Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Жаңа ақпараттық құралдарды түзету сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер



Pdf көрінісі
бет102/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

Жаңа ақпараттық құралдарды түзету сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер: 
- даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға көмектеседі; 
- оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады; 
- сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады; 
- оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді; 
- оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады
 Мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  өткізілетін  әрбір  сабақты  балалар  өз  күштеріне 
сенімділігін  сезінетіндей  етіп,  олардың  оқуға  деген  ықыластарын  оятып,  қызықтыратындай 
етіп  ұйымдастыру  қажет.    Қызығу  танымдық  іс  –  әрекеттің  қозғаушы  күші.  Оқушылардп 
танымдық қызығуды қалыптастырудың үш жағдайы бар: 
1.  Оқытудың  мазмұны,  оның  берілу   түрі,  жаңалығы,  ғылым  мен  техниканың  соңғы 
табыстары. 
2.  Оқушының  таным  әрекетін  ұйымдастыру  формалары,  құралдарын  және  әдістерін 
жетілдіру. 
3.  Мұғалім  мен  оқушы,  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  қарым  –қатынасы,  сыйластық, 
ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. 
Түзету  – дамыту және оқыту жұмыстарының тиімділігі көбінесе мұғалімдердің кәсіби 
біліктілігіне  байланысты  болып  келеді.  Балалардың  жеке  қабілеттерін  ескере  отырып,  әр 
қайсысына жеке қарау. 
Жаңа  ақпараттық  технологиялармен  қатар,  өз  сабағымда  ойын  әдіс-тәсілдерін 
қолданамын,  мүмкіндігі  шектеулі  балалалармен  көбінесе  ойын  арқылы  жұмыс  жасаған 
тиімді.Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар 
өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойнай жүріп балалар қоршаған орта 
жайлы  білімдерін  толықтырады,  дербес  шешім  қабылдауға  дағдыланады,  ойлау  барысында 
ұтқырлық  пен  тапқырлық  танытады.  Ойын  әсері  арқылы  бала  өз  қасиетін  қалай 
қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Түрлі ойындар баланың 
тапқырлығын,  байқағыштығын,  зейінділігін  арттырумен  қатар  ерік  сезім  түрлерін  де 
дамытады.  Мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  жұмыс  жасайтын  мұғалімдер  үшін  талап  та 
жоғары. Ұсынылып отырған ойындар баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу 


158 
 
мәдениетін  дамытуға  арналған,  адамгершілік  сезімін  оятуға,  ойын  арқылы  ұстаз  қойған 
мақсаттарына  жетеді  деп  ойлаймын. Ойынға  қатысушы  оқушылар  мұғалімдермен  өзара 
қарым-қатынастарын  көтереді,  әрі  өздерінің  қабілеттерін  тексеруге  мүмкіндік  тудырады, 
сонымен қатар ұйымдастыру қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады. 
Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей: 
1.Рөлдік   ойындар. 
2.Іскерлік  ойындар. 
А)Іскерлік оқу ойындары: саяхат ойындары; блиц ойындары. 
Ә) Өндірістік ойындар. 
Рөлдік ойындар - интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі. 
Рөлдік ойындар екіге бөлінеді: 
1.Әрбір оқушы рөлде ойнайды. 
2.Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды. 
Іскерлік  оқу  ойындарға  келсек,  мысалы,  сабақ  тақырыбы  бойынша  жазылған 
сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойнау. Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді 
немесе  достары  мен  туыстарына  хат  жазады. Блиц  оқу  ойындары  туралы  айта  кетсек,  олар 
шағын  ойындар,  оқушылардың  нақты  біліктері  мен  дағдыларын  дамытуға  бағытталады. 
мынадай  түрлері  болады:  фотосуреттерді  баяндау  (отбасы  мүшелерін,  достарын,  өз  үйіңді, 
бөлмеңді),  шындық  детекторы  (дұрыс,  қате),   т.б.  Өндірісті  ойындарда  әлеуметтік  және 
экономикалық  маңызы  бар  күрделі  мәселелерді  шешуге  болады.  Мысалы,  «Қоршаған  орта 
немесе 
қоқысты 
қайта 
жіберуге 
болады.» 
деген 
тақырыптарда. 
Мен әр психологиялық тренинг сабақтарымда  ойындарды екі түрге бөліп ойнатамын. Олар: 
дайындық  ойындары  және  шығармашылық  ойындары.  Дайындық  ойындарына 
грамматикалық,  лексикалық,  фонетикалық  және  орфографикалық  ойындар  жатады. 
Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді. 
Сол  себептен  ойын  бұл  тапсырманы  жеңілдетеді.  Мысалы,  заттарды  көрсетіп   «Артығын 
тап»,   «Бір  сөзбен  ата»,  «Мектепке  баратын  жолды  қызға  көрсет»   және  «Әуенді  тап», 
«Суретжұмбақтарды  табу»  т.б.  тапсырмалар  беру.  Сөз  орын  да  есте  сақтау  оңай  емес 
болғандықтан, ойын ойнатқан жөн деп есептеймін. Мысалы, «Домино», «Бинго» ойындары, 
қызықты геометриялық фигураларды сызып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді 
эстетикаға  сай,  ретсіз  жазып  қойып,  атап  беру.  Сабақтарымда  танымдық  ойын  түрлері, 
жаттығулар,  суретті  кестелер,  математикалық графикалық диктант  т.б. жүргізіп отырамын. 
Ойындарға  дайындықтың  қажеті  жоқ,  тек  қана  оқушыларды  ойынның  шарттарымен 
таныстырамын.  Бұл  ойындарды  шығармашылық  ойындардың  қатарына  қосуға  болады. 
Ойындардың бәрі дамыту ойындарына жатады. 
Өз тәжірибемде қолданып жүрген ойындар дидкатикалық материалдар оқушылардың ой 
өрісін, дүниетанымын, қабілеттерін дамытуға көмектеседі. 
Қазіргі  заман  мұғалімнен  тек  өз  пәнінің  терең  білгірі  болуы  емес,  тарихи  танымдық, 
педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық 
сауаттылық  талап  етілуде.  Ол  заман  ағымына  сәйкес  білім  беруде  жаңалыққа  жаны  құмар, 
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын 
шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты 
саналады. 
Сөзімді  қорыта  келгенде,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқытудағы  ақпараттық–
коммуникациялық  технологияларды  қолдану:  біріншіден,  оқушылардың  білімін  берік 
меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін 
арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет