СИЛЛАБУС (SYLLABUS) Пәннің аты және коды: Практикалық психология
Оқыту формасы - күндiзгi
Кредиттер саны (сағат) – 2
Оқытушылар туралы мәлімет: Лиясова Айгуль Амангельдиевна – аға оқытушысы, Баймолдина Лаура Оразбковна – оқытушы
Байланыс мәліметтері: этникалық және педагогикалық психология кафедрасы, 267-43-73, 263-43-83 (107), 87073382979, 87052042425,
Курстың қысқаша мазмұны: студенттер бойында пратикалық психология туралы жалпы ұғымдарды қалыптастыру.
Пәннің өзектілігі мен мәнділігі: ұсынылған “Практикалық психология” курсы оқыту процесiнiң мазмұны мен психологиялық құрылымына байланысты қазiргi әдiснамалық жағдайларға сүйеніп, психология мектебiнiң жетiстiктерi мен тұжырымдамаларын негiзге алады, сондай-ақ әлемдiк психологияның жетiстiктерiн талдау.
“Практикалық психология”курсын оқыту қорытындысында студенттер бойына келесі негізгі білімдер, іскерліктер мен дағдылар меңгерілуі қажет:
Практикалық психология негіздері бойынша психологиялық білімдерді, ептіліктерді және дағдыларды жүйелеу;
Практикалық бағытталған психологиялық ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
Кәсіби психологиялық қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
Практикалық психодиагностика және психологиялық коррекция ептілігін қалыптасыру және дағдысын дамыту;
Практикалық психологиялық технология туралы жүйелі түсініктерді дамыту.
7. Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері. “Практикалық психология” пәнін ашудағы пререквизиттер:Педагогикалық, жас ерекшелік, медициналық, әлеуметтік психология сияқты аралас пәндер және жеке адам теориясы оқылатын пәннің әр бөлімін мазмұнды психологиялық түсінуге мүмкіндік береді. Бұл практикалық және психология мәселелері арасындағы жүйелі өзара байланысты табуға әсер етеді, адам белсенділігінің эмпирикалық көріністерінің психологиялық механизмдері туралы адекватты түсініктердің қалыптасуы үшін мүмкіндікті қамтамасыз етеді.