Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт



Pdf көрінісі
бет111/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

5. Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт:  
Бұл  бағыт  психологтың  баланың  даму  деңгейінің  картасын  толтыру,  іс-шараларға 
дайындық,  баланың  жеке  құжаттарын  толтыруды  қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар  мұнда 
ұстаздар  мен  ата-аналарға  арналған  әдістемелік  құралдарды  жасау,  өз  білімін  жетілдіру 
курстарына  қатысу  және  тб  жұмыстар  кіреді.  Мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  ата-
аналарымен жұмыс сенім және олардың оқу-тәрбие процесіне толық қосылуы қағидаттарынан 
құрылады.  Психологтың  кеңесі  жүйелі  түрде  жүргізіледі.  Инклюзивті  білім  берудегі 
психологтардың  міндеттерінің  бірі  -  бұл  айналасындағыларды  (отбасы  мүшелерін,  басқа 
балалардың  ата-аналарын,  мектеп  қызметкерлерін,  барлық  әлеуметтік  ортаны)  "ерекше" 
балаларды  қабылдауға,  құрметтеуге,  оларға  тұрмыста  мейірімділікпен  қарауға,  оларға  тең 
мүмкіндіктерді  қамтамасыз  етуге  және  осы  адамдардың  қабілетін  бағалауға,  оларға  қолдау 
жүйесін  құруға  үйрету.  Насихаттау  мақсатында  мүгедек  адамдармен  қарым-қатынаста 
қолданылатын К. Мейер (АҚШ-тың Ұлттық қол жетімділік орталығы) жасаған әдептіліктің 
ережелерін атап өткім келеді.  
1.  Сіз  мүмкіндігі  шектеулі  баламен  танысқан  кезде,  оған  өз  қолыңызды  беруіңізге 
болады, тіпті, егер оның қолмен қозғалтуы қиынға соқса немесе протезді пайдаланса, оның (оң 
немесе сол) ұстап амандасуға болады.  
2. «Ерекше» баламен ересектермен сияқты есімін атап сөйлесіңіз.  
3. Сөйлеу кемшілігі бар баламен қарым-қатынасқа түскенде, міндетті түрде, оны мұқият 
тыңдаңыз. Шыдамды болыңыз, сөйлемді  аяқтағанға дейін күтіңіз. Түзетпеңіз және ол үшін 
жауап бермеңіз. Әңгімелесушіні түсінбесеңіз, қайтадан сұрап алуға ыңғайсызданбаңыз.  
4. Нашар еститін адамның назарын аудару үшін оны қолыңызбен иығынан түртіп өзіңізге 
қаратып  алыңыз.  Оның  көзіне  қарап,  анық  айтыңыз,  бірақ  нашар  еститін  адамдардың  бәрі 
еріндері  бойынша  оқи  алмайтынын  есте  сақтаңыз.  Этикеттің  осы  ережелерін  меңгеру 
мүмкіндіктері шектеулі балалармен қарым-қатынаста оңай және тиімді түсуге және олардың 
да өздерін дұрыс ұстай білуіне, ыңғайсыз сезінбеуіне көмектеседі.  
Қорытындыда тағы да атап өту керек: 1. Даму ерекшеліктері бар бала барлық балалар 
үшін  бірдей  қажеттіліктерге  ие,  олардың  ішіндегі  ең  бастысы-  махаббат  пен  оның  дамуын 
ынталандыратын жағдайға деген қажеттілік. 2. Даму ерекшеліктері бар бала, ең алдымен, бала 
және ол қалыпты жағдайға барынша жақын өмір сүруі тиіс.3. Барлық балалар оқи алады және 
әрқайсысына қандай ауыр болса да білім алуға мүмкіндік берілуі тиіс. Қорытындылай келе 
педагог-психолог    маманы  ретінде  оқушының  мектепке,  оқу  процесіне  бейімделуіне, 
әлеуметтік  ортаға  сіңісуіне  қолдау  көрсетеді.  Ал,  психологиялық  түзете-дамыту  сабақтары 
оқушының  танымдық  қабілеттерін  дамытуға,  оның  сөздік  қорын  молайтуға  және 
сыныптастарымен, мұғалімдермен қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуға септігін тигізеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет