Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет9/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

Әлеуметтендіру    немесе  әлеуметтік  дамуы  дегеніміз  -  бұл  өмірге  келген  барлық 
адамның қоғамдық өмірге араласып, өмір сүруге арналған білім-біліктер мен тәжірибелерді 
меңгере отырып қоғам мен мәдениетке кіруі. 
Мектеп жасына келген оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне арналған бірнеше 
класс комплектілері  бар, барлық жабдықтармен жабдықталған спорт,  би  залы, балалардың 
маусымдық  ауруларының  алдын  алу  шараларын  кеңейту  мақсатындағы    физиотерапиялық 
кабинеттер,медициналық  бөлме,(ауырған  балаларды  оқшауландыру  бөлмесі),  сенсорлық, 
дефектолог  мамандардың  жабдықталған    арнайы  бөлмелері,  жайлы  ойын  бөлмелері  бар, 
сонымен 
қатар 
интерактивті 
құралдардың 
көмегімен 
педагогтың, 
оқушының 
шығармашылықпен жұмыс істеуіне  барлық жағдай жасалынған. 
Сабақтан  тыс  уақыттардағы  ұйымдастырылған  тәрбие  сағаттарында  тәрбиенің  сегіз 
бағыты бойынша оқушыларды тәрбиелей отырып, тұрмыстық икемділікке, қоғамдық тәртіп 
ережелеріне,  әлеуметтендіру  жолдарына    үйретіледі.  Сонымен  қатар,балалармен  жеке, 
топтық  жұмыс  жасау  кезеңінде,  баланың  ішкі  сезімін,  көңіл  күйін,  ықыласын,  қажеттілігін 
сезіне  отырып,  психологиялық  тұрғыдан  қолдау  көрсетіледі.  Мектептегі  әлеуметтік- 
психологиялық  жұмыс  оқушының  әлеуметтік  жағдайын  жан-жақты  зерттеп  көп  балалы, 
табысы  аз  отбасыларды  анықтай  отырып,  оқушының    өмірге  бейімделуіне  мақсатты 
әлеуметтік  қолдау  көрсетеді.  Жетім,  қамқорлықсыз  қалған  балаларға,  қамқорлықтағы 
балаларға қолдау көрсету аясында мектеп-интернат-колледж жағдайында бірнеше жұмыстар 
атқарылып  келеді.  Осындай  дұрыс  жолға  қойылған  әлеуметтік-психологиялық  және 
педагогикалық  қызмет  оқушының  толыққанды,  жан-жақты  дамыған  тұлға  болуына  көп 
септігін тигізеді.    
Пирамиданың  үшінші  бөлігі  қоғамдық  өмірге  араластыру  деп  қарастырсақ,  мектеп  – 
қоғамнан тыс өмір сүре алмайтын білім ордасы. Қоғам қандай болса, мектеп те сондай. Ал 
ертеңгі  мектепті  бітірген  азаматтар  қоғамға  араласады.  Демек,  қоғамдағы  құндылықтарды 
қалыптастырады.  Осы  тұрғыдан  келгенде  қоғамның  рухани-мәдени  келбетіне  мектептің 
тигізер ықпалы күшті. Бір сөзбен айтқанда, мектеп – тәрбие мен білімнің қазыналы ордасы. 
Шәкірт    бірнеше  жылын    мектепте  өткізетін  болса,  тұлға  тәрбиелеуде  мектепке  жүктелер 
міндет  те  зор  болмақ.    Мектеп-интернат-колледжде    балаларға  мектепішілік  шаралармен  , 
конкурстармен қатар, қалалық,облыстық,  республикалық байқаулар деңгейіне шығуға толық 
мүмкіндік жасалған. Жасөспірімдерді қоғамдық өмірге дайындау бағытында мынадай жұмыс 
түрлерін атап айтуға болады: 
*оқушылармен даралап жұмыс жүргізу.    
*дәстүрлі мектепішілік, мектептен тыс  іс-шараларға,  ұжымдық шығармашылық істерге 
қатыстыру, 
*сынып  ұжымының  қызығушылықтарына  және  сұраныстарына  сәйкес  өткізілетін  іс-
шараларға қатыстыру.  
Мектеп-интернат 
жанында 
балаларға 
арналған 
секциялар 
мен 
үйірмелер 
ұйымдастырылған,  ал  қатысу  мүмкіндігі  бола  бермейтін  денсаулығының  ерекше 
қажеттіліктері  бар  балаларға  қол  өнер  ,  театр  үйірмелері  жұмыс  жасайды,  оқушының  бұл 
игерген қабілет, икемділіктері алдағы өміріне тигізер пайдасы  зор. 


12 
 
Еліміздің  қоғамдық  әлеуметтік   өміріне  нарықтық  қатынастардың  енуіне  байланысты 
экономикалық,  әлеуметтік  мәдени,  рухани  жағдайлар  жас  ұрпақты  тәрбиелеу  мәселелерін 
жаңаша ойластыруды талап етеді. Осыған байланысты біздің мақсатымыз бала жанын түсіну, 
сезімін,  көңіл  күйін,  ықыласын,  тілегін,  қажеттілігін  сезіну,  оқушының  жеке  тұлғасын 
қалыптастыру  және  дамытуда  оны  әлеуметтік  тұрғыдан  қолдау  болып  табылады.  Мектеп 
оқушылары  биыл  облыстық,  республикалық  көркем  эстетикалық  бағыттағы  конкурстарға 
қатысым  көлемін  ұлғайтты.  жеке  тұлғаның  дамуы  мен  қалыптасуының  негізгі  обьективті 
факторлары  ретінде  биологиялық  факторды,  сыртқы  ортаны  және  тәрбиені  айтуымызға 
болады.  Биологиялық  факторларға  балаға  ата-анасының  қасиеттері  мен  ерекшеліктерінің 
берілуі  кіреді.  Сыртқы  ортаға:  әлеуметтік  орта,  отбасы,  мектеп,  құрбылары  жатады. 
Сондықтан  баланы  тәрбиелеуде  жан-жақтағы  әсер  етуші  факторларды  ескеріп  оқушының 
отбасы жағдайын, жеке ерекшеліктерін естен шығармауымыз керек.  
Пирамиданың      құрылысымен,  жоғарымен  шектесу  бөлігін  мамандық  таңдау  десек, 
мамандық  таңдау-адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі, мамандық таңдау-белгілі бір 
даярлықты  қажет  ететін   іс-әрекет  түрі  ,  тіршілік  көзі,  дағды  жүйесі  және  жасөспірімдік 
кезеңде  қабылданатын  жауапты  шешімдердің  бірі,  арнаулы  білім  ордасында  мүмкіндігі 
шектеулі  балалар  болашақ  мамандығын  таңдауға  саналы  түрде  дайындалады,  алдын  ала  
тәрбиеленушілердің  интеллектуалды,  психофизикалық  мүмкіндіктерін  есепке  ала  отырып 
кәсіби бағдар бойынша жұмыс жүргізіледі. 9-10 класс аралығындағы оқушылармен мамандық 
таңдау  туралы  тәрбие  сағаттары  жүргізіліп,  ата-аналармен  кездесулер,  психологпен  әңгіме 
сабақтары жүргізіледі.  Ал таңдалған мамандығы бойынша жоғары колледж топтарына түскен 
оқушылар  үшін  мектепте  еңбек  шеберханасы  бар,  тігін,    қол  өнер  шеберханасы,  шаштараз  
кабинеті, шаштараз  мамандығын игерген  педагогтар жұмыс жасайды. 
Құрылыстағы  заңдылық  секілді  нық  қаланған  қабырғаның  сөгітілуі  екі  талай, 
пирамиданың  құрылысы  да  нық  қаланатыны  белгілі,  сондықтан  балабақшада  алғашқы 
қадамынан  бастап    тәрбиеге    бейімдеп,  мектепте  білім  бере  отырып  әлеуметтік  өмірге  
дайындап,  колледж  қабырғасында  мамандығын  таңдауға  дұрыс  бағыт  беріп,  қоғамға 
дайындаудың дұрыс жолын қарастыруды басты мақсат етіп, жеке тұлғаны нық сеніммен өмір 
сүру жағдайына жетелейміз. 
"Сенде бір кірпіш дүниеге , тетігін тап та бар қалан," демекші пирамиданың шарықтау 
шегін жеке тұлғаны қоғамға орналастыру десек, осындай  бірізділікті сатыдан өткен мектеп 
түлегі  қоғамға қажетті, біліктілікке  сай азамат болып қалыптасады. 
Бүгінгі таңда өзіміз тәлім – тәрбие беріп жатқан ұрпақ ертеңгі күні тек білімді маман ғана 
емес,  Отанын  жанындай  сүйетін,  ұлттық  тарихы  мен  мәдениетін  қастерлейтін,  рухани 
кемелденген  азамат  болып  жетілуі  қажет.    Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  “Білімді,  сауатты 
адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының қозғаушы күші. Бүгінгі күн-талантты, жігерлі, 
өзіне  сенетін  адамдардың,  арманға  бай  және  оларды  жүзеге  асыруға  ерік-жігері  бар 
адамдардың уақыты”,- деп айтқанындай жас ұрпақ-еліміздің тірегі, болашағы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет