Облыстық ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата12.03.2017
өлшемі5,13 Mb.
#8863
1   2   3   4   5

Серікқали ШАРАБАСов,

 М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың профессоры, 

акад. Қ. Жұмалиев атындағы әдеби  бірлестіктің  

жетекшісі

Бүгін Жеңістің 70 жылдығына орай қызылды-

жасылды салют берілуде. Осындай құрмет-

тағзым атақты Волокалам тас жолындағы 

мүсін-ескерткіштерге де тән. Сол алаулар 

арасынан ерлікпен қаза тапқан ақын абдолла 

Жұмағалиевтің өшпес бейнесі де қылаң берген-

дей.

9

oral_oniri@inbox.ru

Сенбі,  9  мамыр 2015 жыл

ЖеңімПАздАР



Сырым ауданында Ұлы 

Отан соғысында ерлік-

пен қаза тапқан абдол-

ла Жұмағалиевтің 100 

жылдығына арналған 

мерейтойлық шаралар 

өткізілді.

Аудандық  мәдениет  үйінде  ал-

дымен  республикалық  «Арыс» 

баспасынан  жарық  көрген  Аб-

долла  туралы  жаңа  кітаптың  та-

ныстырылымы  болды.  Бұл  -  1985 

жылы  Әбу  Сәрсенбаевтың  құрас-

тыруымен  шыққан  «Өлмес  өмір 

дастаны»  атты  жинақтың  екінші 

басылымы.  Бес  тараудан  тұратын 

кітапқа  ақынның  өлеңдері  мен 

дастандары,  аудармалары,  заман-

дастарының  естеліктері  топтасты-

рылды. 


Бұдан  кейін  «Өшпес  өмір,  өл-

мес  жыр»  атты  облыстық  ғылыми 

тәжірибелік  конференцияда  ау- 

дан әкімі Абат Шыныбеков, облыс-

тық  ішкі  саясат  басқармасының 

басшысы  Айгүл  Есекенова  Жеңіс-

тің  70  жылдығымен  тұспа-тұс  ке- 

 ліп  отырған  осынау  шараның  Аб-

долла  атын  танытып,  жас  ұрпақ 

жадында  жаңғыртуда  маңызы  зор 

екендігін  атап  көрсетті.  Абдолла 

Жұмағалиев  туралы  тележурна-

лист  Мұнайдар  Балмолда  түсірген 

деректі  фильм  ел  назарына  ұсы-

нылды.

Жиында  ақын,  халықаралық 



«Алаш»  әдеби  сыйлығының  лау-

реаты,  Қазақстанның  еңбек  сіңір- 

ген  қайраткері  Ақұштап  Бақтыге-

реева,  әдебиетші-ғалым,  М.  Өте-

місов  атындағы  Батыс  Қазақстан 

мемлекеттік  университетінің  про- 

фессоры  Серікқали  Шарабасов, 

ақын,  Қазақстан  Жазушылар  ода-

ғының  мүшесі  Ғайсағали  Сейтақ,  

филология  ғылымдарының  кан-

дидаты,  М.  Өтемісов  атындағы 

БҚМУ-дың  қазақ  филологиясы  ка-

федрасының  меңгерушісі  Зейнол-

ла  Мүтитегі,  халықаралық  «Қазақ 

тілі»  қоғамы  БҚО  бөлімшесінің 

төрағасы  Болат  Жексенғалиев 

Абдолла  Жұмағалиевтің  шығар- 

машылығы  мен  қаһармандық  ер-

лігі туралы тебірене сөз қозғады.

Ақын ұрпақтары атынан Екібас-

тұз  қаласынан  келген  А.  Жұмаға-

лиевтің  інісі  Шайдолла  Жұмаға- 

лиев  шараны  ұйымдастырушы-

ларға шынайы алғысын білдірді.

Конференция  аудан  өнерпаз-

дары  қойған  театрландырылған 

көрініс пен концертке, одан кейін 

Ұлы  Жеңістің  70  жылдығы  мен  

А.  Жұмағалиевтің  100  жылдығына 

арналған  ашық  әскери-патриот- 

 тық  фестивальдің  жабылу  салта-

натына ұласты.

Келесі күні ақынның туған жері 

Жосалыда  жалғасқан  мерейтой- 

лық  шаралар  аясында  Ұлы  Жеңістің 

70  жылдығына  орай  соғысқа  осы 

ауылдан қатысып, елге аман орал-

ған  майдангерлерге  арналған  ес-

керткіш тақта ашылды. Жосалыдан 

майданға  350-ге  жуық  ер-азамат  

аттанса,  соның  90-ға  жуығы  ғана 

тірі  қайтты.  Соғыстан  қайтпаған 

246  арыстың  аты-жөні  бұдан  бұ- 

 рын  тасқа  қашалып  жазылған  бо-

латын.  Енді  ұрпақтары  елге  ора-

лып,  бейбіт  кезеңде  еңбек  еткен 

майдангерлер бейнелеріне де тағ-

зым ететін болады.

А.  Жұмағалиев  атындағы  Жоса-

лы  орта  мектебінде  салтанатты  рә-

сім қаһарман ақын мүсінін ашумен 

басталды.  Демеушілер  мен  ауыл 

халқының  қаржысына  орнатылған 

бұл ескерткіштің авторы - оралдық 

мүсінші  Дмитрий  Баймұқашев. 

Сондай-ақ  мектеп  мұражайы  да 

жаңғыртылып, қайта ашылды. Мұн- 

 да  Абдолла  Жұмағалиев  қана  емес, 

басқа  да  майдангерлер,  елдің  қа-

дірлі адамдары, ауыл тарихы тура-

лы құнды жәдігерлер қойылған.

Шара  бәйгетөбеде  өткен  дала 

қызықтарына  жалғасты.  Көршілес 

аудандардың  да  сәйгүліктері  шет 

қалмаған  аламан  бәйгеде  Шың-

ғырлау  ауданы  Қарағаш  ауылы-

нан  келген  Нұралы  Досжановтың 

аты  озса,  тоқ  бәйгеде  Сырымның 

Көздіғара  елді  мекенінен  қосыл-

ған  Серік  Мүтиевтің  арғымағы 

бірінші  келді.  Палуандар  күресін- 

де  жосалылық  Айбек  Ғабдешев 

жеңіс  тұғырына  көтерілсе,  «Қазақ-

стан  барысы»  турнирінің  финал- 

дық сайыстарына қатысып жүрген 

Еділ  Үсенов  екінші  орынды  енші-

леді.  Ауыл  өнерпаздары  қойған 

концерт,  көкпар  да  көпшілік  көңі-

лінен шықты.

Аудан әкімі Абат Шыныбековтің 

айтуынша, Абдолла Жұмағалиевтің 

100  жылдығына  арналған  мәде-

ни-спорттық  шаралар  жыл  бойы 

жалғасады. Алдағы тұрған мақсат-

міндеттің  бірі  -  Абдолла  ерлікпен 

қаза  тапқан  жерді  анықтау.  Сон-

дай-ақ Орал қаласындағы орталық 

көшелердің  біріне  қаһарман  ақын 

есімін беру мәселесі де сөз болды. 

Демек, небәрі 27 жасында жалғыз 

өзі  жауды  тосып,  батырлықпен 

қаза  тапқан  Абдолланың  асқақ  

бейнесі ел жадында ұдайы жаңғы-

ра бермек.



Ғайса БӘЙМЕн

Суреттерді түсірген Бауыржан 

ШИРМЕДИнҰЛЫ

Абдолланың  бейнесі 

АСҚАҚТАй БеРмек

Рухнама


(Ұлы  Жеңістің  70  жылдығына)

Кейде өткенді ойлатпайды ғажап күн,

Соғыс деген бір атасы азаптың.

Ленинград, Сталинград, Мәскеу бар,

Қаны қайда төгілмеді Қазақтың?

Курск, Орел, Кенигсберг қаласы, 

Қанға бөкті Еуропа даласы.

Кеудесімен оқ тосқандар ішінде,

Жүрді қайсар қазақтың да баласы.

Жасырынған  алтын  шоқтай  күл  асты,

Момышұлы Бауыржаннан кім асты?

Заманының жұлдызы жоқ батыры,

Қайқы қылыш – кітаптарға ұласты.

Жаудың тылы – төрі болмас әкеңнің,

Қалың орман – көкесі емес  «пәтердің».

Сол жерде де арыстанша айқасқан,

Біл, жас ұрпақ, «Вася» – Қасым әкең кім!

Ата десе ағытылар жыр-теңдер,

Төбемізде – «Темірқазық», «Үркерлер».

Қас жауына қырандарша шүйілді,

Қыз – Хиуаз, жасын-жігіт Нұркендер.

Халқың үшін құрбан қылмай жақсыны,

Алдырмайды Азаттықтың ақ шыңы.

Жаудың құтын алды Әлия – мерген қыз,

Құтын алды қыз Мәншүктің «Максимі».

Естен тана қиналса да ел мүлде,

Төкті бәрін қанның, ащы тердің де.

Елдің туын тұңғыш тікті апарып,

Рахымжан Рейхстагқа, Берлинге.

Осылайша жерде жанып жұлдыздар,

Ұшып кетті ұлы атанған ұл-қыздар.

Бүгін олар от шашып тұр ғарыштан,

Көкке қара, қалтыратса түнгі ызғар.

Қанды қырғын, ұмытылмас от-демің,

Көп қыршынды өткізбеді өткелің.

Сиреп қалды сарбаздары Жеңістің,

Қарсы алатын 70-інші көктемін...

Көріп жүрсең күнде еліңнің нұр-таңын,

Ардагерге ұсын ән мен жыр тағын.

Ақ таң үшін қарыздарсың атаңа,

Имене кеп ій басыңды ұрпағым!

Енді не айтам, айтарымды жыр айтты.

Асылдардың азайғаны мұңайтты.

Бір айтарым, бәрі осының, бауырым,

ҚАЗАҚ еді ... Бізді осал деп кім айтты!

Сағынтай  БИСЕнҒАЛИЕв, 

ақын,

Жұбан елі,

 Ақжайық ауданы


10

oral_oniri@inbox.ru

ЖеңімПАздАР

Сенбі,  9  мамыр 2015 жыл



Құрметті қазақстандықтар!

БЖЗҚ кеңселері

Кесте

Орал қаласы, Мұхит көшесі, 78-үй

Жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап 19.00-ге дейін, түскі үзіліссіз;

Сенбі күні сағат 9.00-ден бастап 13.00-ге дейін

Орал қаласы, С.Датұлы көшесі, 10/1-үй

Жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап 19.00-ге дейін, түскі үзіліссіз;

Сенбі күні сағат 9.00-ден бастап 13.00-ге дейін

Ақсай қаласы, Молодежный көшесі, 39а-үй

Жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап 19.00-ге дейін, түскі үзіліссіз;

Сенбі күні сағат 9.00-ден бастап 13.00-ге дейін

Чапаев кенті, Қонаев көшесі, 48-үй

Жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап 19.00-ге дейін, түскі үзіліссіз;

Сенбі күні сағат 9.00-ден бастап 13.00-ге дейін

Жаңақала кенті, Жантілеуов көшесі, 28-үй

Жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап 19.00-ге дейін, түскі үзіліссіз;

Сенбі күні сағат 9.00-ден бастап 13.00-ге дейін

Переметный кенті, Жеңіс көшесі, 30-үй

Жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз;

Сенбі күні  жабық

Тасқала кенті, Абай көшесі, 18-үй

Жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз;

Сенбі күні  жабық

Федоров кенті, Абай көшесі, 32/1-үй

Жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз;

Сенбі күні  жабық

Қаратөбе кенті, Құрманғалиев көшесі, 15-үй

Жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз;

Сенбі күні  жабық

Жәнібек кенті, Ихсанов көшесі, 66-үй

Жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз;

Сенбі күні  жабық

Тайпақ кенті, Гагарин көшесі, 27-үй

Жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз;

Сенбі күні  жабық

Сайқын кенті, Бегалиев көшесі, 4-үй

Жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз;

Сенбі күні  жабық

Жымпиты кенті, Қаратаев көшесі, 37а-үй

Жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап 19.00-ге дейін, түскі үзіліссіз;

Сенбі күні сағат 9.00-ден бастап 13.00-ге дейін

Шыңғырлау кенті, Қылышов көшесі, 110В-үй

Жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз;

Сенбі күні  жабық 

Қазталов кенті, А.Оразбаев көшесі, 7-үй

Жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап 19.00-ге дейін, түскі үзіліссіз;

Сенбі күні сағат 9.00-ден бастап 13.00-ге дейін



БЖЗҚ Байланыс орталығының телефоны: 8 800 080 11 77

Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Майдангер  өзінің  күнделігінде 

өмірбаяны  туралы  былай  деп  жа-

зады:  «Мен,  Төлепберген  Сарқы- 

тов, 1924 дүниеге келіп, 1931-1936 

жылдары  ауылдық  бастауыш  мек-

тепте  қарт  ұстаз  Ғазез  Ғылманов- 

тан дәріс алдым. 1939-40 жылдары 

совет  мектебінде  оқып  тәрбиелен- 

дім. Атап айтқанда, 1938-1939 оқу 

жылынан  бастап  Жымпиты  орта 

мектебінде оқып, 9-сыныпты бітір-

дім. Амал не, 1941 жылы  Гитлерлік 

Германия  елімізге  опасыздықпен 

соғыс  ашып,  совет  одағындағы 

барлық тіршілік қауырт өзгерді де, 

маған  10-сыныпты  оқып  бітіруге 

мүмкіндік  болмады.  Еңбек  адам- 

дары,  бас  көтерген  азаматтар  әс- 

кер  қатарына  алынып,  әйелдер 

 мен балалар соғысқа кеткендердің 

орнын  басып,  колхозда  қолымыз- 

дан  келгенді  жасадық.  1942  жыл- 

дың  тамыз  айында  аудандық 

комиссардың  тәртібі  бойынша 

әскер  қатарына  алынып,  тылдағы 

Майдангер   күнделігінен   

Қырым  операциясына,  Польша- 

ны  азат  етуге  қатысып,  Висла 

өзені  бойындағы  қантөгістерде 

жаумен  шайқасады.  Бірінші  Бела-

русь  майданының  құрамында  27 

қаңтарда  1945  жылы  шабуылға 

шығып, 


Германияның 

жеріне 


ұрыспен  кіреді.  Осы  жылы  18  ма-

мырда  атам  басынан  жараланып 

госпитальға  түседі.  «Соғыстың 

қан  мен  тер  төккен  біздер  үшін 

аяқталғанын  және  Жеңіспен  аяқ- 

талғанын  мен  есімді  жиып  өзіме 

келгеннен  кейін  1945  жылдың  2  

мамырында  білдім»,  –  деп  жазыл- 

ған күнделікте. 

Атам туралы сол кездегі әскери 

газетте мақала жарияланған. Онда 

жауынгер Т. Сарқытовтың елді ме-

кен  түбіндегі  шайқаста  фашисттің 

екі  солдатын  өлтіріп,  алтауын 

тұтқынға  алғаны,  сондай-ақ  оның 

осы  ерлігі  үшін  «Қызыл  Жұлдыз» 

орденімен  марапатталғаны  айты-

лады.  Оның  коммунистік  партия 

қатарында  болуға  лайықты  екені 

де атап көрсетілген. 

1946 жылдың 21 ақпанында тиіс- 

ті комиссияның қорытындысымен 

Төлепберген Сарқытов  ІІ топтағы 

мүгедек  болып  елге  қайтады.  Ол 

өзінің  күнделігінде  соғыстағы  әр- 

бір  күнін  санап,  «Үйден  кеткенім 

мен  үйге  келгенімнің  арасы  1277 

күн  екен»  деп  жазыпты.  Соғыстан 

кейін Сырым ауданындағы Қособа 

Әкемнің атасы Төлепберген Сарқытов Ұлы Отан  

соғысына  қатысып,  қан  майданнан  аман  келген 

майдангерлердің  бірі  еді.  Сөзге  ұста,  өлең  шы- 

ғаратын ақкөңіл, еңбекқор адам болыпты. Ол өзі- 

нің көзі тірісінде кейінгі ұрпағына арнап соғыстағы 

әскери жорықтары мен сол қанды қырғында жүріп 

шығарған  өлеңдерін  бір  дәптерге  жинақтап,  өз 

қолымен  жазып  қалдырыпты.  Ұрпағына  рухани 

мұра болсын десе керек.

еңбектен қол үздім. 1942 жылдың 

8 қыркүйегінен 19 ақпанына дейін 

Уфа қаласындағы полк мектебінде 

оқып,  кейіннен  майдан  шебіндегі 

№559  атқыштар  дивизиясына  тап 

болдым.  Осы  дивизия  құрамында 

1943 жылдың шілде айында Орел, 

Белград  түбіндегі  жан  беріп,  жан 

алысқан  шайқастардың  бірінде 

аяқтан ауыр жараландым. Мәскеу 

госпиталінде  емделіп,  сауыққан- 

нан  кейін  1944  жылдың  басын-

да  запаста  тұрған  №339  Тамань 

атқыштар  дивизиясының  №1133 

Таганрог-Севастополь  атқыштар 

полкінде  майданға  екінші  рет 

қатысу  үшін  Қара  теңіз  бұғазына 

өттім»,  -  деп  жазады.  Бұдан  кейін 

атамыз    Керчь  қаласын  алуға 

қатысады.  «Әрбір  көше  үшін 

бекініс ұстадық», - деп жазады ол. 

Содан  кейін  Балаклава  қаласы 

арқылы Севастопольді жаудан та-

зарту жорықтарына, 1944 жылдың 

12  сәуір-10  мамыр  аралығында 



дүниені  дүр  сілкіндір-

ген  Ұлы  Отан  соғысының 

аяқталғанына  70  жыл  тол-

ды.  адамзат  тарихындағы 

сұрапыл 

соғыста 

бүгінгі 

ұрпақтың  болашағы  үшін 

күрескен 

аталарымыздың 

ерлігін 

ұлықтау 

бүгінгі 

ұрпақтың 

борышы 

деп 

білемін.

Қайран елім, ауылым,

Құрбы-құрдас, бауырым.

Қатар өскен замандас, 

Шер тарқатар сауығым.

Қырық бесінші жылында,

Дәлу айы қысында,

Көппен бірге дабылда

Түстік жаудың соңына.

Жауды қуып Польшадан,

Окоп қазып бекінген.

Кенеттен шұғыл тиісіп,

Кірдік неміс жеріне.

Он бес күндей жаяулап,

Жау жеріне кірдік қой, 

Еліне ойран салдық қой,

Малы жанын шулатып

Осылай кекті алдық қой.

Мен шыққалы елімнен,

Қоштасқалы теңіммен,

Үш жыл өтті арада

Уайым ойлап қам жеумен. 

(Майдангер күнделігінен 

алынған үзінді өлең 

27.01.1945 жылы жазылған)

Ауылға  хат      

ауылдық  кеңесінің  «Амангелді» 

колхозында  40  жыл  бойы  бухгал-

тер болып еңбек еткен. 1984 жылы 

атамыз  зейнеткерлікке  шыққан. 

2003  жылы  1  қаңтарда  өмірден 

өтті.


Майдангердің  екі  ұлынан  8 

немере,  3  шөбере  тарап,  ұрпағы 

аман-есен,  тату-тәтті  өмір  сүруде. 

Төменде  атамның  күнделігіндегі 

бір  өлеңді  оқырмандар  назарына 

ұсынуды жөн көрдім. 



Айдана ЖАҢАЕВА,

майдангердің шөбересі, 

Ж. Досмұхамедов  

атындағы  педколледждің 

студенті 

Атамды  мақтан  етемін

Менің  атам  Ғабдрахим  Нұрмақов 

Жаңақала  ауданының  №21  ауылдық 

кеңесінде  1914  жылы  дүниеге  кел-

ген.  1931-1942  жылдары  Фурманов 

ауданының  «Жасқайрат»,  «Теңдік»  кол-

хоздарында  есепші,  ауылдық  кеңес 

төрағасы  болып  жұмыстар  атқарған. 

1942  жылы  әскер  қатарына  алы-

нып,  Батыс  майданның,  82-атқыштар 

дивизиясының  арнаулы  сапер  бата- 

льоны  сапында  ұрыстарға  қатысқан. 

1943 жылдың ақпан айында сол қолынан 

ауыр  жарақат  алған.  Әскери  аурухана-

да  4  ай  емделген  соң  жарақаты  салда-

рынан  соғысқа  жарамсыз  болып  елге 

қайтарылған. 

Туған  ауылына  келіп,  тылдағы  ең- 

бекке  араласқан.  Кеңшарда  есепші, 

колхоз  басшысы,  ферма  меңгерушісі 

т.б  жауапты  қызметтерді  абырой- 

мен атқарған. 1975 жылы зейнеткерлік-

ке шығып, 1996 жылы өмірден өтті.

Атамның  Отан  алдындағы  мінсіз  ер- 

лігі  мен  еңбегі  орынды  бағаланып, 

«Құрмет  Белгісі»  орденімен  және  бір- 

неше  медальдармен  марапатталды.  

Бар  саналы  ғұмырын  туған  еліне  ар- 

наған  Ғабдрахим  Нұрмақовтың  атына 

Жаңажол  ауылдық  округіне  қарасты 

Көмекші ауылында бір көше берілді. 

Ел басына күн туған, қаралы күндер- 

де  Отан  үшін  от  кешкен  атамыздың 

ерлігі  мен  бейбіт  заманда  жүріп  өткен 

еңбек жолы – біздер үшін мақтаныш.



Мұхтар НҰРМАХОВ,

 Орал қаласы

«оРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк 

орталығында терiлiп, беттелдi.

"Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды

Индексі: 65533 Таралымы: 15 583,  3 баспа табақ. 

Газет аптасына үш рет шығады.

Корректорлар: Н. СҰЛТАНОВА, Д. ШАНКИШеВА

Кезекшi редактор: 



Е. ӘЙпІШЕв

Меншік иесі: 

«Жайық пресс» ЖШС 

Бас директор

Жантас набиоллаұлы 

САФУЛЛИн

Бас редактор Бауыржан Файзоллаұлы 

ҒҰБАЙДУЛЛИн

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде

2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Бас редактор 51-25-80, 

Бас редактордың 

орынбасарлары 24-17-08,

                            54-18-08,

Редакция алқасы: Есенжол ҚЫСТАУБАЕв,

Сырымбек ТҰЯҚов

                   (бас редактордың орынбасарлары), 

Жаннат ЕСпоЛАЕвА (жауапты хатшы),

Тоқтар КЕнЖЕҒАЛИЕв (қоғамдық-саяси бөлім), 

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚов (экономика бөлімі),

нұрлыбек РАХМАнов (гуманитарлық бөлім).

Қолжазбаларға  пiкiр  айтылмайды  және  пайдала-

нылмаған  хат  авторларына  жауап  қайтарылмайды. 

Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым 

авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiр-

мейдi.  Редакция  тапсырысымен  жазылмаған  мате-

риалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» 

жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басу-

ға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл-

данады.


белгісімен  жарияланған  материалдар  ақылы 

болып есептеледі.

Ж

Жауапты хатшы 54-38-22.



Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; 

Бухгалтерия 54-04-90. 

е-mail: zhaikpress@inbox.ru



Телефондар:

11

oral_oniri@inbox.ru



Сенбі,  9  мамыр 2015 жыл

ХАТ-ХАБАР

Онда  бүлдіршіндер  қазақ,  орыс,  

ағылшын  тілдерінде  өлең  жол-

дарын  оқыды.  «Ел  қорғауға  әзір- 

«Ел  мен  ердің  жеңісі»

міз»,  «Жеңіс  күнін  тойлаймыз», 

«Балдырғандар әні» әндерін бері-

ле орындаумен қатар, ата-аналар-

мен бірге «От шашу» сияқты түрлі 

ойындар  ұйымдастырылды.  «Пе-

ріштелер  биі»,  «Синий  платочек», 

«Сарбаздар» билерін шеберлікпен 

орындады. Аталған шараға әзірлік 

барысында  балаларға  арнайы 

костюмдер  тігілді.  Балдырғандар 

ерекше  ынтамен  қатынасып,  ата-

аналар да өз ризашылықтарын біл- 

дірді. 

Жеткіншек  ұрпақты  кішкен-



тайынан  Отанын  сүю,  елінің,  же- 

рінің  адал  патриоттары  бағытын- 

да  тәрбие  беру  –  біздің  абыройлы  

борышымыз.  Оларды  ұлтжанды- 

лыққа  тәрбиелеп,  Ұлы  Жеңістің 

оңайлықпен  келмегенін,  сол  жол- 

да ата-әжелеріміздің ерлігі мен ең- 

бегі өлшеусіз екендігін ұғындыру- 

да  балабақша  ұжымы  да  сүбелі 

үлесін  қоса  алады.  Біздің  де  мақ- 

сат-міндетіміз – осы.

О. ӨТЕпОВА,

№48 «Мұрагер» мектепке 

дейінгі ұйымының музыка 

жетекшісі 

“Жайық  Пресс”  ЖШС  мен  “Орал  өңірі”  газетінің  редакция  ұжымы  еңбек 

ардагері, жазушы 

Қайыр Құрақұлы Бектұрғановтың

өмірден  озуына  байланысты  марқұмның  отбасы  мен  ағайын-туысының  

қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Подстепное  ауылының  тұрғыны  болған 

ардақты  әкеміз 

Жақсығали  Сисенғалиевті 

Ұлы  Жеңістің  70  жылдығына  орай  сағыныш- 

пен еске аламыз.

Әкеміз сұрапыл соғыс кезінде жастайынан 

еңбекке араласып, кейін Минск қаласында ер-

лігі  үшін  ордендермен  марапатталған  болатын. 

Сонымен бірге анамыз екеуінің соғыс кезінде-

гі аянбай еткен еңбектерін де айта кеткім ке-

леді. Марқұмдарды сағынышпен еске аламыз. 

Бүгінде арамызда болса, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын бірге тойлар едік.



Еске алушылар: ұл-қыздары Жамиға, Сәуле, 

Ұлболсын-Жанділдә, Ұмсындық-Муса, Сания-Серік, 

Алма-Марат және 14 немересі

Хабарландыру

«Диана-плюс»  ЖШС  серіктестік  қатысушыларына    жалпы  жылдық 

жиналыстың  өткізілетінін  хабарлайды.  Жиналыс  2015  жылдың  25  мамыры 

күні сағат 14.00-де Орал қаласы, Еуразия даңғылы, 59/1 мекенжайында өтеді.



Күн тәртібінде:

1. 2014 қаржы жылына басқарма есебі

Серіктестік  қатысушыларын  тіркеу  жергілікті  уақытпен  13.00-де  бастала-

ды.


Басқарма 

Хабарландыру

«Диана-плюс»  ЖШС  серіктестік  қатысушыларына    кезектен  тыс  жалпы 

жиналыстың  өткізілетінін  хабарлайды.  Жиналыс  2015  жылдың  25  мамыры 

күні сағат 14.00-де Орал қаласы, Еуразия даңғылы, 59/1 мекенжайында өтеді.



Күн тәртібінде:

1. Серіктестік қатысушыларының үшінші тұлғаларға қатысу үлесін сату

Серіктестік қатысушыларын тіркеу жергілікті уақытпен 13.00-де бастала-

ды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет