175
мектепке дейінгі ұйымдардың 30%; мектептердің 70% инклюзивті білім беру
үшін жағдай жасау;
психологиялық-педагогикалық түзеу және психологиялық-педагогикалық
консультациялар кабинеттері желісін кеңейту.
2016-2017 оқу жылында 10% (4910 б/б-дан 495 б/б) балабақша инклюзивті білім беруді
енгізді, онда 6130 детейбала, 44,7% немесе 3289 мектеп инклюзивті білім беру үшін жағдай
жасады ( 40 мыңнан астам бала).
Педагогтар мен ата-аналарға ғылыми-әдістемелік, ұйымдық-консультативтік көмек
көрсету үшін 7 инклюзивтік білім беру жөніндегі ресурстық орталығы құрылды (Ақтөбе – 1,
Ақмола -1, Қарағанды – 1, БҚО – 2, Қызылорда – 1, ҚАЗ ҰПУ- 1).
Қазақстан Республикасында 42 арнайы балабақша және 435 арнайы топтар жұмыс
істейді, оларда 13 мыңнан астам мектепке дейінгі жастағы балалар
білім мен тәрбие алуда, 97
арнайы мектеп және жалпы білім беру мектептері жанындағы 2605 арнайы сынып жұмыс
істейді, оларда 25 мыңға жуық оқушы білім алады.
Қазіргі уақытта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға 13 оңалту орталығы, 149
психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, 58 психологиялық-медицииналық-
педагогикалық консудьтацияларды, педагогикалық -коррециялау қолдауды көрсетуде.
ИПБТ жүйесінде мүмкіндігі шектеулі жандар қатарынан мамандарды даярлау ісін 178
колледж жүргізуде. Аталмыш санат студенттерінің контингенті 3 мыңға жуық адам
құрайды. «Дефектология» мамандығы шеңберінде кадрларды даярлау елдің 17 ЖОО-да
жүргізіледі. Бұдан басқа педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс
жүргізілуде. 3 жыл ішінде 2771 педагог инклюзивті білім беру бойынша біліктілігін
арттыру курстарынан өтті. Педагог кадрларының біліктілігін арттырудың барлық
курстарының тыңдаушылары үшін инклюзивті білім беру бойынша міндетті
лекциялар әзірленді және енгізілді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білімге қол жеткізуді электрондық білім
беру жүйесі де қамтамасыз етеді. Үйде білім алатын балалар қажетті бағдарламалық-
техникалық құралдарды алады. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін жеке қозғалыс
құралдары, арнайы пернетақталар және манипуляторлар алынады; есту қабілеті бұзылған
балалар үшін - есту аппараттары, дыбысты күшейтуші микрофоны бар жүйе,
тифлотехникалық құралдар алынады. Білім алуға жол ашуды қамту үшін ақпараттық
қамтамасыз ету құралдары, соның ішінде принтерлер мен Брайлевтік дисплейлер, оқу
машиналары мен үлкейтуші құрылғылар, электронды лупалар, сөйлеуші экранды үлкейтуші
шағын құрылғылары және тағы басқалары аса маңызды. Республикалық бюджет есебінен
компьютерлік техника және құрал-жабдықтармен 6 мыңға жуық үйінен оқытылатын мүгедек-
бала қамтылған.
Қазіргі уақытта республикадағы арнайы білім беру ұйымдарының жартысына
жуығы мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық дамуын ынталандырушы мультимедиялық
білім беру жүйесімен жабдықталған. Арнайы мектептердің 20 % -ында интерактивті
тақталар
орнатылған. Ғаламторға қосылған арнайы мектептер саны шамамен 95 %, білім беру арнайы
мекемелерінің 41 % логопедтік жаттықтырғыштармен , 37% — есту-сөйлеу
жаттықтырғыштарымен жабдықталған.
Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім
беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы
білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне,
жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке
шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау,
яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік
саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін
мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде
балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік
қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы
176
жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге
ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың
білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім
беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды
әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының
Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім
беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу
орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл
бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның
Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне,
географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-
экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту
мүмкіндігіне ие болу.
Достарыңызбен бөлісу: