Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет254/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

Қолданылған әдебиеттер: 
1.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010 ж. 


366 
 
2.  Проект  Концепции  развития  инклюзивного  образования  в  Республике  Казахстан  на 
2005-2010г. 
3.  Г.Д.  Хакимжанова,  А.А.Айдарбекова,  «Обучение  и  воспитание  детей  с  особыми 
образовательными потребностями в условиях массовой школы», Алматы, 2001 г. 
4.  Дубровина И.В. Психокоррекционная и развивающая работа с детьми. – М., 2001. 
 
 
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ 
 
Утесинова М.Б., 
№1 Қалалық  ПМПК 
  
Казіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу,оның қажеттілігі 
мен  мүмкіндіктерін  жан-жақты  дамыту,ақыл-ойын  жетілдіріу  мемлекетіміздің  алға  қойған 
маңызды міндеті. Мүмкіндігі шектектулі балаларды тәрбиелу кезінде, айта кетенін жағдай , 
сырқат  баланың  дамуының  алғашқы  жылдарында  оқуы  мен  тәрбиесіне  негізгі  кедергі 
келтіретін  алғашқы  мүкістіктері  болса,  дер  кезінде  қажетті  коррекциялық  көмек 
көрсетілменген  жағдайда  оның  әлеуметтік  бейімделуіне  бөгет  жасайтын  екінші  кезекті 
ауытқушылықтар  пайда  болады.Осыған  байланысты  кәзіргі  замандағы  коррекциялық 
педагогикада  бала  дамуындағы  ауытқушылықтарды  неғұрлым  ертерек  анықтап,  дұрыс 
диагностика  қойып,  оған  қажетті  алғашқы  педагогикалық-психологиялық  көмек  көрсету 
негізгі үстаным болып отыр. 
Оқыту  барысында  балалардың  жеке  басының  қасиеттерін,  мінез-құлқын,  ойлау 
қабілеттерін  ойын арқылы түзетуге, дамытуға болады. Әр баланың өмірге қадам басқандығы 
алғашқы  әрекеті  бұл  ойын  болып  саналады.  Ойын  барысында  балалардыңжеке  басының 
қасиеттері қалыптасады. Бала өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп, білдіруге мүмкіндік алып, 
айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға үйретеді. Ойын арқылы балалар қоршаған орта 
жайлы  білімдерін  толықтырады,  дербес  шешім  қабылдауға  дағдыланады,  ойлау  барысында 
ұтқырлық  пен  тапқырлық  танытады.  Мүмкіндігі    шектеулі  балалармен  ойналатын  ойындар 
баланың  зейінін,  ойлау,  есте  сақтау  қабілеттерін,  сөйлеуін  дамытуға  арналған.  Ойын 
барысында  пайдаланылатын    дамыту  ойыншықтары  балалардың  психологиялық  қызметін 
саплалы түрде өзгертуге бағытталған тиімді әсер ету құралы болып табылады. 
Мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  жұмыс  жасаған  кезде  балаларға  ұсынылатын 
ойындарды меңгеру керек, оның бала зердесіне әсер етуі мен қабылдауы, балаларға берілетін 
тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы, балалардың мүмкіндіктері ескерілу керек, олардың 
денсаулығын  жақсартуға  әсер  етіп,  ойынның  мазмұны  қызықты  болып,  балалар  ойнауға 
ынталы болуы керек. 
Түзету жұмысында емдеу тәжірибе де өнерді пайдалану арттерапия деп аталады. Бала 
арттерапияға  яғни  сурет  салу,  шынықтыру,  әдебиет,  музыка  шығармашылығына  қатыса 
отырып,  рухани  жағынан  да  дамиды.  Баланың  түзету  дамыту  жұмыстарының  тағы  бір  түрі 
ересектер мен құрбылардың ықпалы. Ересек балалар үшін қайталау обьектісі. Яғни жүріс  – 
тұрыс, сөйлеген сөзі, іс – әрекеті. Баланы ересектер әрдайым қадағалап жүру керек дұрыс іс – 
әрекетте қолдап, бұрыс істеген жағдайда тәртіпке шақырып түзеп отыру қажет.  
Ұжымдағы  бала  мәртебесін  өзгерту  де  тиімді  тәсілдердің  қатарына  жатады.  Мысалы, 
баланың тұрақты теріс қылықтарын қарамастан, оған жауапты тапсырма беру. 
Педагогикалық қолдау әдісін қолдана отырып, ересек адам бала тұлғасын, оның тәртібін 
негативті бағалаудан бас тартады, тәртіпті сақтауға деген тілекті қолдайды анық және ашық 
түрде балаларға көмекке дайындығын білдіреді. Оқыту мен тәрбиенің түзету әдістері баланың 
күн тәртібін және ұстаз тұлғасына сәйкес өзгеруі.  
Дұрыс ойластырған күн тәртібі ырықты тәртіпті қалыптастырудың оның кемшіліктерін 
түзетудің қажетті шарты, әрі құралы болып табылады. Ұйымдастырылған күн тәртібі баланың 


367 
 
психоэмоционалдық  жағдайына  жағымды  әсер  етеді.  Күн  тәртібі  икемді,  көп  вариантты, 
келеңсіз жағдайлары ескерілуі тиіс. 
Дамуында кемшілігі бар бала күнделікті өзіне деген күтімді талап етеді де, ата – анасына 
күнделікті  дағдыланған  өміріне  кедергілік  әкеледі.  Интеллектуалдық  бұзылысы  бар 
балаларды  тәрбиелеу  ата  –  аналардан  төзімділік  пен  қажырлықты  қажет  етеді.  Баланы 
қоршаған ортаға дайындауда, мектепке дайындап дамытуда ата – аналардың үлесі өте ауыр 
болатынын  естен  шығармаған  жөн.  Ереже  бойынша  полярлық  сипатқа  ие  болған  тәртіптік 
көріністердің  екі  тобын  ерекшелейді.  Бірінші  топқа  «гипербелсеңді»  балаларды 
жатқызады,оларды ерте шақта жеңіл тануға болады. Ерте жаста олар тынымсыз, ашушаң және 
ерке  болады.  Мектепке  дейін  шақта  өзін  тым  шулы  етіп  көрсетеді.Осы  балалардың  тәртібі 
импульсивтілігімен, 
қозғалыс 
тынымсыздығымен 
және 
ерікті 
зейінінің 
тым 
тұрақсыздылығымен  ерекшеленеді.Сабақ  кезінде  осы  топтағы  балалар  орнынан  тұрып,  әр 
түрлі  заттарды  алады  да  ұстаздарды  тыңдамайды  және  ескертулерге  назар  аудармайды.      
Бейтаныс адамдардың алдында қозу тым жоғары, көп сөйлейді. Осы балалардың тәртіптері 
тұрақсыз,  сондықтан  ол  түскен  жағдайына  тәуелді  болады.  Қоршаған  ортаның  сәл  өзгеруі 
кезінде  қозғыштығы  күшейеді.  Осы  балалардың  эмоциялары  тұрақсыз,  лабилді  және 
өзгермелі. Ал екінші топтың балалары тәртіптің қарама – қарсы формасын көрсетуі мүмкін. 
Олар тым баяу, барлық іс әрекетте көмекті қажет етеді және сабақтарда поссивті болады. Осы 
балалар  мұғалімдерге  сұрақтармен  жақындамайды,  қойылған  сурақтарға  жауап  беруге 
тырыспайды.  Қандай  да  іс  –  әрекеткеолар  мұғалімнің  бірнеше  рет  ұсыныс  жасаудан  және 
тапсырманы бірнеше рет қайталаудан кейін ғана қосылады. Топта осындай балалар сабырлы, 
әрі жауапты әсер қалдыруы мүмкін. Интеллектуалдық іс  – әрекеттің осындай бұзылыстары 
ерте,  бір  жасқа  дейін  немесе  өмірдің  алғашқы  жылдарында  анықталады  және 
диогностикаланады. Айқын интеллектуалдық жетіспеушілігі бар балалардың қалпы өмірдің 
алғашқы 
күндерінен 
ауыр 
дамымаушылығымен 
ерекшеленеді.Бастауыш 
сынып 
оқушыларының назарына тек қана жарқын суреттер, заттар, арқылы аударуға болады, бірақ 
ұзақ назарын аудару қиынға соғады. Айқын интеллектуалдық жетіспеушілігі бар балалардың 
психикасын  зерттеу  нәтижелері  олардың  логикалық  және  механикалықесте  сақтау  қабілеті 
тым дамымаған екенін көрсетті. Демек отбасының бала тәрбиесіндегі алар орнын халқымыз « 
ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық оймен түйе білген. Кемістің түріне де 
және күрделілік деңгейіне байланысты балаларды тәрбиелеу мүмкіндігі де өзгеріп отырады.  
Тәрбие  бұл  жалпы  ортақ  міндеттерді  іске  асыру  барысында  мұғалім  мен  оқушының 
ықпалдасты,  әрекеттерін  қамтамасыз  етуші  арнайы  ұйымдастырылған  тәрбиелік  жүйе 
жағдайында тұлғаны қалыптастыру, ол үшін рухани байлығы мен эмоциялық құндылықтарды 
тәрбиелеу максатын көздейтін әлеуметтік процесс. 
Қазіргі уақытта  тәрбие  келесідей  мақсаттарды көздейді: 
•  қоғамда және білім беру саласында тәрбиенің мәртебесін көтеру; 
•  тәрбиелік жүйелерді қалыптастыру; 
•  білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын нығайту, жетілдіру, отбасымен байланысты 
дамыту, кеңейту; 
•  отандық тәрбие  дәстүрлері мен қазіргі тәрбиелеу тәжірибені біріктіру
•  балалар  үшін  психологиялық-педагогикалық,  медициналық-әлеуметтік  оңалту 
жүйесін әзірлеу, енгізу. 
Арнайы  білім  беруде    тәрбиені    ұйымдастыру    принциптері    ұлттық  білім  беру 
стратегиясы  мен  саясатымен    анықталады,  соның    ішінде  тәрбиелік    ұйымдардың  мен 
жүйелерді, әдістер мен жүйелердің  көптүрлігін қажет етеді. 
Сонымен  бірге  тәрбиені  дұрыс  жүзеге  асыру  үшін  тәрбиешілерді  дайындау  жүйесін 
жетілдіру  қажеттілігін  білдіреді.  Бұл  жерде  жаңа  арнайы  білім  беру  технологиялармен 
таныстыру, үйрету  мақсаты өзекті  болып табылады. 
Арнайы әдістерді пайдалана отырып, тәрбиеші бала тәртібіндегі кемшіліктерді тікелей 
түзетуге ықпал етеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу кезінде жаттығу 
түзетудің арнайы әдістерінің бірі болып табылады. Жаттығуларды орындай отырып бала өзін 


368 
 
ортада  дұрыс  ұстауға,  мейірімділікке,  төзімділікке  үйренеді.  Бірақ  жаттығуға  толығымен  
жүгінуде  балаларды  агрессияға, мінезіндегі  қиқарлықты  тудыруы мумкін. 
Түзету жұмысында емдеу тәжірибе де өнерді  пайдалану арттерапия  деп аталады. Бала 
арттерапияға  яғни  сурет  салу,  шынықтыру,  әдебиет,  музыка  шығармашылығына  қатыса 
отырып, рухани жағынан да дамиды.   Баланың түзету дамыту жұмыстарының тағы бір түрі 
ересектер мен құрбылардың ықпалы. Ересек балалар үшін  қайталау обьектісі. Яғни жүріс – 
тұрыс, сөйлегенсөзі, іс – әрекеті. Баланы ересектер әрдайым  қадағалап жүру  керек  дұрыс іс 
– әрекетте  қолдап, бұрыс істеген жағдайда  тәртіпке  шақырып  түзеп  отыру  қажет.  
Ұжымдағы бала мәртебесін өзгерту де тиімді  тәсілдердің  қатарына  жатады. Мысалы, 
баланың  тұрақты  теріс  қылықтарын  қарамастан, оған  жауапты  тапсырма беру. 
Педагогикалық    қолдау    әдісін    қолдана    отырып,  ересек    адам  бала  тұлғасын,  оның  
тәртібін  негативті бағалаудан бас тартады, тәртіпті сақтауға деген тілекті қолдайды анық және 
ашық түрде балаларға көмекке дайындығын білдіреді. Оқыту мен  тәрбиенің түзету әдістері  
баланың күн  тәртібін  және  ұстаз  тұлғасына  сәйкес  өзгеруі.  
Дұрыс  ойластырған күн тәртібі ырықты тәртіпті қалыптастырудың оның кемшіліктерін 
түзетудің қажетті шарты, әрі құралы болып табылады. Ұйымдастырылған күн тәртібі баланың  
психоэмоционалдық  жағдайына  жағымды  әсер  етеді.  Күн  тәртібі    икемді,  көп  вариантты, 
келеңсіз жағдайлары ескерілуі тиіс. Күн  тәртібі  үшін уақыт дұрыс анықталуы тиіс. Баланы 
оқыту  мен  тәрбиелеуде  бала  бойындағы  кемшілікті  түзету  үшін  негізгі  бағытты  анықтаған  
жөн: 
Бірінші  баланың  оқу  мен  тәртібінде  тұлғалық  дамуында  жағымсыз  құбылыстарды 
ертерек анықтау және түзету 
Екінші  педагогикалық  талдау  жүргізу,  түпкі  себептерді  анықтау,  оны  жоюға  деген 
дифференциалдық  көзқарас. 
Үшінші  арнайы  әдістерді  пайдалану.  Педагогтар  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды 
тереңірек түсініп, тыңдап, баланың көңіл – күйіне  назар аудару керек. 
Қазіргі  таңдамүмкіндігі  шектеулі  балалармен  жұмыс  жасайтын  тәрбиешілер  үшін 
талапта  жоғары. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет