356
жалпыбілім беретін мектеп жағдайында оқыту барысында жеке психологиялық-
педагогикалық көмек беру қарастырылған. Төртінші бағдар, педагогикалық ұжыммен
жұмысты қамту керек.
Әр бағытқа нақтырақ тоқталсақ. Бірінші кезенде білім алушы және онын жанұясына,
мамандардын бүткіл командасы, білім алушымен жұмыс жасайтын және жанұяның
қатысумен жеке бағдарлама негізінде нақты көмек көрсетілу қажет. Бағдарлама құру кезінде,
осы кезендегі баланың мүмкіндігінін денгейі, онын қызығушылығы, шабыттары, өмірлік және
психологиялық кеністікті менгеру шамасы,жақын психологиялық айналасы, ескеріледі.
Жанүяны баламен оңалту жұмысына кірістіру, және жанүядағы қарым- қатынасты түзету,
қалыптасу кезенінде психологтан және педагогтан көп назар аударуды талап етеді.
Мамандар
ата-аналарға психотерапиялық көмек көрсетеді, медикалық психологиялық кенес
береді.Мазасыздықты және ата- аналардағы өзін кінәлі санайтын сезімді кетіру арналған
психотүзету және кенестер, сонымен қатар бала күтімінін рационалды әдістерін үйрету, бұл
жерде ерекше орын алады деуге болады. Мамандар күші, баланың жанұясын мектепке
дайындауға бағытталған. Бүл кезенде барлық мамандар, баланың және оның жанұясының,
жағымсыз құбылыстарға және қоғамнын әсеріне байланысты, психологиялық тұрақтылық
денгейін көтеру, ауруды, арнайы өмірлік стилі және іс қимылы ретінде қабылдауын
қалыптастыру бойынша, жұмыс жүргізеді.
Психологиялық педагогикалық қолдаудыдын екінші бағытынын мақсаты ол,
бала өзін
жайлы сезінетін және өзіндегі бар мүмкіндікті іске асыра алатын, арнайы дамытатын орта
құру. Арнайы дамытатын психологиялық ортанын формасына, дамытатын, және
коррекциялық міндеттер шешілетін, әртүрлі тренинг сабақтарын жатқызамыз; сонымен қатар,
балаға шындық өмірге қалыптасуға пайдасы бар, алдынғы орында шығатын әрекеттер мен
қылықтар, арнайы үйымдастырылған ойын қызметін де. Осы мақсатқа, балдарда қажетті
коммуникативті қасиеттерді дамытуға ықпал ететін, әртүрлі кездесулер де қызмет етеді.
Сонымен қатар, арнайы дамытатын ортаның ерекше формасы ретінде, психодиагностика
рәсімдер көмегімен алынған, талдау және мәліметтерді пайдалану негізінде, өзін өзі тану
және өзін дамыту қағидасы
енгізілген, психодиагностика пайдаланылады.
Психологиялық педагогикалық қолдаудын үшінші бағытында, ерекше оқыту
қажеттіліктері бар оқушыға оны жаппай жалпы білім беру мектеп жағдайында оқыту
барысында, жеке психологиялық- педагогикалық көмек беру қарастырылған. Бұл кезенде
жетекші маман, коррекциялық педагог(мұғалім дефектолог). Бұл жерде жаппай мектеп
жағдайында, баланын бейімдеу процесіне мониторинг жасалады. Мониторингті тексеру
барысында басқа да эмпирикалық әдістер пайдаланылады: яғни, құжаттарды тексеру(оқушы
дәптерлері, бағалау парақтар, онымен жұмыс жасайтын мұғалімдердін күнделік жазбалары),
педагогтардың эксперттік бағалары. Мониторинг, мектепте баланы қолдаудын жалпы
жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бала оқитын сыныппен жұмыс жүргізу
қажет,
яғни оқушыларда ,баланы қабылдауды қалыптастыру бағытында.
Төртінші бағыт педагогикалық ұжыммен жұмысты көздейді. Бұл жұмыс психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша қолдауды, білім беру процесіне
қатысушыларға психологиялық көмекті ұйымдастыруды, ұйымдастырушылық-әдістемелік
және құқықтық қолдауды, ақпараттық-әдістемелік қолдауды қамтиды.
Жалпы, бірқатар қорытындыларды тұжырымдауға болады. Білім беру процесінің барлық
қатысушылары (балалар, ата-аналар, педагогтар, мекеме әкімшілігі, жақын әлеуметтік орта)
ерекше балаларды жалпы білім беретін мектептің ортасына қосуға дайын болуы тиіс.
Педагогтарда тиісті құзыреттіліктерді-тұлғалық,мотивациялық, коммуникативті, әдістемелік
т.б. дайындықты қалыптастыруға ерекше талап қойылады. [ 2]
Инклюзивтік білім беру практикасының қалыптаса бастауы мектепті дамыту
бағдарламасын, оның жарғысын өзгертуді, жаңа стратегиялық міндеттерді шешуге
әкімшіліктің дайындығын талап етеді. Ондай болмаған жағдайда жаңадан пайда болған жеке
жағдайлар оқшауланған түрде болады. Олардың одақтастары, жалғастырушалары болмайды,
яғни олардың жетістіктері педагогикалық кеңестер мен әдістемелік бірлестіктерде кеңінен
357
талқыланатын тақырып болып табылмайды. Педагогтардың бала туралы, сынып туралы
диагностикалық ақпараттардың қолданысы мен философиясын толық түсінбегеніктерінен ол
ақпараттар педагогикалық ұжым үшін сұранымсыз болады. Педагогтардың білім беру
үдерісінің тұлғалықбағдарлық және түзете дамыту технологияларын меңгеруге қажетті
уәждері болмайды. Сондықтан ұйымдық мәселелерді шешу жалпы білім беру үдерісіне
қосылған мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды сүймелдеу қызметінің маңызды құрамды
бөлігі болып табылады. Оған мектепте «кедергісіз» білім беру кеңістігін ұйымдастыру
бойынша бірізділік қадамдарын анықтайтын жергілікті нормативтік актілерді әзірлеу,
бірыңғай стратегияда әрекеттенетін пәнаралық мамандар командасын қалыптастыру, әрбір
маманның атқарымын, олардың өзара әрекеттену тәсілдерін анықтау жатады. Басқару
шешімдерін қабылдауға жауапты тұлғалар төменде берілгендердің басқарудың тиімді емес
екендігін білдіретінін естерінде сақтауға тиісті: - басқарудың реактивті түрінің басым болуы;
-
психологтың, логопедтің, дефектолгтың және т.б. мамандардың атқарымдық
бағынушылдығының анық болмағанына байланысты басқарудың бір тұтас үлгісінің болмауы;
- жағдайды талдаудың жүйелілігі мен кешенділігінің болмауы, оған ақпараттың
жетіспеушілігі немесе тым артық болуы себеп болуы мүмкін; - мектеп ішілік бақылауда
шоғырлану түрінің басым болуы; - құндылығы бірыңғай команданың болмауы.
Аталған факторлар жалпы білім беру үдерісіне қосылған мүмкіндіктері шектеулі
балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігін төмендетеді, ал бұл
балалардың сапалы білім алу құқығын бұзады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектептің
білім беру үдерісіне қосу үшін мектепте құрылған ұйымдық негіздер мен талаптардың барабар
көрсеткіштері: - білім беру үдерісіне қатысушылардың қарым-қатынасындағы жоғары
педагогикалық мәдениет (шиеленістің, өзара наразылықтың, кемсітушіліктің, балалар
қоғамының жіктелуінің болмауы), - оқушылар мен ата-аналардың білім беру үдерісіне
қанағаттанулары; - оқушылардың ауруының төменгі деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: