208
Сәбилердің бірінші және екінші тобындағы балалардың әлеуметтік дағдылары: туыстық
қарым-қатынастарды, өзінің толық атын-жөнін, ата-анасының, тәрбиешісінің, күтушісінің,
музыка жетекшісінің атын білу, ересектердің әлеуметтік ролін ажырата білу; өзге адамдардың
эмоциялық көңіл-күйін, жағдайын түсіне және сезіне білу, оған өзінің қатынасын байқата білу,
қарапайым тапсырмаларды орындауда бір-біріне бөгет жасамау дағдысы.
Естиярлар тобындағы балаларға әлеуметтік дағдылар: топ ішінде өзін дұрыс ұстай білу,
қоғамдық орындарда, көшеде белгіленген мәдени мінез-құлық ережелерін сақтай білу,
үлкендерге, өз құрбыларына ілтипатты болу, ескертусіз сәлемдесу мен қоштасу, тәрбиеші мен
күтушінің аты-жөнін атап қатынас жасау, өзінің талап-тілегін сыпайылықпен білдіу,
көрсеткен көмегі үшін рақмет айту, үлкендердің сөзіне араласпау және оны бөлмеу,
келіспегені мен қабыл алмағанын әдепті түрде білдіру, өзінің, ата-анасының аты-жөнін,
жасын, үйінің мекен-жайын, туыстық қарым - қатынас пен отбасының құрамын білу,
адамгершілік қатынас ережелері (шындық, адалдақ, қамқорлық, тілектестік) дағдысы, ілтипат
көрсету (көмектесу, қолқабыс етуге дайын болу, жол беру) дағдысы, үлкендермен, құрбы-
құрдастарымен, таныс емес балалармен тілектестік қарым-қатынаста болу дағдылары.
Ересектер және мектепалды даярлық тобы балаларын әлеуметтік дағдылар: өзінің атын,
жасын, ата-анасының және басқа да отбасы мүшелерінің атын білу, өзіне жасалған
қамқорлықты сезіне білу, балабақшада және қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау,
үлкендердің ескертуінсіз-ақ тәртіп сақтау, адамдарға қамқорлық ілтипат көрсету, өзгенің
күйінішін, қиналған сәтін байқап, аңғару, жәрдемдесу, әлсіздік көрсеткендерді қорғау, өз
жолдастарының іс-әрекетін бақылап, оған әділ баға беру, әділ талап қойып, ол талабының
дұрыстығын дәлелдей білу, бірлесіп ойнау, еңбек ету, оны адамгершілік қатынастар
бағытында жүзеге асыру, алға қойған мақсатқа жетуде жауапкершілік пен тұрақтылықты
меңгеру дағдысы деп қарастырған .
“Тәй-тәй” бағдарламасы баланы жан-жақты жетілдіруге, дербестікке талпындыруға,
өзіндік дамуына жағдай туғызып, кез-келген жағдайлардан дербес әрекет етіп, ой қорытып,
өзін бетінше қадам жасауға үйретуге бағдарланған. Бағдарламада ата-аналармен тығыз қарым-
қатынас жасай отырып, дамытушы
орта арқылы, баланы дамыту көзделген.
Вольдорф педагогикасы баланың іс-әрекеті мен еңбек нәтижелерін бағалауды қажетсіз
деп тауып, бұл ұстанымдарын былай түсіндіреді. Бағалаудың бала дамуында жақсы
жақтарымен қатар, көлеңкелі де тұстары бар, өйткені бағалау баланың табиғи дамуына кері
әсер етеді, жетістіктерге жету үшін балалар өз мүмкіншіліктеріне қарамастан талапқа бағына
отырып, іс-әрекеттерді орындау барысында өз еңбегінен рухани ләззат гөрі, әуреге, іштей және
сыртай күйзеліске түседі, бұндай еңбек нәтижесі балаға ешқандай қуаныш әкелмейді. Ал
біржақты нәтижесін ғана ойлау, әркеттің мәнін жойып немесе көмескілендіреді деп ой
қорытады. Қорыта айтқанда бұл педагогиканың көздеген мақсаты баланы- жақсы көре
отырып,
жағымды ортада, жақсылық пен ізгілікке тәрбиелеу.
ТРИЗ педагогикасы бағытындағы бағдарламада балалардың жас күнінен дүниеге
ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, ақыл-ой күші мен интелектуалдық қажетсінулерін
дамыту бағытында құрылған.
Бұл бағдарламаларды саралаудан шығатын қорытынды бағдарламалардың әр
қайсысының өзіндік бағыт-бағдарымен, алға қойған мақсат-міндетеріне қарамастан барлығын
тоғыстыратын негізгі мақсат - баланы тұлға немесе дербес адамға жеткізудің жолдарын, әдіс-
тәсілдерін іздеуі мен сол ізденістерін ғылыми негіздеп тәрбие бағдарламалары мен
педагогикалық бағыттарды жасауында.
Ғалымдар атап көрсеткендей адамның қалыптасып дамуының айқындаушы немесе
жауапты, адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын мектепеке дейінгі шақта
балалардың әлеуметтік білімдері жинақталып, қалыптасады. Ал осы кішкентай адамның
қалыптасып, дамуы шартты түрде өмір сүріп отырған ортасы мен үлкендерге байланысты
екені даусыз. Сол себептен бала мүмкіндіктерін үздіксіз кеңейтіп, қажеттіліктерін
қанағаттандыру ең бірінші шарт. Ал баланы әрекетке келтіретін күш - қажетсіну. Бұл баланың
өзінді “Менінің”, өзіндік көзқарасы мен танымының бастамасы. Қажетсінудің өзі мектепке