ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРҒА ЖҮРГІЗІЛЕТІН
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮЗЕУ-ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫ
Утарбаева Айгуль Кусановна,
Ақтөбе қаласы №61 жалпы білім беретін орта мектебінің педагог-психологы
Инклюзивтік білім беру дегеніміз — барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері
шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге,
363
жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға,
ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік
мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға
бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың
жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Біздің елімізде
инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы ресми деректер бойынша Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында
көрсетілді[1].
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың дамуындағы психикалық процестердің,
қасиеттердің пайда болу, даму заңдылықтарын, ерекшеліктерін, қарым-қатынасын игеру үшін
жалпы және жас ерекшелік психологиясы, жас ерекшелік педагогикасы, жас ерекшелік
физиологиясы, дифференциалды және практикалық диагностика пәндерін оқып-үйрену
арқылы жүзеге асады.
Тәрбие мен оқытудың күрделі міндеттерін шешу көбіне педагогтың кәсіби шеберлігіне
тәуелді. Бірақ қазір аталмыш шеберліктің деңгейі көбіне педагогтың психологиялық
дайындығымен, оның арнайы білім беру мекемелерінде – бала бақшаларында, арнайы
мекемелерде, мектептерде жұмыс істейтіндермен, психологтармен бірлесіп жұмыс істеуге
деген ұмтылысымен белгіленеді. Әр бала жеке тұлға. Біреулер тез дамыса, енді біреулері
ақырын дамиды. Әр баланың дамуына байланысты түзету-дамыту сабақтарын жобалап,
таңдап өткізген өте тиімді.
Педагог пен психологтың біріккен іс-әрекеті, баланың психологиялық ерекшеліктерін
түсіну негізінде, балаға деген жеке ықпал жасауын қамтиды, дер уақытында баланың
психикалық дамуындағы және тәртібіндегі бұзылыстарды анықтауға мүмкіндік береді және
оған қажетті психологиялық-педагогикалық көмектің берілуін қамтиды.
Психологиялық-педагогикалық коррекция – бұл баланың оқудағы, тәртібіндегі, басқа
адамдармен-балалармен және ересектермен қарым-қатынасқа түсудегі мүмкіндіктерін
жоғарылатуға, оның потенциалдық мүмкіншіліктерін, шығармашылық резервтерін анықтауға
бағытталған психолог пен педаготардын біріккен іс-әрекеті.
Педагогтар психокоррекциялық әдістердің мүмкіндіктерін дұрыс түсінуі қажет, оларды
қолдану салаларын білуі қажет, балаларды тәрбиелеу мен оқыту тәжірибесінде коррекциялық
тәсілдер мен әдістерді дұрыс қолдана білуі тиіс [2].
«Коррекция» терминінің бір мәні, латын тілінен аударғанда – түзету, жартылай түзету
немесе өзгерту (лат. correctio). Психологиялық коррекция дегеніміз жас ерекшелік
психологияда қабылданған критерийлар (бағалау) жүйесі бойынша нормаға немесе жас
ерекшелік бағдарға, онтогенездің бір сатысындағы бала дамуының дұрыс варианты ретінде,
аталмыш дамудың гипотетикалық «оптималды» моделіне сәйкеспейтін психикалық дамудың
ерекшеліктерін түзетуге бағытталған психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің белгіленген
түрі.
Дамуында артта қалудың екі негізгі түрін ажыратады: жүйке жүйесінің органикалық
бұзылыстарымен байланысты және арнайы клиникалық-психологиялық немесе медициналық
көмек пен зейінді талап ететін артта қалушылық, және психикалық дамуында уақытша артта
қалушылық, дені сау балалардың дамуының жағымсыз сыртқы және ішкі жағдайларымен
байланысты қалыптан тыс тәртібі.
Психологиялық коррекция психологиялық-педагогикалық іс-әрекет түрі ретінде
аномалды дамудың әр түрлі нұсқаларына қолданғанда ең алдымен дефектологияда пайда
болды. Бұл салада психологиялық коррекция баланың психикалық дамуындағы
кемшіліктердің, ауытқулардың түзетуіне, компенсациясына (орнын толықтыруына)
бағытталған педагогикалық әсерлердің жиынтығын білдіреді.
Д.Б. Эльконин көрсеткендей «даму үдерісі, белгілі мағынада, айналмайтын үдеріс, бұл
жерде «рекламациялар» — жасөспірімді, жастарды «жетілдіру үшін» қайтадан мектепке
қайтару мүмкін емес. Сондықтан да баланың дамуындағы ауытқудың алғашқы белгілерін
байқау маңызды. Арнайы оқу-тәрбиелік мекемелерде оқып тәрбиеленетін мүмкіндігі шектеулі
364
балалардың психикалық дамуының динамикасын бақылау дер кезінде дамуды коррекциялауға
(түзетуге) мүмкіндік береді. Оның мақсаты әлсіз, оқуда артта қалған, дамуы тежелген
балаларға оптималды мүмкіндіктер мен жағдайларды жасап олардың кейінгі дамуына
мүмкіндік беру болып табылады.
Психологиялық түзетудің мақсаты мен міндеттерін белгілеу үшін мүмкіндігі шектеулі
баланың жас ерекшеліктері мен потенциалды мүмкіншіліктеріне көңіл аудару қажет.
Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша, коррекциялық (түзету) жұмыстың негізгі мазмұны ретінде
баланың іс әрекеті мен тұлғаның жақын арадағы даму аймағын туғызу қажет. Сондықтанда
психокоррекциялық жұмыс жас ерекшелігінің мәнді сипаттамасын құрастыратын
психологиялық жаңа туындыларды мақсатты қалыптастыру ретінде құрастырылуы қажет.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен психокоррекциялық жұмыс үлкендердің
психологиялық-педагогикалық іс–әрекетінің негізгі міндеті болып саналады. Күрделі болып
мектепке дейінгі кезеңнен мектептегі балалық шаққа ауысу кезеңі саналады. Мектепке дейінгі
кезеңдегі қажетті психологиялық туындылардың, талап ететін оқу икемділіктері мен
дағдылардың
қалыптаспаушылығы,
баланың
оқуға
деген
мотивациялық
және
интеллектуалдық дайын еместігі түрлі мектеп дезадаптациясына, басқаша айтқанда оқу іс-
әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы қиындықтар мен күрделі
проблемаларға әкеледі. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар бастауыш сынып
оқушыларындағы дезадаптацияның белгілері болып қойылатын талаптарды игерудегі және
орындаудағы қиындықтар, үлгерімнің төмендігі, тәртібінің бұзылуы болуы мүмкін. Бұның
психологиялық себептері болып функционалдық дайындығының төменгі деңгейі – жетілмеуі,
басқаша айтқанда белгіленген ми құрылымдарының, жүйке-психикалық функциялардың даму
дәрежесінің мектептегі оқу міндеттеріне сәйкеспеушілігі. Мектеп жасына сәйкеспеуі,
жетілмеуі келесі функциялардың төмеңгі деңгейінде байқалынады: ұсақ моторикасының,
«көз-қолдың» реттелуінде, іс-әрекетінің, тәртібінің және т.б. үлгіге сүйенуінде. Мектеп
дезадаптациясының жиі кездесетін себебі болып еркіндік аумағының әлсіздігі немесе
жеткіліксіз дамуы саналады (үлкеннің нұсқауларын тындай алмауы және дәл орындай алмауы,
ережелерге сүйеніп әрекеттене алмауы, еркінді зейіннің дамымауы, еркінді есте сақтай
алмауы). Аталмыш бұзылыс оқудағы қиындықтардың, тәртібінің бұзылуының, сыныпта және
үйде және т.б. дербес жұмыс істей алмауының негізінде жатыр.
Әр балада-өз мектеп проблемалары мен қиындықтары бар, ал сыртқы бірдей
қиындықтардың ішінде олардың пайда болуының түрлі себептері жатыр. Сондықтанда
коррекциялық жұмыстың бағытын таңдау күрделі және жауапты.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен психокоррекциялық жұмыстың негізгі
мақсаты — мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық және тұлғалық дамуын қамтамасыз
ету.
Негізгі міндеті — әр бала тұлғасының потенциалдық мүмкіндіктерін дамыту үшін
оптималды психологиялық-педагогикалық жағдайларды туғызу негізінде, мүмкіндігі
шектеулі балалардың психикалық дамуындағы (ақыл-ойындағы, эмоцияларындағы,
мотивацияларындағы, мінез-құлқындағы, ерік-жігеріндегі, қимылындағы және т.б.)
ауытқуларды психологиялық-педагогикалық түзеу [3].
Мектеп психологының балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі мынадай
бағыттарда іске асырылады:
І. Диагностикалық бағыт:
Баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын
алу үшін қыркүйек айында психологиялық диагностика жұмыстары жүргізіледі. Оның
мақсаты: баланың жақын даму аймағы мен актуалды даму аймағын, оқу барысындағы
қиыншылықтардың себептері мен механизмдерін анықтау. Бұл диагностиканың
қорытындысы психологиялық тексеру хаттамасында, балаға психологиялық анықтама
бергенде тіркеледі.
Оқу жылының ортасында яғни екінші жарты жылдықтың басында оқушыларға екінші
рет диагностика жүргізіледі. Бұл диагностика баламен жүргізілген түзете-дамыту жұмысының
365
баланың оқу танымдық қызметіне тигізген әсерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Түзете-дамытудың бағдарламасының игеру деңгейінің нәтижесін бағалағанда баланың білім-
білік дағдылары игеруге қажет танымдық қабілетінің қаншалықты қалыптасқандығына ғана
емес, баланың игерген білімін берілген мәселеде өз бетімен қаншалықты қолдана алатынына
көңіл бөлінеді.
Психолог диагностиканы төмендегі бағыттар бойынша жүргізеді:
Жалпы және ұсақ моторикасының дамуын диагностикалау
• оқушының мектепке дайындығын анықтау (1 сыныптар үшін);
• оқушылардың оқу мотивациясын тексеру;
• оқушылардың танымдық қабілеттерін анықтау;
• сөйлеу ерекшеліктері;
• өзін-өзі бағалауы;
• ерік-жігері;
• қарым-қатынасқа түсу қабілеті.
ІІ. Түзету-дамыту бағыты
• түзету-дамыту жұмыстары мынадай бағыттарда жүзеге асады.
• ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар;
• сенсорлы қабылдауды дамыту;
• салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау операцияларын
қалыптастыру;
• зейіннің тұрақтылығын және шоғырлануын дамыту;
• көру,есту арқылы есте сақтауын дамыту; психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен
сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру.
ІІІ.Психологиялық кеңес беру.
• баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналарға, ұстаздарға
бірқатар ұсыныстарды даярлау;
• оқушымен тікелей жұмыс жасайтын педагогтармен әңгімелесу;
• баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстыру;
• ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар
даярлау;
• ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны
дамытудың маңыздылығын түсіндіру;
IV. Әлеуметтік-бейімдеу бағыты.
• оқушының мектеп өміріне, қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету;
• баланы қоғамдық жұмыстарға, мерекелік немесе басқа да іс-шараларға араластырып,
жауапкершілігін арттыру;
• баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету;
• мектепте өзін еркін сезінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық
бағдарлай білуге үйрету.
V. Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт.
Бұл бағыт психологтың баланың даму деңгейінің картасын толтыру, ісшараларға
дайындық, баланың жеке құжаттарын толтыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мұнда
ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік құралдарды жасау, өз білімін жетілдіру
курстарына қатысу және т.б. жұмыстар кіреді [4].
Қорытындылай келе, педагог-психолог оқушының мектепке, оқу процесіне
бейімделуіне, әлеуметтік ортаға сіңісуіне қолдау көрсетеді. Ал, психологиялық түзете-дамыту
сабақтары оқушының танымдық қабілеттерін дамытуға, оның сөздік қорын молайтуға және
сыныптастарымен, мұғалімдермен қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуға септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |