс ретінде беріледі, сондықтан 
мұғалім  әр  оқушының  мүмкіндігін  және  ерекше  қажеттіліктерін  ескере  отырып  оқыту 
мазмұнына өзгерістер енгізуге құқылы.  
Бағдарламадағы  оқу  материалдары  оқу  кезеңдеріне  сәйкес  бөлінген.  Әр  кезеңнің 
материалы  аяқталған  және  жүйеленген,  алдыңғы  және  келесі  кезеңдегі  материалмен 
логикалық байланыста және қиындығы және көлемі біртіндеп арта береді.  
Балаларды  оқытудың  жаңа  кезеңіне  алдыңғы  кезеңдегі  дағдыларды  бекіткеннен  кейін 
ауыстырады.  Әр  деңгейдің  икем-дағдыларын  қалыптастыруға  қажетті  уақытты  сыныптағы 
оқушыларға  мұғалім  өзі  білгілейді.  Мұғалім  оқушыларымен  қиындығы  және  көлемі 
қолжетімді деңгейдегі материалмен жұмыс жүргізу керек. Бұл оқудағы нәтижені қамтамасыз 
етеді  жәнекүнделікті  өмірде  қарапайым  математикалық  дағдыларды  қолдануымен 
айқындалады 
Оқушылармен  жұмыс  жүргізу  кезінде  пән  шеңберінде  келесі  пәндермен  пәнаралық 
байланыс  орнатылады:  «Дүниетану»,  «Заттық-практикалық  әрекет»,  «Өзі-өзіне  қызмет 
көрсету»,  «Бейнелеу»,  «Психомотрика  және  сенсорлы  үрдістерді  дамыту»  түзету  курсымен 


15 
 
әсіресе  дайындық  кезеңінде.  Дайындық  кезеңіндегі  және  қарапайым  математикалық 
түсініктерді  қалыптастыру  кезеңіндегі  сабақтарда  оқушылардың  іс-әрекетін  ұйымдастыру 
барысында аталған оқу пәндерінің мазмұнын пайдалану қажет.. 
Оқушыларды оқытудың бірінші кезеңінен күтілетін нәтижелер төмендегідей: 
1) заттардың санын саусақтар санымен, сан есіммен және цифрмен сәйкестендіру; 
2) берілген цифрды үлгімен және аталуы бойынша цифрлер кассадан табу; 
3)  түпнұсқаға,  үлгіге  қарап  геометриялық  пішіндерден  қарапайым  аппликациялар 
құрастыру 
4) заттардың топтарын жұпатастыру, қайта санау арқылы салыстыру;  
5)  заттардың  екі  тобын  қосу  және  кейбір  бөліктерін  топтан  алу.  Осы  практикалық 
әрекеттерді «+» және «-» амалдарымен сәйкестендіру; 
6) цифрлар мен белгілерден қосу және азайту амалдарына заттық-тәжірибелік әрекеттің 
артынан мысалдар келтіру. Осы мысалдарды оқу; 
7)  амалдың  нәтижесін  анықтау  үшін  заттық  әрекеттік  амалды  қолдануымен, 
калькуляторды пайдалануымен 
8) тиындарды ойында және жаттығуларда тану
9)  5 теңге тиынын майдалау, 1 теңгелік 5 тиынды 5 теңгелік тиынмен алмастыру; 
ЕОҚЕ  балаларды  оқыту  барысында  «Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  ерекше 
қажеттіліктері  бар  оқушылардыңоқу  жетістіктерін  критериалды  бағалау  жүйесі»  әдістемлік 
ұсынымы арқылы бағалау жүргіземіз.  
Критериалды бағалау – бағалау мен өзін өзі бағалаудың әртүрлі пішіні, әдістері аясында 
қолданылатын тәсілдеме.  Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде арнайы оқу бағдарламалары 
материалдарын меңгеруде  зерде бұзылыстары бар балалардың  білімдердің, икемдердің және 
дағдылардың сапасына әсерін тигізетін спецификалық (өзіне тән, ерекше) қиыншылықтарын 
бақылау  барысында      4  типологиялық  топтарға  үйлестіретін  оқушылардың  білім  алу 
мүмкіндіктері  бойынша  оқушылардың  педагогикалық  жіктемесі  жасалды.    Көру,  есту 
қабілеттерінде,  тірек-қимыл  аппаратында  күрделі  бұзылыстары,  психикалық  дамуында 
тежелулері  бар  балалардың  санатын  да  ескеру  қажет.  Олардың  жалпы  білім  беру 
бағдарламаларын  меңгеру  нәтижелері  бастауыш  жалпы  білім  деңгейіне  сәйкес  келмейді. 
Ондай  балалар  жоғары  сыныптардағы  білімін  бастауыш  сатыға  сабақтас  бағдарламасына 
сәйкес  бағдарлама  бойынша  жалғастыра  алады.    Жетістіктерді  формальды  бағалауға 
балалардың бұл санаты жатпайды. Алайда, осы топтағы балалардың білім сапасына міндетті 
түрде  мониторинг  жүргізілуі  тиіс.    Осыған  орай,  ЕОҚЕ  балалардың  түрлі  топтарындағы 
шынайы  жетістіктер  туралы  объективті  қорытындыларды  жасауға  мүмкіндік  беретін 
критерийлер,  көрсеткіштер  және  индикаторлар  жүйесінің  нақты  тізбегі  болатындай 
бағалаудың жүйесін түзу өте маңызды. Бағалау критерийлері дамуындағы түрлі бұзылыстары 
бар  білім  алушылар  үшін  бірыңғай,  ал  оның  жеке  көрсеткіштері  ерекшеленуі  де  мүмкін.  
Балалардың  әр  түрлі  санатындағы  білім  алушылардың  арасында  дамуындағы  ауыр  және 
көптүрлі бұзылыстарымен де балалар бар, олар үшін білім алу жеке мүмкіндіктеріне сәйкес 
келетін  жеке  білімділік  бағдарламалары  бойынша  оқытуды  көздейді.Осылайша,  жеке 
білімділік  бағдарламалары  бойынша  білім  алып  жүрген  мектеп  оқушыларына  жүргізілетін 
психологиялық-педагогикалық  зерделеу  олардың  білім  беру  мазмұнын  игеруіндегі 
жетістіктерінің мониторингісінде маңызды құрал болып шығады.   Әр оқушының үлгермеу 
себебін  анықтап,  мүгедек  баланың  диагнозына  қарай  жұмыс  жүргізсе,  оқушының  білімге 
деген құлшынысы артып, өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын. Жаңаша білім 
берудің  негізгі  тәжірибелік  міндеттерін  шешуде  мектептегі  жаңалықтармен  дамуды, 
қолданылған  әрекеттер  мен  құралдардың  тиімділігін  диагностикалау  негізінде  анықтауға 
болады. Осыған байланысты педагогтар өз қызметінің обьектісіне әлеуметтік психологиялық 
және педагогикалық мінездеме беріп, танып, білумен зерттеу әдістерін меңгерулері керек. Әр 
оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып, өмірдегі 
өз  орнын,  өз  мамандығын  табуға  әсерін  тигізері  анық.    Ерекше  білім  беру  қажеттілігі  бар 
оқушылардың  білімділік  жетістіктерін  анықтауда  бағалау  жүйесі  олардың  оқудағы 


16 
 
жетістіктерін ғана объективті көрсетіп қоймай, оларды білім беру процесінде қолдау бойынша 
келесі  әрекеттердің  жоспарын  құру  үшін  негіз  болуы  тиіс.  Бұл  инклюзивті  білім  беру 
жағдайында  ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 
критериалды  бағалау  жүйесін  әзірлеудің  қажеттілігін  негіздейді.  Инклюзивті  білім  беру 
жағдайындағы  білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  анықтауға  негіз  болатын  бағалау 
критерийлері  нормативтік  құжаттарда  көрсетілгендей  оқушылардың  дайындық  деңгейіне 
қойылатын талаптарына сәйкес әзірленуі тиіс. 
Ескеретін  жағдай,  мектепте  оқитын  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балалардың 
басым  көпшілігі  зерде  дамуы  қалыпты  және  зерде  дамуының  тек  жеңіл  бұзылыстары  бар 
балалар  болғандықтан,  дамуында  ауытқушылығы  жоқ  өзінің  құрбыластарымен  білім 
мазмұнын бірдей игереді. Ерекше қажеттілігі бар баланы инклюзивті білім беру жағдайында 
оқытудағы  критериалды  бағалау  жүйесінің  тағы  бір  ерекшелігі,  мұғалім  оқу  процесінде 
қолданылып  отырған  әдіс-тәсілдердің  тиімділігін  анықтап,  алдағы  уақытта  жетілдіру  үшін 
білім  алушының  оқу  жетістіктерін  зерделеп  отырады.    Нәтижесінде  ерекше  білім  беруде 
қажеттіліктері  бар  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  жалпы  білім  беру  стандартына  сәйкес, 
тиісті критерийлермен бағалау мүмкіндігі артады. Бұл түпкілікті нәтижеге жетуге бағытталған 
жұмыс болып табылады.  Оқу бағдарламасындағы түзете-дамыту компонентінен ерекше білім 
беруде  қажеттіліктері  бар  оқушымен  түзете-дамыту  жұмыстары  жүргізілген  жағдайда,  пән 
мұғалімі жеке дамыту бағдарламасының нәтижелерін өз жұмысының барысында ескеруі тиіс. 
Бұл жағдайда, критериалды бағалау жүйесінің икемділігі мұғалімге қалыптастырушы бағалау 
критерийлерін жекелеген тақырыптарды өту барысында өзгертіп отыруына мүмкіндік береді. 
Алдағы уақытта оқушыға қойылатын нақты талаптарды күрделендіріп отыруға болады.   
Сондықтан  ерекше  білім  беруде  қажеттіліктері  бар  оқушылар  мен  білім  алуда  жеке 
қиындықтар туындаған оқушылар үшін оқу  жетістіктерін бағалау тапсырмаларын бейімдеу 
келесі мәселелерді қамтуы қажет:  
-  тұжырымдар мен анықтамалардың мазмұнын және грамматикасын жеңілдету;  
-  көпбірлікті  нұсқаулықтарды  шағын  бірлікті  қадамдарға  бөлу  арқылы  тапсырманың 
орындалуын жеңілдету;  
-  тапсырмаға  берілген  жазбаша  нұсқаулықтардан  бөлек,  қажеттілігіне  қарай,  мұғалім 
тапсырманы қосымша дауыстап, мағынасын келтіре отырып, баяу оқып беру;  
-  тапсырманың  мәтінін  ерекше  білім  беруде  қажеттілігі  бар  оқушылардың  жеке 
ерекшеліктеріне  сәйкес  бейімдеу  (үлкейтілген  шрифт,  тапсырмаларды  бөліп  беру 
және т.б.);  
-  қажеттілігіне  қарай  жеке  дара  көмек  көрсету:  ынталандыру  (мақұлдау,  эмоциялық 
қолдау), ұйымдастырушылық (назарын қарата білу, зейінін жұмысқа аудару, өзін-өзі 
бағалау  қажеттігін  есіне  салу),  бағыттаушы  (қайталау  және  тапсырмаға  берілген 
нұсқаулықты түсіндіру);  
-  тапсырманы орындауға берілген уақытты ұзарту;  
-  сабақ  барысында  баланың  шаршауы,  жалығуы  байқалған  жағдайда,  қысқа  мерзімді 
(10-15 мин) сергіту сәттерін ұйымдастыру;  
Зерде  бұзылыстары  бар  (ақыл-ой  кемістігі  бар)  оқушылар,  танымдық  қызметіндегі 
айтарлықтай шектеулері болуы салдарынан, МЖМБС  талаптарын орындауға бағдарланбаған 
арнайы  оқу  жоспарларына  және  бағдарламаларына  сәйкес  білім  алады.  Жұмысты  бағалау 
үдерісі келесі кезеңдерден тұрады:  
-  жұмысты орындау;  
-  бағалау критерийлерін жасау;  
-  белгіленген критерийлер бойынша оқушының өз жұмысын бағалауы;  
-  сол критерийлер бойынша мұғалімнің оқушы жұмысын бағалауы және тексеруі;  
-  мұғалім бағасы мен оқушы бағасын салыстыру.  
Ең алдымен, басқа балалардан ерекше, оқушының жеке бас жетістіктері бағаланады.  
Оқушы  бақылауға  алынған  тапсырманың  күрделілігін,  үй  жұмысының  көлемі  мен 
күрделілігін  өзі  таңдай  алу  құқығына  ие.  Мұндай  тәсіл  кезінде  талаптану  деңгейі  мен 


17 
 
жетістікке  жету  деңгейінің  ара  қатынасы  мұғалім  жұмысының  арнайы  пәніне  айналады. 
Сөйлеу  тілінің  бұзылыстары,  психикалық  дамуының  тежелуі  бар  бастауыш  мектеп 
оқушыларының талаптану деңгейі,  соның ішіндегі  жетістікке жетпеу  реакциясы қалыптыға 
сәйкес  болмайды.  Жаттығуларды  сәтті  орындағаннан  кейін  оқушылар  күрделі  емес, 
қарапайым  тапсырмаларды  орындауға  кіріседі.  Балаларда  қорғаныс  реакциясы  – 
төмендетілген  деңгейде  болса  да  жетістікті  қолдауға  ұмтылуы  іске  қосылады,  яғни  оларға 
талаптанудың төмендетілген деңгейі тән.  
Оқушының өзін-өзі бағалауы біртіндеп дифференциалдануы керек. Басқаша айтқанда, 
оқудың  алғашқы  күндерінен-ақ  бала  әр  қайсының  өз  бағалау  критерийлері  бар  көптеген 
дағдалардың жиынтығы ретінде өз жұмысын көре алуға үйрену керек.   
Мысалы,  математика  пәнінің  тапсырмасы  қателер  саны,  тазалығы,  ынталылығы, 
күрделілігі бойынша бағаланады.   
Жазбаша жұмысты бағалау кезінде  орындалудың тек кемшіліктері мен қателіктерін ғана 
белгілемей, сондай-ақ сәтті орындалған барлық жерлерін белгілеп, ынталандыру жазбаларын 
жасау керек.  
Оқушы мен мұғалім оқыту әрекетінің өнімдерін портфолиоға орналастырады.   
Портфолио – бұл оқытудың белгіленген кезеңінде тұрақты, жинақталынған оқушының 
басты жұмыстары және жеке бас жетістіктерінің бағалары. Портфолио бағалау үдерісіне ғана 
емес,  сондай-ақ,  өзін-өзі  бағалауға,  жеке  тұлғаға  бағытталған  бағаға,  шынайы  бағалауға 
жуықталған.  Дәстүрлі  бағалау  әдістерінен  портфолионың  айырмашылығы  бұл  оқушының 
өзіндік  жұмыс  режиміндегі  әрекеттерінің  үдерісі  мен  нәтижелері  туралы  негізделген 
ақпаратпен мұғалімді қамтамасыз етуі, оның өз әрекетінің нәтижелері туралы өзіндік бағалық 
пайымдарын іске асырудың шығармашылық мүмкіндіктері мен дағдыларын жетілдіру.   
Портфолионың  ең  басты  артықшылығы  оның  оқыту  сапасын  әр  түрлі  позициялар 
бойынша жан-жақты және сан қырлы сипаттайтындығында: оқушының ойлау әрекетін, оның 
салааралық  дағдыларын,  мәселені  анықтай  алуын,  ерекше  міндеттерді  шеше  білуін,  оқу 
пәндерін білуі және дағдыларды меңгеруін, нәтижеге қол жеткізуге деген табандылығын және 
т.б. бағалау.  
Инклюзивті сыныпта портфолио оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін 
жете  толықтыратын  бақылау  мен  бағалаудың  маңызды  құралы  болып  табылады.  Мұғалім 
әзірлейтін  портфолио  процессуалды,  яғни  оқу  әрекетінің  белгілі  бір  мерзімін  қамтуы  және 
визуалды  (оқушының  әрекет  өнімдерінің  материалдарын  мұғалім  папкаға,  қағазға  арналған 
қорапқа  және  т.с.с.  салады)  болуы  тиіс.    Портфолиоға  оқушының  оқу  әрекетіндегі 
қиындықтары мен оны түзету процесін көрсететін ғана емес, сонымен қоса баланың мықты 
жақтарын айқындайтын материалдар да салыну керек. Жалпы алғанда, мұғалім портфолиосы 
псифизикалық дамуында ерекшеліктері бар оқушының белгілі бір оқыту мерзімі барысында 
жеке жетістіктерін тіркеу, жинақтау және бағалау әдісі ретінде қарастырылады.  
Соңғы  нәтижелердің  негізіндегі  бағалау.  Инклюзия  жағдайында  тестілеу    Инклюзивті 
оқытуда  бағалау  өткізу  барысында  сәйкес  құралдарды  таңдау  мәселесі  туындайды. 
Мақсаттарға байланысты әртүрлі әдістер таңдалып алынады. Инклюзивті оқыту тәжірибесінде 
оқу бағдарламасын талдау, жұмыс үлгілерін талдау, сыныпта бақылау және сұхбат жүргізу, 
тестілеуді қолданады.   
Оқу  бағдарламасын  талдау  оқушы  игеруге  тиіс  білім  көлемін  анықтаудан  тұрады. 
Талдаудың нәтижелері оқушының жеке оқу жоспарына енгізілетін оқу, түзете-дамыту және 
тәрбиелік мақсаттарды анықтауда есепке алынады. Мұндай талдау біздің жағдайларда жалпы 
білім  беретін  орта  мектептер  мен  жалпы  білім  беретін  арнайы  мектептердің  оқу 
бағдарламаларына  жүргізіледі.  Дегенмен,  зерде  дамуының  бұзылыстары,  сөйлеу  тілінің 
күрделі бұзылыстары, сенсорлы бұзылыстары (есту қабілеті бұзылған), күрделі ауытқулары 
бар балаларға арналған оқу бағдарламаларында пәнді (саланы) оқытуда білім сабақтастығын 
қамтамасыз  ететін  материалдың  минималды  көлемі  белгіленеді.  Білім,  білік,  дағдыларды 
меңгеру сабақтастығы курс барысында жүргізіледі 
 


18 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет