Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Инклюзивті  білім берудің  мақсаты



Pdf көрінісі
бет118/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   284
Инклюзивті  білім берудің  мақсаты: Даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды қалыпты 
балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең 
құқылы  жеке  тұлға  ретінде  білім  беру  жүйесі  болып  табылады.  Инклюзивті  білім  беру- 
мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқытып-үйретудің  бір  формасы.Бұл  арнаулы  білім  беу 
жүйесінде  дәстүрлі  түрде  қалыптасқан  және  даму  үстіндегі  формаларды  ығыстырмайды. 
Нағыз  инклюзивті  білім  берудің  2  жүйесін  жалпы  және  арнаулы  жүйелерді  бір-біріне 
жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп( 
интеграциялы  түрде)  оқуын  ұйымдастыру   боп  табылады.  Қазақстан  Республикасының 
11.07.2002 
жылғы 
«Кемтар 
балаларға 
әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-
психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ТДО сыныптары үйден 
оқыту,  үйден  әлеуметтік  көмек  көрсету,  көмекші  бағдарлама,  арнайы  (ПДТ)  бағдарлама 
бойынша  куәлік  беру  ережелерін  және  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  қорғау,  қамқорлау, 
диагнозын  анықтау,  емдеу,  оңалту,  тәрбиелеу,  оқыту,  қатарға  қосу  мәселелері  бойынша 
жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған. Инклюзивті білім беру – ерекше 
мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін  мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда 
қолданылады.   Инклюзивті  оқыту-даму  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  қалыпты  дамыған 
балалармен  бірге  әлеуметтендіру  және  интеграция  процестерін  жеңілдету  мақсатындағы 
жеңілдетілген  оқыту  жүйесі.Инклюзивті  оқыту  біріктірілген  (оқушы  қалыпты  балалар 
сыныбында –тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай ( 
жеке  балалар  күннің  жарты  бөлігі  арнайы  топтарда,  ал  екінші  бөлігі)   қарапайым  топтарда 
өткізіледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет