Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА САЙ



Pdf көрінісі
бет8/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА САЙ  
ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕУДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК МАҢЫЗЫ 
 
Эльвира Абдрашкызы Коблаш, 
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған 
балалар мектеп-интернат-колледжінің әдіскері 
 
«Адамзат» әр түрлі ғылым салаларының басты объектісі болып келеді, себебі ғылым мен 
адамзат  бір  бірімен  тығыз  байланыста.  Өз  тарихын,  мәдениетін,  табиғи  болмысын  танып 
білуге  деген  адамзат  құштарлығының  шегі  болған  емес.  Адамның  даму  заңдары  мен 
болмысының мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның дамуы үшін өте қажет. 
Көп жағдайда адамдардың жеке және ұжымдық әрекеттерінің механизмі, әрекет, әлеуметтік 
бағыт, тәртіп стереотиптерінің қалыптасу заңдылықтары жөніндегі білімдерді  пайдаланбай, 
сезім,  психологиялық  климатты  танып  білмей,  жеке  адамның  ерекшеліктері  мен 
психологиялық қасиеттерін,қабілетін,сезімін, мінезін, адам аралық қатынастарын зерттемей, 
әлеуметтік  процестер  мен  құбылыстардың  мәні  толық  ашылмайды.  Өйткені  әлемдік 
проблемаларды шешуден бастап қашанда топтың өкілі болғандықтан,оның ортаға бейімделуі, 
күнделікті тұрмыстағы кездесетін қақтығыс, күйзелістерді зерттеп, қажетті шешімдерге қол 
жеткізуге  болады.  Адам  баласында  өмірге  келген  сәттен  бастап,  белгілі  ортаға  бейімделу 
процесі жүреді.  
Әлеуметтік бейімделу – тек дені сау адамдардың ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі 
шектеулі балалардың да әлеуметтік ортаға қосылуы, қоғамда өмір сүруге бейімделуі.  
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Әр  баланың  жеке  қабілетіне 
қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты бүгінгі күнде 
өзекті  мәселелер  енгізіліп  отырған  белгілі.  Білім  беру-  оқытудың,  тәрбие  мен  дамытудың 
үздіксіз процесі. 
Бүгінгі  таңда  білім  беру  саласында  әртүрлі  сипаттағы  және  бағыттағы  инновациялар 
енгізілуде.  Өйткені  қазіргі  заманда  еліміздің  бәсекеге  қабілеттілігі  оның  азаматтарының 
парасаттылығымен  анықталады.  Сондықтан  білім  жүйесінде  болып  жатқан  жаңалық 
болашақтың  талабына  сәйкес  дамуы  тиіс.  Оқушыларымызды  заманауи  әдіс-тәсілдермен 
оқытып, олардың саналы азамат болып тәрбиелеу қажеттілігіде осы себептен туындап отыр. 
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру    оның  алған  білімін  өмірде 
пайдалана білуіне жол ашу,оларды әлеуметтік өмірге бейімдеу арнаулы мектеп мұғалімдеріне 
үлкен жауапкершілік міндеттейді. Сондықтан да білім мазмұнының жаңару жүйесінің негізі 
арнайы мектепте де қолданыла бастады.  
Жаңартылған  білім  беру  жүйесі  оқушылардың  құзіреттілігі  мен  сапалы  білім  алуына 
бағытталған  бағдарлама.  Жаңа  білім  беру  бағдарламасы  сыни  тұрғыдан  ойлауға, 
оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  және  оның  тиімді  жақтарын  жүзеге 
асыру  үшін  қажетті  оқыту  әдіс-тәсілдерді  (коммуникативті  қарым-қатынасқа  түсу,  жұппен, 
топпен жұмыс, АКТ-ны қолдану, сын тұрғысынан ойлау, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді 
стратегияларын) үйретеді. 
Арнайы  білім  беру  мазмұнындағы  оқу-тәрбие  жұмысы  Қазақстан  Республикасы  Білім 
және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №66 бұйрығымен бекітілген арнайы білім 
беру ұйымдары түрлерінің қызметінің Үлгілік ережелерімен, Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61, 2016 жылғы 15 шілдедегі №453, 2017 
жылғы 29 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған 
бастауыш, негізгі орта, жалпы білім берудің үлгілік оқу жоспарларымен жүргізіледі. 
Есту  қабілеті  бұзылған  (естімейтін)  оқушыларға  арналған    кластарда  оқытудың 
ерекшеліктері: 
Білім беру процесі  келесі  деңгейлерге бөлінеді: 
− бастауыш білім – 0, 1-4 сыныптар; 
− негізгі орта білім - 5-10 сыныптар. 


10 
 
 Республика  мектептерінде  естімейтін  оқушыларды  оқыту  есту-көру  негізінде  іске 
асырылады,  оқыту  процесіндегі  ыммен  сөйлеу  оқушыларға  бағдарламалық  материалды 
сапалы меңгеруге көмектесетін көмекші құрал ретінде пайдаланылады; 
Есту қабілеті бұзылған (нашар еститін,кейіннен естімей қалған) оқушыларды арналған 
кластарда оқытудың ерекшеліктері: 
Білім беру процесі келесі деңгейлерге бөлінеді: 
− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар; 
− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар. 
Қалыптастырудың  есту-көру  негізін  жасауға  және  оқушылардың  ауызша  сөйлеу  тілін 
жетілдіруге  мүмкіндік  туғызатын  есту  қабілетін  дамытуға,  дыбыстардың  айтылуымен 
жұмысқа, еріннен оқуға арнайы көңіл бөлінеді. 
Адамзат тарихына көз салсақ, адам баласы әрдайым көкке қызыққан, біз білетін әлемдегі 
жеті кереметтің бірі пирамидалар мәңгіге көкпен шектескен. Олар адам өмірінде де құрылысы 
жағынан  ерекше  мән  -мағына    береді,  пирамиданың  құрылысы  -астыңғы  бөлігі  нық,  берік 
қаланған,  ортасынан  бастап    сүйірлене  келе,  ұшар  басы  көкке  ұмтылған-  бұл    білім  беру 
саласында да нық берілген тәрбиенің  баланың өз  болашағында дұрыс пайдалана білуі деген 
сөз.  
Мектеп  -интернат  -колледжінің  білім  беру  үрдісін  осы  пирамиданың  құрылысымен 
сәйкестіндірсек, басқы басқалдағын бейімдеу деп анықтама берер едік.   
Арнайы білім беру базасында балабақша жұмыс істейді. Балабақшаға орналастырылған   
балалардың толықтай дамуына, өзгерістерді түсінуіне, өз бетімен білімін жетілдіруіне барлық 
жағдай  жасалған,  мұнда  балалар  тікелей  дәрігерлердің  бақылауында  болады. Балабақшаға 
келген  әр    баламен  қарқынды  терапиялық  жұмыстар  жүргізе  отырып,  оларға  физио, 
психотерапия, дене шынықтыру жаттығулары, жалпы денсаулыққа пайдалы емдеу шаралары 
қолданылады.Қабылданған  баланы  тәрбиеші  әрбір  нәрсенің,  құбылыстың,  оқиғаның  мән-
жайын танып, оларды тереңірек түсінуіне, оның ізденімпаздық әрекетін тудыруына, өз-өзіне 
қызмет  ете  алуына,  мектеп  өміріне  бейімделуіне    үйретеді.  Балабақша  тәрбиеленушісін  
экскурсия,  сюжетті-рольді  ойындар,  ертегі  қойылымдар  арқылы  сыртқы  ортаның 
қасиеттерімен,  құбылыстарымен  таныстырады.  Бұл  балалардың  мүмкіндіктерін  пайдалана 
отырып, өздеріне қызмет ету, тұрмыста қиын емес еңбек түрлерін орындауға, мүмкіндігінше 
қоршаған  ортаға  икемделуге  бағытталған  жұмыстар  болып  табылады.  Осындай  жұмыстар 
барысында  дамуында  проблемасы  бар  балалар  белсенділік  көрсетіп,  өз  беттерінше  жұмыс 
істей алуға, түрлі жағдаяттар барысына сай әрекет етуге, өзін өзгелердің бағалауына парапар 
ұстауға үйренеді. Түзету жұмыстары барысында жасаған жұмыстарына сын көзбен қарауға 
үйреніп  қана  қоймай,  салыстырмалы  түрде  бағалауға,  өзгелердің  сындарын  қабылдай  және 
текшелей  алуға,  керек  кезінде  жолдастарын  қолдауға,  көмек  қолын  созуға  үйренеді. 
Сондықтан, балаларды өмірге бейімдеуде тақырыпқа сай өткізілген экскурсиялар, сабақтар, 
түрлі ойындар  бала дамуында жетекші орын алады. 
Сонымен,  балабақшаға  келген  мүмкіншілігі  шектеулі  балалардың  дамытуда  тұлғалық 
қалыптасуына төмендегідей мүмкіндіктері айқындалды,  
- баланың өздігінен күн тәртібін орындауға бейімдеу; 
- қасындағы балалармен  жекелеген достық қарым қатынасқа үйрету; 
- әр түрлі бағытта жеке қабілеттерін  қалыптастыруға бейімдеу; 
Осы  аталғандарды  Балалар  құқығы  Конвенциясында  (1989ж)  балаларды  туылғаннан 
әлеуметтендіру, әртүрлі әлеуметтік ортаға бейімдеу  кезеңі  немесе алғашқы сатысы деп  
қарастырады. 
Пирамиданың  екінші  бөлігін  әлеуметтендіру  деп  бағыттасақ,  балабақшадан  мектеп 
жасына келген оқушыны мектептің педагог қызметкерлері есту қабілеті бұзылған балалардың 
отбасы жағдайымен, баланың психологиялық ерекшеліктерімен физиологиялық дамуындағы 
ерекшеліктерін    зерттей  келе,  балаға  жан-жақты  білім  мен  тәрбие  бере  отырып,  баланың 
әлеуметтендіру жолдарын әрі қарай жалғастырады. Мектептегі тәрбие баланың бүкіл өміріне 
түбегейлі, өзгерістер енгізеді. Алаңсыз балалық шақ аяқталып, баланың өмірінің іс-әрекетінің 


11 
 
жаңа түрі-оқып -үйрену енеді.Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі бір 
жауапкершілікпен  еңбек  етуді  талап  етеді.  Мектепке  бару  баланың  қоғамдағы    және 
отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер жүктейді, бала бұны біртіндеп 
сезіп    біледі,  бойын,  ойын  түзейді,  мектептің  сан-салалы  өміріне  араласып,оқуға  ,  жазуға 
үйреніп,  сөздік  қорлары  молайып,  өмірлік  тәжірибенің  алғашқы  сатысынан  өтеді.Сонымен 
қатар    оқушыларды  спорттық  сайыстарға,  түрлі  шығармашылық  байқауларға  қатыстыру 
арқылы өмірге құлшыныстарын, танымдық қабілеттері дамытады. Осы мақсатты орындауда 
негізгі  міндет  оқушылардың  әлеуметтік  тәрбие  мәселелерін  көре  білу,  ондағы  кедергілерді 
мүмкіндігінше жоя білу, және орнын толтыру яғни мүмкіндігі шектеулі баланы қатарға қосу 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет