Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ САЙ БАЛАЛАРДЫ



Pdf көрінісі
бет7/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

 
 
ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ САЙ БАЛАЛАРДЫ  
ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДЕ КЕШЕНДІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУ 
 
Г.Ш.Балымбетова, 
Ақтөбе қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация әдіскері 
 
Егер  ата-аналар  балаларының  денсаулығына  қатысты  күрделі  мәселелерге,  атап 
айтқанда, есту, көру қабілетінің нашарлауы, тірек-қимыл аппараты қызметтерінің бұзылуы, 
тілінің кеш шығуы немесе нашар сөйлеуі, кез-келген білімді игерудегі, қарым-қатынас жасау 
мен мінез-құлқындағы қиындықтарға тап болса, психологиялық-медициналық-педагогикалық 
кеңес  дәл  осындай  балалардың  даму  мәселелері  жөнінде  ата-аналарға  кеңес  және  арнайы 
мамандардың   (логопед,  психолог,  дефектолог,  сурдопедагог,  тифлопедагог,  әлеуметтік 
педагог)  мұндай  балаларға  арнайы  көмек  беру,  арнайы  оқыту  мен  тәрбиелеуге  қатысты 
ұсыныстарын  беретін  ұйым  болып  табылады.  ПМПК  туғаннан  он  сегіз  жасқа  дейінгі 
балаларды зерттейді.  Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің міндеті ерекше 
білім беру қажеттіліктері бар балалардың даму бұзылыстарын табысты түрде түзеуге қажет 
оптималды жағдай жасау. Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес  ерекше білім 
беру  қажеттіліктері  бар  балалар  мен  олардың  ата-аналарын  моральдық  тұрғыда  қолдау, 
осындай  әр  баланың  тағдырына  шынайы  алаңдау,  мейірімді  әрі  сезімтал  қарым-қатынас, 
әдептілікпен кәсіби кеңес беру. Аталмыш мәселе туғанда не істеу қажет? 
Ата-аналардың әрекеті: 
Психологиялық-медициналық-педагогикалық  кеңеске  қоңырау  шалу  арқылы  немесе 
арнайы келіп баланы қабылдауға жазу. 
Қажетті құжаттар: 
1) 
Баланың туу туралы куәлігі (көшірмесі) 
2) 
Емханадан  амбулаторлық  картасы  (Болған  жағдайда,  емделу  нәтижелері  мен 
барысы жазылған медициналық көшірмелер, міндетті түрде – дәрігер-невропатолог, 
окулист, лор-дәрігердің қорытындылары) 
3) 
Оқу/тәрбие мекемесінен мінездеме 
4) 
Мүгедектігі жөнінде анықтама (болған жағдайда) (+ көшірмесі) 
5) 
Анасының жеке куәлігі (көшірмесі) 
6) 
Балаға және ата-анасының біреуіне ХҚКО-ынан алынған мекен-жай анықтамасы. 
Белгіленген  күні  қабылдауға  ата-ана  баласымен  және  жоғарыда  аталған  құжаттарын 
алып  келуі  тиіс.  Ата-анасы  жоқ  немесе  қандай  да  бір  себептермен  келе  алмаған  жағдайда 
баланы ата-анасының біреуі немесе қамқорлық көрсету туралы растау құжаты бар заңды өкілі 
(асырап  алушысы,  қамқоршысы)  алып  жүруі  керек.Психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультация ғимаратына кіргенде ата-ана алдымен зерттеу картасын рәсімдеу 
мен құжаттардың толықтығын тексеру мақсатында тіркеушіге жүгінеді.Бұдан кейін баланы 



 
дәрігер-невролог пен басқа да маман дәрігерлері қарап шығады. Келесі кезекте балаға қатысты 
арнайы  педагогтар  тобы  (логопед,  психолог,  дефектолог,  тифлопедагог,  сурдопедагог, 
әлеуметтік педагог) зерттеу жасап, кеңес береді.Осы зерттеудің нәтижелері бойынша ата-анаға 
баланың жағдайы, оны зерттеу қорытындылары, оның жеке арнайы қажеттіліктерінің болуына 
қарай арнайы білім беру көмегін қажетсінуі, нақты қандай арнайы маманның көмегін қажет 
екені  түсіндіріледі. Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес мамандары баланың 
жағдайы бойынша қорытынды береді, бұл қорытындыда белгілі бір білім беру мекемесінде 
баланың мамандардың көмегін алуына ұсыныстар, медициналық, білім беру мен әлеуметтік 
қызметтер  жөнінде  ұсыныстар,  ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  балаларды  арнайы 
ұйымдар мен арнайы білім беру ұйымдарына жолдама (Білім және ғылым министрлігі 2017 
жылдың  14  ақпанында  бекіткен  «Психологиялық-медициналық-педагогикалық  кеңес 
қызметінің типтік ережелерінің» 1 қосымшасындағы формаға сәйкес) беріледі.Қажет болған 
жағдайда  психологиялық-медициналық-педагогикалық  кеңес  мамандары  балаға  қайталап 
зерттеу  жүргізеді  (баланың  психологиялық-педагогикалық  түзету  кабинеттеріндегі  сабағы 
аяқталған  кезде,  арнайы  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемесіне  бару  мерзімі 
аяқталғанда,   белгілі  бір  білім  беру  мекемесі  жағдайында  баланы  оқыту  мүмкіндіктерін 
диагностикалық зерттеу мерзімі аяқталғанда). 
ПМПК-да  кеңес  беру  қалай  болғанда  да  психологиялық  бағытталған  сипат  алады, 
өйткені  оны  дәрігер,  психолог  немесе  педагог  болсын  -  кім  жүргізсе  де,  ол  баламен,  ата-
анасымен  және  басқа  да  отбасы  мүшелерімен  жұмыс  істейді.  Әрбір  маманға  баланың 
отбасымен қатынасқа  шығуға, ата-анасының сұраныстарын, пікірлерін, тілектерін тыңдауға 
және  ескеруге,  кейбір  мәселелер  бойынша  келісу-келіспеуін  білуге  тура  келеді.  Кеңес  беру 
(адамдардың тікелей қарым- қатынасы) барысында алуан түрлі сезімдер, эмоциялар, соның 
ішінде  наразылық  та,  жаксы  көру,  жек  көру  де,  ашу  да  өзектілене  түсетіні  сөзсіз,  оларды 
түйсіну, қадағалау әрқашан мүмкін бола бермеиді, бұл кеңес берудің табысты өтуіне кедергі 
жасауы да ықтимал. Ал кеңес беруші, егер өзінің мақсаттарына жеткісі келетін болса, өзінің 
кеңес беруді қалай және қаншалықты тиімді өткізіп отырғанын аңғаруы тиіс. 
Ерте  жасалған  диагностика  мен  дер  кезіндегі  түзету  жұмыстарын  жүргізу  мүмкіндігі 
шектеулі  балаларды  әлеуметтендіру  нәтижелі  болары  сөзсіз.Ол  үшін  ата-ана  ПМПК 
мекемесіне  неғұрлым  ерте  жүгінсе  соғұрлым  нәтижелі  болады.  Өйткені  ПМПК  мамандары 
баланы  жан-жақты  тексеруден  өткізіп,  арнайы  түзету  мекемесіне  жолдама  береді.  Арнайы 
мекемелерде  диагностикалық  зерттеуді  тереңдету  мақсатында    әлеуметтік-педагогикалық 
қолдау  міндеттерін  жүзеге  асыру  үшін  негізгі  мамандар  дефектолог,  логопед,  психолог, 
әлеуметтік    педагог  мамандарыныңролі  басым.  Яғни,  мүмкіндігі  шектелген  баланы 
психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету  қызметінің  тиісті  мамандарымен  жүзеге 
асырылады.      Мамандардың  міндеті  де    балалардың  кемшілігін  жою  және  азайту.  Бұл   
балалардың  тәрбиесі  мен  денсаулығы  өзінің  қиындығымен  ерекшеленіп,  ол  көп  еңбекпен 
қамқорлықты  қажет  етеді.  Балалардың  жүйке  жүйесіне  түскен  салмақ  сөйлеу  тілінің 
бұзылуына,  не  қабілетіне,  сергектігіне,  алғырлығына  әсерін  тигізбей  қоймайды.  Сондықтан 
кемшіліктің бәрін түзету әр баланың ерекшелігіне қарай шебер әдіс-тәсілмен қарым-қатынас 
жасау  арқылы  тәрбиелеу,  үйрету  үлкен  жұмыс.  Арнайы  мамандардың    жүргізілген   түзете-
дамыту  жұмысы  бойынша  баланың  жеке  психофизикалық  дамуының  ерекшелігін  ескере 
отырып  кешенді  психологиялық-педагогикалық  көмек  көрсетеді.  Мүмкіндігі  шектеулі 
балалардың  жеке  және  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып  тәрбиелеу  және  оқыту 
жұмыстарында  түрлі  әдіс  тәсілдердің  тиімді  жолдарын  қолданып  ұйымдастыру  нәтижелі 
болмақ.  
 
 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет