Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет25/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   284
 
Список литературы: 
1.  Психологические  особенности  социализации  детей  с  задержкой  психического 
развития. Р.Д. Тригер, -СПБ.: Питер,2008 
2.  2.Семаго Н.Я.  Инклюзивный детский сад: деятельность специалистов. М., 2012 
3.  3.Мамайчук  И.И.  Психокоррекционные  технологии  для  детей  с  проблемами  в 
развитиии. Спб., 2003 
 
 
АРНАЙЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТЫП –  
ТӘРБИЕЛЕУ АРҚЫЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАҒА БЕЙІМДЕУ 
 
Айтқалиева Б.Е., 
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар 
мектеп- интернат- колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі 
 
Қазіргі  таңдағы  қоғамдық  өзгерістерге  байланысты  әрбір  баланы  жеке  адам  ретінде, 
оның ішінде,мүмкіндігі шектеулі балаларды шамасына қарай әрекет етуге қабілетті, өмірде өз 
орнын таба білетін тұлға екенін ескере отырып, оларды заман талабына сай оқытып тәрбиелеу 
міндеті күн тәртібіне қойылып отырғаны белгілі. 
Мүмкіндігі шектеулі баланың өзіндік ерекшелігі сөйлеу тілінің шектеулі болып келуі, 
соның салдарынан барлық танымдық үдерістердің дамуы қиыншылық тудырады,ол қоршаған 
ортамен қарым-қатынас жасауға кедергі жасайды.Сондықтан арнайы мектепте жұмыс істейтін 
мұғалімдер оқушыларды оқытып-тәрбиелеуде олардың жеке тұлға болып қалыптасуына көп 
көңіл  бөледі.  Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  әлеуметтік  өмірге  бейімделуі,  қоршаған 
ортадан өз орнын таба білуі,білім беру үрдісіне тікелей байланысты. Сондықтан білім беру 
мазмұнын  жаңарту,  жаңартылған  оқыту  жағдайға  бейімдеу  нәтижесінде  ғана  жан-жақты, 
білімді,  кез  келген  жағдайда  жол  таба  алатын  тұлға  дайындай  аламыз.  Әрине  мектеп 
мұғалімдері оқыту жүйесін арнайы коррекциялық және жаңаша бағытта ұйымдастыру арқылы 
баланың қоршаған ортаға барынша бейім бола білетін тұлға болып қалыптасуын мақсат етіп 
қояды.Сондықтан  мектеп  мұғалімдері  педагогика  ғылымындағы  түрлі  жетістіктерді  жан-
жақты  игере  отырып,оны  оқушы  мүмкіндігіне  қарай  бейімдеп  қолдану  бағытында  түрлі 
ізденістердің  үлгісін  көрсетіп  келеді.  Берілетін  білім  көлемі  де  бала  мүмкіндігіне  қарай 
беріліп,ол  коррекциялық  бағытта  жүргізілуі  керек.Соған  байланысты  жаңартылған  оқыту 
бағдарламасында  арнайы  мектепке  арналған  беімделген  бағдарламаны  басшылыққа  алып 
отырмыз. 


31 
 
Мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  инновациялық  педагогикалық  технологияларды  жан-
жақты  қызықтыра  қолдану  өте  тиімді.  Арнайы  жаңа  инновациялық  технологияларды 
қолданудың  басты  міндеті  –  балалардың  өздері  үйренген негізгі  технологияны  оқыту  емес, 
олардың өмір сүру ортасына кешенді түрленген, баланың шығармашылық әрекетін дамытуда 
жаңа  ғылыми  негізделген  құралдарды  енгізу.Заман  талабына  сай  мүмкіндігі  шектеулі 
балаларды  инновациялық  технологияларды  пайдалану  арқылы  түзету-дамыту  жұмыстарын 
қолдану мәселелеріне көптеп тоқталамыз. 
Арнайы мектепте баланың білім алуы, тәрбиеленуі және түзете-дамыту жұмысы өзара 
тығыз байланысты болады. Оларды бір-бірінен бөліп алып жекелей қарастыруға болмайтыны 
анық екені белгілі.Жаңа технология элементтерін пайдалану сабақтың тиімділігін арттырып, 
бала үшін тақырыптың саналы түрде түсінуіне пайдалы екені сөзсіз.Бүгінгі таңда білім беру 
саласында  әртүрлі  сипаттағы  және  бағыттағы  инновациялар  енгізілуде.Өйткені  қазіргі 
заманда  еліміздің  бәсекеге  қабілеттілігі  оның  азаматтарының  парасаттылығымен 
анықталады.Сондықтан білім жүйесінде болып жатқан жаңалық болашақтың талабына сәйкес 
дамуы  тиіс.Оқушыларымызды  заманауи  әдіс-тәсілдермен  оқытып,  олардың  саналы  азамат 
болып  тәрбиелеу  қажеттілігіде  осы  себептен  туындап  отыр.Оқушылардың  функционалдық 
сауаттылығын қалыптастыру  оның алған білімін өмірде пайдалана білуіне жол ашу,оларды 
әлеуметтік өмірге бейімдеу арнаулы мектеп мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік міндеттелді. 
Әрине,  бізде  арнайы  мектепте  оқушыларымыздың  бойындағы  қабілетті  жетілдіріп, 
болашақтағы  өмірдің  барлық  салаларында  табысты  болуларына  көп  еңбек  етіп  келеміз. 
Сондықтан  да  білім  мазмұнының  жаңару  жүйесінің  негізі  арнайы  мектепте  де  қолданыла 
бастады.  Білім  беру  жүйесіндегі  жаңа  ақпараттық  технология  дегеніміз  —  оқу  және  оқу-
әдістемелік  материалдар  жинағы.  Яғни,  ақпараттық  технология  —  білім  беру  мекемесі 
мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші 
құрал.Сонымен  бірге  мүмкіндігі  шектеулі  балаға  тек  қана  білім  беріп  қоймай,  олардың  өз 
бетінше өмір сүру дағдыларын қалыптастыру қажет. Өмір сүруде олардың қоршаған өмірді 
бағдарлай білуі, әлеуметтік ортаға бейімделуі, өз мінез-құлқын саналы түрде тәртіпке келтіру 
және болашаққа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады. Арнайы мектепте баланың білім 
алуы, тәрбиеленуі және түзете-дамыту жұмысы өзара тығыз байланысты болады. Оларды бір-
бірінен  бөліп  алып  жекелей  қарастыруға  болмайтыны  анық  екені  белгілі.  Жаңа  технология 
элементтерін пайдалану сабақтың тиімділігін арттырып, бала үшін тақырыптың саналы түрде 
түсінуіне пайдалы екені сөзсіз. 
Білім  мaзмұнын  жaңaрту  тікелей  шығaрмaшылық  ізденістегі  мұғaлімнің  кәсіби 
шеберлігіне байланысты. Бүгінгі таңда білім беруді жетілдіру іcінде әдіcтемелік іcтің баcты 
талабы қажеттіліктерді анықтау деп ойлаймын. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте 
көп.  Жаңа  технология  түрлерін  сабақ  үрдісінде  пайдалану,  оқушының  шығармашылык, 
интеллектік  қабілетінің  дамуына,  өз  білімін  өмірде  пайдалана  білу  дағдыларының 
қалыптасуына  әкеледі.  Көп  жылдық  тәжірибемде  ең  алдымен,  сабақ  өткізу  формаларын 
түрлендіру  және  жаңа  технология  элементтерін  тәжірибеде  кеңінен  қолданғанда  ғана, 
оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артып, заман талабына сай өмір  сүре алатын 
тұлға тәрбиелейтінімізге көз жеткіздім. 
Жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу, шығармашылық  ойлау қабілетін жетілдіру, 
олардың  өзіне  деген  сенімін  нығайту,  бір  сөзбен  айтқанда,өмірде  өз  жолын  өзі  таңдауына 
түрткі  болу-  ұстаздар  қауымының  бүгінгі  таңдағы  абройлы  борышы.  Ал  есту  мүмкіндігі 
шектелген балалардың топтық және жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, сабақ үстінде 
жекелеген  тапсырмалар  мен  көмек  түрлерін  пайдалануда  сыныпта  шығармашылық  жағдай 
жасауға мүмкіндік туғызылады. Өткені, әрбір оқушы өзіндік мүмкіндігіне қарай нақтылы және 
қызықты жұмыс орындайды. Мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан балалар өз бетінше 
ізденуге,  шығармашылықпен  айналысуға,ынталанып,белсенді  болуға,өзара  көмек  беруге 
дағдыланып келеді. Оқушылардың бойындағы қабілеттерді шыңдап,олардың сабаққа белсенді 
қатысуларына  қадағалап  отырамын.  Әрине  барлық  оқушы  бір  деңгейде  қабілетті 
емес,олардың  жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып,қарым-қатынас  жасауға  тырысамын. 


32 
 
Арнаулы мектеп мұғалімдерінің басты міндеттері - есту мүмкіндігі шектелген оқушылардың 
қоғамда өз орнын табуына мүмкіндік туғызу болып табылады. Сөздерді байланысқа түсіріп 
айта алмайды.Бұл оқу үрдісіндегі ең күрделі мәселе болып отыр. Бірақ соған қарамастан біз 
олардың  қалдық  есту  қабілеттерін  дамыта  отырып,  ауызекі  сөйлеу  және  жазу  тілін 
қалыптастыру,  дыбыстардың  дұрыс  әрі  оның  түсінікті  айтылуын  үйрету,сөздерді 
байланыстыра  айта  білу  дәрежесінде  түрлі  жұмыстар  ұйымдастырамыз.  Әрине  бұл 
жұмыстарды  қазіргі  жаңа  технология  элементтерімен  байланыстыра  отырып,сабақ  өткізу 
барысында  оқушыларға  сапалы  білім,саналы  тәрбие  беру  үшін  әдістердің  тиімді  жақтарын 
пайдалана  білуіміз  керек.  Сондықтан  өзім  сабақ  беретін  сыныптарда    қазіргі  заманауи 
техникалық құралдарды пайдалануда пәнді өзіндік тың ізденістермен толықтыруға талпынып 
келемін.  
Оқушылар интерактивті  тақтаны өте тиімді  пайдалана алады.Мен барынша оқытудың 
жаңа  әдіс-тәсілдерін  пайдалана  отырып  сабақта  және  сыныптан  тыс  жұмыстар  жүргізіп 
келемін. 
Бұл 
оқушылардың 
жан-жақты 
білім 
алып,қоршаған 
орта 
туралы 
дүниетанымдарының  кеңейе  түсуіне  үлкен  септігі  бар  екендігін  көріп  отырмыз.Осының 
нәтижесінде  оқушылардың  қызығушылығы  артып,  өмірді  тану  белсенділіктері  дамиды. 
Қазіргі  кезде  мүмкіндігі  шектеулі  баланың  ертеңгі  күні  белсенді  өмір  сүруін  қарастыру 
жағдайы  жан-жақты  қарастырылып  жатқаны  белгілі.Сондықтан  да  баланың  өміріне  жақын 
тақырыптарды жүйелеп алып,оның қоршаған орта туралы танымдық түсініктерін тереңдете 
түсу керек. 
Баланың  осындай  жұмыстардың  нәтижесінде  өмірден  өз  орындарын  тауып  жатуына 
септігін тигізіп жатса,біздің мақсатымыздың жүзеге асқаны деп білеміз.Әрине,біз сондықтан 
да  баланың  бойындағы  қабілетін  дамытуға  көп  жұмыстар  жүргізуіміз  керек.  Мүмкіндігі 
шектеулі баланы оқытып тәрбиелеу,оны өмірге әлеуметтендіріп бейімдеу оңай емес, бірақ ол 
үшін ұстаздар жалықпай,ерінбей  көп ізденсе,өз мақсаттарына жетеді деп ойлаймын. 
 
  Пайдаланған әдебиеттер: 
1.  Специальная  школа.Направление  и  указания  для  занятий  с  детьми  и  подростками, 
имеющими тяжелую степень умсвенной ограниченности., 1996 г. 
2.  «Социальная  реабилитация  детей  с  ограничеными  возможностями»  Акатов  Л.И.    М, 
2004 г. 
3.  Әбдіғалиев Қ. Шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі. // Қазақстан мектебі. – 1998.-
№11-12, 24-35б. 
4.  Таубаева Ш.Т., Барсай Б.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп. -     
5.  №3,4, -1999. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет