Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ИНКЛЮЗИВТІК БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ



Pdf көрінісі
бет35/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

 
 
ИНКЛЮЗИВТІК БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ  
 
Амирешева Айнұр Сәбитқызы, Бекниязова Эльмира Мусаевна, 
М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі 
 
Қазақстан  Республикасының  2002  жылғы  11  шілдедегі  заңында  «Кемтар  балаларды 
әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы даму мүмкіндігі 
шектелген 
барлық 
балалар 
психологиялық-медицина-педагогикалық 
кеңестің 
қорытындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік білім жалпы беретін 
мектептерде тегін оқуға құқылы делінген. 
Атап  айтсақ  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  беретін  ортаға  кіріктіру 
мақсатында  2009  жылғы  ҚР  инклюзивті  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасының  жобасы 
әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады. 
Бұл  бағдарламаның  басты  міндеттерінің  бірі  –еліміздің  инклюзивті  оқытуды  дамыту 
болып саналады. 
Инклюзивті  білім  беру  оқыту  процессінде  балаға  жеке  көмек  көрсету  мен 
психологиялық-педогогикалық  қолдауды  қамтамасыз  етеді,  жалпы  білім  беретін  мектепте 
мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  кедергісіз  аймақ  құру  ғана  емес,  баланың  психофизикалық 
мүмкіндігін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшілігінде ескерген жөн. 
Инклюзивті  білім  беруді  іске  асыру  отбасының  белсенді  қатысуымен,  коррекциялық-
педагогикалық және баланың жеке қажеттіліктерін әлеуметтік қолдау мен балалардың жеке 
ерекшеліктерінің білім алу ортасына бейімделуі және білім алуына қатысты қажеттіліктерін, 
яғни білім алуға толық жағдайларды жасау жолымен жүзеге асырылады. 
Сапалы  білімге  тең  қолжетімділікті  қамтамасыз  ету  барысында  ең  әлсіз  санаттағы 
мүмкіндігі шектеулі балалар ерекше назар аударуды қажет етеді. 
Қазақстан  Республикасында  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  білім  алуы  және  оларға 
психологиялық-педагогикалық,  коррекциялық  қолдау  көрсету  жалпы  білім  беретін 
мектептердегі арнайы сыныптарда жүзеге асырылады. 
Инклюзивті  оқыту  -  ерекше  мұқтаждықтары  бар  балалардың  жалпы  білім  беретін 
мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.  
  негізінде  балалардың  қандай  да  бір  дискриминациясын  жоққа  шығару,  барлық 
адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше 
қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр;  
  барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне 
белсене қатысуға мүмкіндік береді; 
  оқушылардың  тең  құқығын  анықтайды  және  ұжым  іс-әрекетіне  қатысуға  мүмкіндік 
береді; 
  адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді; 
  барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың 
білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы; 
  балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің 
жаңа бағытын өңдеуге талпынады. 


55 
 
Инклюзивті  білім  беруді  жүзеге  асыратын  жалпы  білім  беретін  ұйымдар  мыналарды 
қамтамасыз етуі тиіс: 
1)  барлық  балалардың  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  деңгейлеріндегі  сапалы 
білімге тең қолжетімділігін; 
2)  барлық  оқушылардың  білім  алу  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  бағытталған 
арнайы жағдайларды жасау; 
3) «кедергісіз», қолжетімді білім алу ортасын құру; 
4)  психологиялық-педагогикалық  тұрғыда  қолдау  (білім  беру  үдерісі  жағдайында 
баланың  дамуын  қамтамасыз  ететін  психологиялық-педагогикалық  тұрғыдағы  қолдау), 
сонымен қатар қозғалысы шектелген мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау; 
5) оқу кабинеттерін қазіргі заманғы құралдармен жабдықтау (желілік түрде әрекеттесетін 
байланыс және коммуникация құралдары, кең жолақты интернет, аудио- және бейнетехника, 
компьютерлік,  мультимедиялық,  интерактивтік  және  зияткерлік  жабдықтар),  оның  ішінде 
оқушылардың  жекелеген  білім  алу  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  арналған  көмекші 
техникалық жабдықтармен және бағдарламалық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету; 
6) оқыту және түзете-дамыту үдерістерін, сондай-ақ бейімдеу және модификациялауды 
ұйымдастыруға  арналған  білім  беру  ресурстарын  шоғырландыру  және  оқу  материалын 
оқушылардың білімділік қажеттіліктеріне пайдалану; 
7) оқушылардың қоғамда өмір сүруіне әлеуметтік бейімделу іс-шараларын жүзеге асыру,           
еңбек және басқа өмірлік дағдыларын қалыптастыруын қамтамасыз етуі тиіс. 
Инклюзивті    білім  беруде  жалпы  білім  беретін  мектеп  мұғалімдеріне  қойылатын 
талаптар: 
  Сабақ үстінде берілген тапсырманы қызықты етіп түсіндіруге; 
  Оқушылардың селқостығына назар аударуға; 
  Сабақ үстінде сыныпта тыныштықты орнату барысында  қаталдық  танытпауға; 
  Жаттығулармен,  соның  ішінде  қатемен  жұмыс,  оқу  дәптерлерімен  жұмыс  жасауға 
көмектесу; 
  Бағалау жүйесі бойынша мүмкіндіктерін ескеруге; 
  Оқушыларды «қабілеттілік пен мүмкіндіктеріне» байланысты топқа бөлуге; 
  Ынталандырушы әдістемесін жиі қолдануға; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет