Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІЗ



Pdf көрінісі
бет260/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   284
ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІЗ ... 
/ КЕЙІПКЕР ЖАЙЫНДА МӨЛТЕК МӘЛІМЕТ / 
 
Садуов Қалижан Кошкинбаевич
Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңесту негізгі орта мектебінің  
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
Атам  қазақ  жалпы  дәстүрлі  халықтар  қатарында.Атадан  келе  жатқан  салтты    сақтап, 
жалғастырып, жаңғыртып келе жатқан бірден бір ел-әрине біздің ел. Біз тарих пен тағдырдың 
бұралаңы көп жылдар мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлыған 
басымыздан өткеріп,көріп келген елміз.Бүгінгі күні тәуелсіздікке қолы жеткен егеменді елміз. 
Бұған  біз  әр  уақытта  іштей  тәубе  етіп  шүкіршілік  етеміз  ғой.Жалпы  бұл  өмірде  шын 
таланттарда  кемталанттар сықылды «мен мынаны  жазғанмын!» , «мен ананы істегенмін!»- 
деп  елден  ерен  ерекше  кеуде  соғып,  әсте  масаттанып  жүрмейді.Олар-  «ақырын  жүріп,анық 
бастың»  нақ  өздері.  Олар-үндемей  жүріп,еліне  адал  қызмет  етіп  жүрген  жандар  емес  пе! 
Сондай  шын  таланттардың  бірегейі,өз    туған  өңіріне  жазушылық  қызметімен  де,  құрметті 
азаматтығы  мен  мәрттігімен  де  танылған  Нұрдәулет  Бабиханұлы  Ақыш  жайында  сан 
мақалалар  жазылып  жатыр.Ал  мен  бұл  мақаланың  өзге  бір  қырынан  келуін  алдыма  мақсат 
тұттым.Жалпы-  Нұрдәулет  Бабиханұлы  Ақышқа  кішкене  тоқталып  өтелікші.  «Өмір-өзен» 
демекші,уақыт өзінің дегенін істеуі-ол заңды құбылыс сияқты. Өмірдің талай алдырмас асқақ 
белестерін үлкен абыроймен өтіп,еліміздің іргесін нығайтуға, өркендеп өнуіне ерекше үлесі 
бар,ер азаматтың ел ішіндегі үлкенді-кішілі атқарған қызметтері бар және еңбегінің ұйытқысы 
бола  білген  ол-елге  танымал  жазушы  ағамыз,замандасымыз  .  Нұрдәулет  Бабиханұлы 
Ақыштың  бойынан  жастардың  «Жігер»  фестивалінің,  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет 
министрлігі  конкурсының,халықаралық  «Жамбыл»  сыйлығының  лауреатын,Халықаралық 
сыншылар  ассоциациясының  дипломантын,  Қазақстан  Жазушылар  одағы  басқармасының 
мүшесін,  Шығыс  Қазақстан  облысы,  Қасиетті  Тарбағатай  ауданының  құрметті  азаматы 
иегерлігін  көруге  әбден  болады.Кейінгі  уақытта  жазушының  «Бейуақытта  жанған  от»  
туындысымен жіті таныса отырып көп жағдайаттарға куә болғандаймын. Расын айтсақ, қандай 
да  да  бір  аты  мәшкүр  айтулы  жазушының  қаламымен  дүниеге  келген  бүкіл  туындысы 
тұтасымен  тамсантуы  әсте  мүмкін  емес,  бірақ  та  аты-жөні  аталса,бірден  тілге  тиек  бола 
кетерлік  бір  немесе  одан  да  көп  ерекше  туындылар  болады.Сондай  ескермейтін 
туындылардың  бірі,әрі  бірегейі  –«Бейуақытта  жанған  от»  атты    прозалық  жинағы  еді. 
Жазушының  бұл  аталмыш  прозалық  жинағына  кейінгі  жылдары  қаламымен  өрнектеліп 
жазылған  бір  топ  повестері  мен  әңгімелері  шебер  топтастырылған.Мысалға  алсақ,  «Саяқ 
жауынгер», «Сезім жетегіндегі жігіт» , «Құз хиқаясы»  хиқаяттарымен  бірге  «Баба Таня» , 
«Бейуақта жанған от» , «Көзбен көрген ... өтірік» , «Қараңғыда берілген көрімдік» , «Учаскелік 
алыпсатар» , «Дон Жуанның қалыңдығы» , «Жұмыс іздеген қыз» , «Сыйлашы жұлдыздарын 
жанарыңның» , «Еркегүлдің екі күйеуі» , «Көнбіс бәйбіше» , «Жігіт таңдаудың шебері» атты  
әңгімелері де жинақтан асқан ерекшелікпен өз орындарын дәл тапқан. Танымал жазушы өзінің 
көркем    шығармашылығына  ғана  тән  эстетикалық-идеялық  ұстанымды  одан  әрі  асқан 
шеберлікпен  жалғастырған.  Ол  қоғам  мен  адам  арасындағы  ежелден  келе  жатқан 
үйлесімсіздіктердің біз біле бермейтін беймәлім сырларына жекелеген жандардың бастарынан 
өткен сан қилы қызықты оқиғалар арқылы терең үңілуге тырысады.Қай туындысында да адам 
тағдыры  ішкі  қайшылықтармен  де,әлеуметтік  сипаттармен  де  ерен  ерекше  дараланған. 
Тәуелсіздік  пен  демократияның  еркіндіктеріне  ерекше  ден  қойған  кейіпкерлердің  осы  өмір 
жайындағы  біртуар  тұжырымдары  да  жалпы  оқырмандарды  біз  білмес  тосын  да  терең 
мағыналы  ойларға  жетелейді.  Жалпы  алғанда  бұл  аталмыс  жинақтың  өзіндік  жазылу  
стиліндегі көркемдік ізденістер де назар аударарлық кейіпте   еді.Біртуар жазушының кейінгі 
уақыттарда баспа бетінде жасындай жарқ етіп жарыққа шыққан  кітаптары да баршылық.Атап 
айтсақ, «Жұмбақ іздер»,  «Үндемейтін ұл», «Қиырдан келген көгершін», «Сынық домбыраның 
сазы» , «Таң алдындағы дабыл» , «Необыковенное лето» , «Жатахана қыздары», «Ұры қыздың 


380 
 
тағдыры» , «Алтынбек» , «Зұлмат жылдары қазақ прозасында» , «Текті әулеттің тұлғасы» және 
де  «Бейуақта жанған от»   атты кітаптары әр жылдарда,яғни сонау 1980- жылдан бастап мына 
2019- жылдар аралығында   баспа беттерінен жарық көріп,әр кездерде оқырмандарымен жылы 
қауышып  отырғанды.Әрбір  тірі  жанға  өзінің  отбасы,туған-туыстары,жора-жолдастары 
соншалықты    ыстық  болса,қалың  оқырманға  да  жазушының  қаламынан  жаңа  шыққан  тың 
туындылар да сондай ыстық болады.Әр уақытта да біздер оқырман мен  қаламгерлердің қадір-
қасиетін қадірлей жүрейік деп өз ойымды қорытындылаймын.   
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет