12
Еліміздің қоғамдық әлеуметтік өміріне нарықтық қатынастардың енуіне байланысты
экономикалық, әлеуметтік мәдени, рухани жағдайлар жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін
жаңаша ойластыруды талап етеді. Осыған байланысты біздің мақсатымыз бала жанын түсіну,
сезімін, көңіл күйін, ықыласын, тілегін, қажеттілігін сезіну, оқушының жеке тұлғасын
қалыптастыру және дамытуда оны әлеуметтік тұрғыдан қолдау болып табылады. Мектеп
оқушылары биыл облыстық, республикалық көркем эстетикалық бағыттағы конкурстарға
қатысым көлемін ұлғайтты. жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі обьективті
факторлары ретінде биологиялық факторды, сыртқы ортаны және тәрбиені айтуымызға
болады. Биологиялық факторларға балаға ата-анасының қасиеттері мен ерекшеліктерінің
берілуі кіреді. Сыртқы ортаға: әлеуметтік орта, отбасы, мектеп, құрбылары жатады.
Сондықтан баланы тәрбиелеуде жан-жақтағы әсер етуші факторларды ескеріп оқушының
отбасы
жағдайын, жеке ерекшеліктерін естен шығармауымыз керек.
Пирамиданың құрылысымен, жоғарымен шектесу бөлігін
мамандық таңдау десек,
мамандық таңдау-адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі, мамандық таңдау-белгілі бір
даярлықты қажет ететін іс-әрекет түрі , тіршілік көзі, дағды жүйесі және жасөспірімдік
кезеңде қабылданатын жауапты шешімдердің бірі, арнаулы білім ордасында мүмкіндігі
шектеулі балалар болашақ мамандығын таңдауға саналы түрде дайындалады, алдын ала
тәрбиеленушілердің интеллектуалды, психофизикалық мүмкіндіктерін есепке ала отырып
кәсіби бағдар бойынша жұмыс жүргізіледі. 9-10 класс аралығындағы оқушылармен мамандық
таңдау туралы тәрбие сағаттары жүргізіліп, ата-аналармен кездесулер, психологпен әңгіме
сабақтары жүргізіледі. Ал таңдалған мамандығы бойынша жоғары колледж топтарына түскен
оқушылар үшін мектепте еңбек шеберханасы бар, тігін, қол өнер шеберханасы, шаштараз
кабинеті, шаштараз мамандығын игерген педагогтар жұмыс жасайды.
Құрылыстағы заңдылық секілді нық қаланған қабырғаның сөгітілуі екі талай,
пирамиданың құрылысы да нық қаланатыны белгілі, сондықтан балабақшада алғашқы
қадамынан бастап тәрбиеге бейімдеп, мектепте білім бере отырып әлеуметтік өмірге
дайындап, колледж қабырғасында мамандығын таңдауға дұрыс бағыт беріп, қоғамға
дайындаудың дұрыс жолын қарастыруды
басты мақсат етіп, жеке тұлғаны
нық сеніммен өмір
сүру жағдайына жетелейміз.
"Сенде бір кірпіш дүниеге , тетігін тап та бар қалан," демекші пирамиданың шарықтау
шегін
жеке тұлғаны қоғамға орналастыру десек, осындай бірізділікті сатыдан өткен мектеп
түлегі
қоғамға қажетті, біліктілікке сай азамат болып қалыптасады.
Бүгінгі таңда өзіміз тәлім – тәрбие беріп жатқан ұрпақ ертеңгі күні тек білімді маман ғана
емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани
кемелденген азамат болып жетілуі қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Білімді, сауатты
адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының қозғаушы күші. Бүгінгі күн-талантты, жігерлі,
өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар
адамдардың уақыты”,- деп айтқанындай жас ұрпақ-еліміздің тірегі, болашағы.
Достарыңызбен бөлісу: