Есенжол ҚЫСТАУБАЕв
алдыңғы толқын ағалары-
мыздың Жеңіске жеткеніне
тура бүгін 70 жыл толды.
Қазақ арасында екінші
дүниежүзілік соғыстың жа-
лынына шарпылмаған әулет
кемде-кем шығар. Сондай
шаңырақтың бірі менің атам
Бердіғалидың отбасы бола-
тын. «Сәтек деген бір балам
соғыстан қайтпай, хабарсыз
кетті» деп отыратын атам.
Пәлен жерде қаза болды,
түген жерге жерленді деген
нақпа-нақ хабар болмаған
соң, әке жүрегі ұлын өлдіге
қимай жүреді-ау, шамасы.
1974-75-ші жылдарға дейін
еш дерек болмаған соң
үмітті үзіп қойғанбыз.
Бір күні Қазталов аудандық
ардагерлер кеңесінің басшысы
Уәлиолла Әбішев телефон соғып:
«Атаңның соғысқа кеткен баласы
бар ма еді?» - деп сұрады. Мен бар
екенін, аты-жөнін айттым. Олай
болса, мен ол кісінің жерленген
жерін ғаламтор (интернет) арқы-
лы іздестіріп, тауып отырмын. Вол-
гоград облысы, Клетский ауда-
ны, Распопинская станицасында
жерленіпті. Біздің аудан басшыла-
ры мамыр мейрамдарының қар-
саңында бір топ ардагерлерді ту-
ристік сапармен апарып келмек-
ші, сен қалай қарайсың? - деді.
«Балам хабарсыздардың қата-
рында кетті-ау, өлі-тірісін де біле
алмадық» деп қамығып отырған
атамның бейнесі көз алдыма елес-
теп кетті. «Барайын», дедім мен
бірден. «Олай болса, тізімге сені де
қосамын», деді Уәкең. Осындай де-
легация Бөкей ордасы, Жәнібек
аудандарынан да барды.
Әкемнің ағасы Сәтек Бердіға-
лиевтың жатқан жері Волгоград
қаласынан 240 шақырымдай жер-
де екен. Сондықтан мен делега-
цияға өз машинаммен еріп шық-
тым.
Волгоград
қаласындағы
«Қазақстан мұрасы» деп атала-
тын қайырымдылық қоғамының
басшысы Ахметов Айболат атты
жігіттің бастауымен ағамыз жер-
ленген ауылға да жеттік. Округ
басшыларының қабылдауында бо-
лып, біраз мәліметтерге қанық-
тық. 1942 жылдың 19-23 қараша-
сы арасында жоғарыдағы аталған
станица үшін қиян-кескі шайқас
болыпты. Ағамыз сол шайқаста қа-
за тауып, бауырластар зиратына
жерленген. Аты-жөні жазулы. Сол
шайқаста 600-дей қазақ жауын-
гері қаза болған, бәрінің де есімі
мемориалды тақтаға жазылып-
ты. Сәтек ағамыз жатқан жерге
туған жерінің топырағын салып,
дұға оқып қайттым. Осы сапарға
мүмкіндік жасаған, Қазталов ау-
данының басшыларына және туыс-
қанымның жатқан жерін тауып
берген Уәлиолла Әбішев мырзаға
біздің әулеттің алғысы шексіз.
Хатимолла БЕРДІҒАЛИЕв,
Қазақстан
Републикасының еңбек
сіңірген қайраткері,
Қазталов ауданының
құрметті азаматы
73 жылдан соң табылды
«Кешірім сұрау тек ұлы адамдардың
ғана қолынан келеді»
ЖеңіС – 70
Сенбі, 9 мамыр 2015 жыл
6
oral_oniri@inbox.ru
Кеше
қаламыздағы абай
алаңында «Ұлы
Жеңіс алауы» атты
театрландырылған
концерт өтті. Бұл ша-
раны соғыс ардагер-
лерімен бірге облыс
әкімі Нұрлан Ноғаев
та тамашалады.
«Ұлы Жеңіс алауы»
Құрметті әріптестер, қадірлі майдангерлер және
«Жайықжылуқуат» АҚ ұжымы!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтаймын! Соғыс жылдарының
қайғы-қасіреті, оның жеңісі алыстағанымен, оған өз өмірлерін, денсаулығын қиғандар, Ұлы
Жеңіске барлық күшін салғандар әлі естен кетпес. Сіздер көрсеткен ерен ерлік, өшпес
қайсарлық мәңгі ұмытылмайды. Соғыстың сұрапыл отына түсіп шайқасқан жауынгер-
лерге, жанын пида қылған жандарға және Жеңіске үлес қосқан тыл ардагерлеріне тағ-
зым етеміз.
Сіздерге талмас күш, ұзақ ғұмыр тілеймін.
Құрметпен: нұрлыбек КИРЕЕв,
«Жайықжылуқуат» АҚ бас директоры
70
жыл
Шара соғыс құрбандарын бір
минут үнсіздікпен еске түсірумен
басталды. Содан соң мектеп валь-
сі ойналып, алаң төріне жастар
шығып билеп, алаңсыз бейқам
шақтың көрінісін келтірді. Осы
бір мамыражай тірлікті соғыс құ-
йыны келіп бұзды. Көктен бом-
ба тасталып, снарядтар жарылды.
Ер-азамат атаулы Отан қорғауға
аттанды. Аналар мен қыз-келін-
шектер қош айтысып қала барды.
Жиналған жұртшылық облыс-
тық қазақ драма театрының әр-
тістері дайындаған «Қан майдан»
атты көріністен үлкен әсер алды.
Әсіресе, Бауыржан Момышұлы
мен Василий Клочковтың моно-
логтары ерекше тебірентті. Ха-
лықтық «Ақжайық» би ансамблінің
орындауындағы «Әлия-Мәншүк»,
«Назерке» би ансамблінің «Тырна-
лар» композициялары да көпші-
ліктің ықыласына бөленді.
Соғыс жылдары облысымыз-
дың экономикасы қайта құрылым-
далғаны белгілі. Орал қаласына
Украина мен Ресейден қорғаныс
мақсатындағы 14 зауыт-фабрика
көшіріліп, қысқа мерзім ішінде
бұл өндіріс ошақтары қайта іске
қосылды. Онда оқ-дәрі, қару-жа-
рақ жасалып, әскери техникалар
жөндеуден өткізілді. Жауынгер-
лер үшін тон, басқа да жылы
киім-кешек тігіліп, байпақ басыл-
ды. Алаңға шыққан «Қазақстан-
нан майданға», «Бәрі де майдан
үшін!», «Бәрі де Жеңіс үшін!» де-
ген ұрандар жазылған жүк кө-
ліктері сол қиын-қыстау кезеңді
көпшіліктің көз алдарына әкел-
гендей болды.
Қолдарына қызыл ту ұстап
шыққан хореографиялық ұжым-
дар «Рейхстагты алу» компози-
циясы арқылы халықтың арманы
болған - Ұлы Жеңіс күні жетке-
нін әсерлі бейнелеп шықты.
Одан соң жеңімпаз-жауынгерле-
рді қарсы алу көрінісі ұлттар дос-
тығы арқылы бейнеленді.
№1 және №3 балалар саз мек-
тептерінің шәкірттері дайындаған
«Прадедушка» әні мен композиция-
сы аға буын өкілдерін толқытты.
Бүгінгі тәуелсіз еліміздің, бей-
біт заманымыздың көріністері
«Мәңгілік ел» композициясымен
түйінделді. «День Победы» әнімен
өз мәресіне жеткен шара соңында
«Ұлы Жеңіске – 70 жыл» деген жа-
зуы бар топтастырылған шарлар
көкке ұшырылды.
Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚов,
«орал өңірі»
Суреттерді түсірген
Медет ДоСУМов
7
Б
ұрыннан сәлеміміз түзу,
таныс адамдар болған-
дықтан, тосырқамай, бір-
ден әңгіме тиегін ағыттық.
Жалпы, Есболсын ағамыз –
1922 жылы Гурьев облысының
№25 ауылы – Жиделі ауылдық ке-
ңесінде, «Балқұдық» кеңшарында
дүниеге келген адам. Таубұйрат
ауылдық кеңесіндегі Үштаған ауы-
лында оқып, білім алған. Еңбек
жолын да өзі дүниеге келген Жи-
делі ауылдық кеңесінде хатшы бо-
лудан бастаған екен. Тағдыры шы-
ғар, қызыққа толып өтер жастық
шағы Ұлы Отан соғысына тұспа-
тұс келеді. Жүрегі жігерге толы
отаншыл жас 20 жасында, 1942
жылдың 3 қаңтары күні Отанын
қорғауға аттанады. Бұл құтырған
иттей өңмеңдеп, алас ұрған неміс
фашистерімен кескілескен ұрыс
жүріп жатқан соғыстың ең бір ауыр
кезі болатын.
Бастапқыда Бугуруслан қала-
сындағы кіші командирлер даяр-
лайтын үш айлық арнаулы мектеп-
те оқып, кіші сержант атағын алған
жас жауынгер бөлімше команди-
рі болып тағайындалады. Кейін Ба-
лашов қаласында бөлімшесімен
бірге бір айлық тактикалық жат-
тығудан өтеді де, 206-дивизия
құрамында Воронеж бағытында
кескілескен ұрысқа кіреді. Бұл кез-
де Воронеж қаласы жау қолында
екен. Өзеннің арғы бетінде неміс-
тің 6-армиясы, бергі жағалауда
біздің армия, үздіксіз ұрыс жүріп
жатады.
Майдангер ағамыз сол күндер-
ді былайша әңгімеледі:
– ...Менің бөлімшеме көрші по-
селкеге орналасқан жау тылынан
«тіл» әкелу тапсырылды. Арамызда
неміс тілін білетін ешкім жоқ-ты.
Басқа бөлімшеден немісше біле-
тін бір жауынгерді қосып алып,
жолға шықтық. Орманды жер. Күн
тұман. Ағаш арасымен тың тың-
дай отырып, барынша сақтықпен
жүріп келеміз. Кенет алдымыздан
дыбыс естілді. Неміс барлаушы-
ларына тап болғанымызды білдік.
Жау барлаушылары бізді байқа-
май, тым жақын келіп қалды. Бізге
шегінетін мүмкіндік жоқ еді. Шегін-
сек, көзге түсеміз. Жағдайды шұғыл
байыптадық та, оңтайлы орнала-
сып, неміс барлаушылары тақап
келгенде, автоматтан оқ жаудырып
қоя бердік. Тұтқиылдан атылған
оқтан неміс барлаушылары бау-
дай жапырылып, тек екеуі ғана
тірілей қолға түсті. Осы бір сәттік
ұрыстың өзінде біздің де төрт жа-
уынгеріміз мерт болды. Жауын-
герлік тапсырманы жауапкерші-
лікпен орындағанымыз үшін ме-
нің бөлімшеме сап алдында ал-
ғыс жарияланып еді...
Жасалған ерлігінің еленгені май-
дангер ағамызға ерекше көңіл
күй сыйлаған екен. Бастан өткен
оқиғаларды ықыласпен баяндай
берді.
– Аға, бүгінгі кеудеңізге тағыл-
ған «Қызыл Жұлдыз» ордені қан-
дай ерлігіңіз үшін берілді? 1942
жылы осы орденмен марапаттал-
ғаныңызды өзіңіз білесіз бе? Бү-
гінге дейін алмауыңыздың себебі
неде?
– Білемін, балаларым. Оқиға бы-
лай болған еді. Біздің батальон
шабуылға шықты. Бірақ қарсы ал-
дымыздағы жау бекінісінен жаң-
бырша жауған оқ бас көтертпеді.
Жау атыс ұясына мықтап бекін-
ген. Қатарымыз уақыт өткен са-
йын сиреп барады.
Батальон командирі біздің 3-
взводқа жаудың атыс ұясын жою-
ға бұйрық берді. Біз жер бауырлап
алға жылжыдық. Жасалған бар-
лау бойынша бұл бекіністе жау-
дың үш пулеметі бары анықтал-
ды. Біздің міндет – осы пулемет-
терді жою.
Оңтайлы сәтті күткен 3-взвод-
тың жаужүрек командирі Заха-
ренко бізді шабуылға көтерді. Көп-
теген жолдасымыз мерт болды.
Ауыр жағдайда жаудың атыс ұя-
сын алдық. Соңымыздағы бата-
льон шабуылға көтерілді. Әр сү-
йем жер үшін қантөгіспен алға
жылжып келеміз. Кенет оқ тиіп,
қалпақтай ұштым. Есімді госпи-
тальда жинадым. Снаряд жар-
қыншағы жауырынымды талқан-
дап, өкпеме қадалыпты. Әскери
дәрігерлер ота жасап, жарқын-
шақты алып тастапты.
Осы госпитальда жатып, соң-
ғы ұрыстағы ерлігім үшін бір топ
жолдастарыммен бірге «Қызыл
Жұлдыз» орденімен марапаттал-
ғанымды полктің «За честь Ро-
дины» газетінен оқып білдім. Бұл
1942 жыл еді. Дала госпиталін-
де ұзақ жаттым. Бірақ жарам жа-
зылып, толық сауығып кете қой-
ғаным жоқ. Оң қолым жарақат
әсерінен жиналмайды. Комиссия
жаяу әскерге жарамсыз деп та-
нып, сол жердегі әскери штаб
мені 82 миллиметрлік минометке
командир етіп тағайындады. Оң
қолым мойныма асулы, ұрысқа
қайта кірдім...
Майдангердің бұл сөзін бүгін
қолымызға тиген КСРО Жоғарғы
Кеңесі Президиумының 1942 жыл-
ғы 23 тамыздағы Жарлығы рас-
тайды. Онда Есболсын Сариевтың
ұрыста жаудың 50-ден астам сол-
даттары мен офицерлерін жойға-
ны үшін №3800109 санды «Қызыл
Жұлдыз» орденімен марапаттал-
ғаны жазылған. Жарлыққа Воро-
неж майданының қолбасшысы ге-
нерал-лейтенант Н. Ватутин, кор-
пус комиссары С. Кусайнов, бри-
гада комиссары Кузнецов, штаб
бастығы генерал-майор Казанов
қол қойған.
Соғыстың ауыр күндері жалға-
са береді. Сөйтіп, келіп жетпеген
орден, ол туралы ой да ұмытыла
береді.
Қиян-кескі ұрыстардың бірінде
ағамыз ағаш басына орналасып,
аңдып отырған жау мергенінің
нысанасына ілігеді. Әккі мерген
ағамыздың бір аяғына екі оғын
қатар қадайды.
– Амал қанша, жаралы аяғымды
сау аяғымның үстіне салып, ұрыс
шебінен шегініп келемін. Сүйре-
тілген аяқтан жосыған қан, қозғал-
ған сайын жарам ауырып, жаным-
ды көзіме көрсетуде. Ақыры та-
лып кетіппін. Кім біледі, қырағы
сестралардың көзіне түспегенде,
сол жерде көрер жарығым таусы-
лар ма еді. Содан 1943 жылы ма-
мыр айында Отан соғысының екін-
ші топтағы мүгедегі болып елге
оралдым, – дейді ағамыз.
Ерлік ескірмейді деген осы шы-
ғар. Бұған дейін ІІ дәрежелі Отан
соғысы ордені, ұзын саны он-
нан астам мерекелік медальдар-
мен марапатталған майдангер кеу-
десіне, міне, 46 жылдан кейін ие-
сін тапқан «Қызыл Жұлдыз» орде-
ні қадалды. Біз осы қуаныштың
куәсі болған едік. Оған да бүгін
27 жыл болған екен. Ағамыз ара-
мызда жоқ, бақилық болған. Өмір-
ден ертерек кетуіне сол соғыс
салған жара себеп болды.
Соғыстан кейін де 40 жылдай
лауазымдық қызмет атқарған май-
дангерді ауылдастары әлі құрмет
тұтады.
Өмірзақ АҚБАСов,
Жаңақала ауданы
46 жылдан кейін
ТАПСыРыЛғАн оРден
1941 жылы Сүйінғали ағай Ма-
ғаз, Серікқали және Мақсот атты
үш ұлымен бірге Отан қорғауға
аттанған-ды. Ағайдың өзі елге
Жеңіс туын желбіретіп қайтқаны-
мен, өкінішке орай, ұлдарының
үшеуі де оралмады. Олардың
үшеуінен де «қара қағаз» келді.
Бұл аз болғандай, ағай майдан-
нан оралғанша, зайыбы да қай-
тыс болып кеткен еді. Тек Са-
қыш, Рысты деген екі жасөспірім
қызы қалған-ды. Оларға ағай со-
ғыстан қайтқанша, әрине, тума-
туыс пана болды.
Елге келгесін Сүйінғали ағай
көп ұзамай күйеуінен «қара қа-
ғаз» алып, үш баламен жесір қал-
ған Күмүштек деген келіншек-
пен жаңа отбасын құрды. Ен-
дігі айтайын дегенім, екеуі де
оқымаған, қарапайым жандар
болса да, ағай да, жеңгей де бұ-
рынғы жұбайларынан қалған ұл-
қыздың бірде-бірін жатсынбай,
қатарынан қалдырмай жеткізді.
Сұм соғыстың кесірінен бір ша-
ңырақтың аясына тағдырлары
тоғысқан екі үйдің ұл-қызы бір
атаның баласындай тату еді. Бұл
енді әке-шешенің тәлімді тәр-
биесі екендігі сөзсіз.
Әке мен ана колхозға жұмыс
жасап, шаруаларын түзеді. Жаңа
шаңырақта екеуара ортақ пер-
зенттер – Кәмен, Сәмен деген
қос ұл өмірге көрінді. Уақыт өте
келе, ұлдар қалаған бойжеткен-
деріне үйленіп, қыздар теңіне
қосылып, тұрмыс құрды. Бүгін-
дері Сүйінғали ағай да, Күмүш-
тек жеңгей де өмірде жоқ бол-
ғанымен, ұл-қыздарынан өрбіген
үрім-бұтақ арқылы кезінде сөздің
тура мағынасында «екі жарты
– бір бүтін» болған жандардың
жапырақтары жайылып, тамыр-
лары тереңдей түсуде. Осының
өзі сонау қиын жылдардағы ел
ішіндегі адамдардың бір-біріне
деген шынайы жанашырлығы-
ның, нақты қамқорлығының мә-
уелі жемісі деп білемін.
Қиын-қыстау кезеңдегі қам-
қорлық тақырыбына және бір
мысал. Соғыс жылдары біздің
Фурманов ауылдық кеңесінің
төрағасы Алтынбаев Айтқали де-
ген ағай болды. Бұл кісі бұрынғы
мұғалім еді. Өте сабырлы, ақыл-
ды, білімді адам еді, жарықтық.
Ел басына қиындық түскенде,
бұрынғы Төле, Қазыбек, Әйтеке
сынды дана билер сияқты ақыл-
ды адамдар керек қой. Айтқали
ағай сондай болып шықты. Елге
жақсы басшылық етті, халыққа
рухани тәлім-тәрбие беруде де,
шаруашылықты басқарып, ұйым-
дастыруда да ілкімділік таныта
білді. Соған бір дәлел, Айтқали
ағай соғыс жылдары 8-9-10-класс
бітірген қыз балаларды қысқа
3,6 айлық курстарға жіберіп оқы-
тып, жұмысқа орналастырып отыр-
ды. Кейін осы оқып-тоқығанда-
рының өзі қыздарға өмірден өз
орнын табуға септігін тигізді.
Солардың бірі – Шұға Шахина.
Ол Чапаев қазақ орта мектебін бі-
тірісімен, кеңес хатшысы болып,
тәжірибе жинап, соңғы жылдар-
да осы кеңеске 20 жыл төраға-
лық етті. Шұға замандасымыз
ел-жұрт арасында өте беделді,
халықпен жақсы байланыста
болды. Қазір ол Орал қаласын-
да тұрады, ана, әже ретінде ұр-
пағының қызығына кенеліп отыр.
Хамит САЛАХИЕв,
тыл ардагері,
«ҚР оқу-ағарту
саласының еңбек сіңірген
қызметкері»,
Қызылжар ауылы,
Теректі ауданы
Бұрынғы Чапаев, қазіргі ақжайық ауданының аума-
ғында сонау жылдары Фурманов ауылдық кеңесі деген
құрылым болды. Біздің Қазақстанның 15 жылдығы
атындағы колхоз осы ауылдық кеңеске қараған еді.
Оспанов Сүйінғали деген Отан соғысының ардагері
осы біздің ауыл-аймақта тұрды. Ол кісінің ұл-қыздары,
шүкір, қазір де бар.
Бұрынғының кісілері
БіР-БіРіне шынАйы ЖАнАшыР еді
ЖеңімПАздАР
Бұл 1988 жылы
болған оқиға еді.
ауылдас ағамыз
есболсын Сариевке
соғыстағы жанқияр-
лық ерлігі үшін
бұдан 46 жыл бұрын
берілуге тиіс «Қызыл
Жұлдыз» орденінің
бүгін тапсырылғанын
естіп, майдангердің
үйіне жеткенше
асықтық. Сәл кеші-
гіппіз. аудандық
әскери комиссар
біздің алдымызда
ғана орденді иесіне
тапсырып кеткен
екен.
С
туденттер Ұлы Жеңіс
үшін жанын пида еткен,
соғыстан қайтпаған боз-
дақтардың, қаһарман ерлердің
бейнелерін сомдап, сахналады.
Шараға шақырылған №5517 әс-
кери бөлімнің сарбаздарымен
бірге шеру өтті. Әр түрлі спорт-
тық шарада ептіліктерін көрсетті.
Мерекелік кешке қатысқан со-
ғыс ардагерлері мен тыл еңбек-
керлері сөз сөйлеп, ән шырқады.
Дәмді етіп дайындалған жауын-
гер ботқасы да қонақтардың
көңілінен шықты.
«ҚазИИТУ-да»
мҰРАЖАй АшыЛды
«ҚазииТУ» ғылыми-білім кешенінде Отан қорғау-
шылар күні мен Жеңіс күніне орайластырылған «Көп
ұлтты халқымыздың бірлігі мен достығы Ұлы Жеңіске
жеткізді» деген тақырыпта мерекелік шара өтті. Кешке
соғыс және тыл ардагерлері қатысты.
Кешенде Жеңістің 70 жылды-
ғына орай соғыс жәдігерлері
жинақталған мұражай ашылды.
Онда шайқас алаңында хабар-
ошарсыз кеткен жауынгерлер-
дің жеке заттары және майдан
даласынан жазылған хаттар, құ-
жаттар, фотосуреттер, сарбаз-
дардың қарулары мен күнделік-
тері қойылған.
Шара соңында ардагерлерге
естелік сыйлықтар тапсырылды.
Мүкарима
СЕЙДАХМЕТовА
Сенбі, 9 мамыр 2015 жыл
8
oral_oniri@inbox.ru
ЖеңіС – 70
Сенбі, 9 мамыр 2015 жыл
Қыран ғұмыр, өлмес жыр
(Ақын Абдолла Жұмағалиевтің 100 жылдығына орай)
Өмірде де, әдебиетте де қа-
сиет-құны бір сәт түсіп көрмеген
тұлғалардың бірі – Әбу Сәрсен-
баев. Ол кісі туралы көзі тірісінде
ұлылар қатарына қосылған Қадыр
Мырза Әли:
Әбеке, орның бөлек қой,
Бөлек қой орның әманда.
Құдайдай адам керек қой,
Құдайсыз мына заманда! - деп
жазған.
Асыл аға – Әбекең 1985 жылы
жасы ұлғайғанына қарамастан Аб-
долла ақын қолжазбаларын құнт-
тап, жинақ құрастырып, әдемі
етіп «Ақын жүрегінің алауы» деп
ат қойып шығарған. «Үнемі бір
арман биігіне талпынып, жалпы
адам тағдыры төңірегінде мазасыз
ойға беріліп, тебірене толғанып,
жаны нәзік, мейірі мөлдір кешегі
жігіт Абдолла бұл күндері 70-ке
толыпты-ау. Жоқ, сенгің келмейді.
Бірақ та ойшыл ақынның өз жол-
дарымен айтқанда: «Уақыт жел-
дей жүйрік қой... Базарлы кездің
өткенін байқамай да қаласың...»
Ақын дәл айтқан. Шындықты
нұсқаған. Әбең 70-ке таңырқаса,
біз бүгін Абдолла ақынның 100
жасқа толу мерекесіне келіп отыр-
мыз.
1932 жылы Алматы қаласынан
3 мың 112 шақырым жерде Ре-
сейдің бес облысы шекарасында-
ғы Қазақстанның Батыс қақпасы
– Оралда әуелі КИНО (Казахский
институт народного образова-
ния), кейін Орал педагогикалық
институты ашылды. Оған Абай
атындағы Қазақ мемлекеттік пе-
дагогикалық институтын бітірген,
өзі Қаратөбенің тумасы Қажым
(Қажығали) Жұмалиев оқытушы
ретінде қызметке келген еді. Қа-
жым ағаны көрмедім, бірақ қа-
зақтың Қабдоловы осы бір өмірі
қайшылыққа толы адамға аса мейі-
ріммен қарайтын еді.
Қажым Жұмалиев - тұңғыш
филология ғылымдарының кан-
дидаты, докторы, жасынан жазу-
шы-ақын Бейімбет Майлиннен
бата алған тума талант. Абдолла-
дан гөрі, Қажағаңды көп айтып
тұрғаным, А. Жұмағалиевтің ақын,
азамат тұлға болып қалыптасуына
академик Жұмалиев ұшан-теңіз
еңбек сіңірген. Бұл туралы ғалым-
ның «Жалынды ақын, жаужүрек
батыр» мақаласында әдемі жазыл-
ғандықтан, оны қайта айтып шы-
ғуды жөн көрмей тұрмын.
Абдолла тәрбиеге көнгіш, зер-
делі жан болып шығады. Ғалым
Қажекең шәкірті туралы былай-
ша жазады: “Орал институтында
жүргенде ол әдебиет теориясы,
қазақ, орыс, шетел әдебиетімен
танысып, әсіресе, поэзияға көп
көңіл бөліп, қазақ ақындарымен
қатар, орыс, Еуропа ақындарының
өлеңдерін үздіксіз оқитын. Өзін-
өзі ұмытып, өлеңіне, ырғағына
беріліп, билеп те кетуші еді”.
...Ұлы ұстаз еңбегі еш болма-
ды. Жас Абдолла күшті романтик
ақын болып қалыптасты. Роман-
тик жандар - жаңалыққа, ерлік-
ке ерекше құштар жандар. Олар
өмірді бірыңғай арман емес, кей-
де нақты қалпында (реалды түр-
де) қабылдайды. Алғашқы өлең-
дері де өмірге ғашықтығы мен
нақтылығымен тәнті етті. Ақын
бірден:
«Болғандықтан атақты
атым адам,
Міндетім көп мойныма
арқалаған».
«Адам болып өмірге,
келдің ауыр жүк артып,
Ластап кетсең өмірді,
аңнан сенің нең артық»,
«Күле кірдім дүниеге, күлуме-
нен өтермін...
Сүйгенім – өмір, тіршілік,
Сүюменен өтермін»
- деп үздіге жырлады.
Абдолла Жұмағалиев жөнін-
де зерттеушілер, Құдайға шүкір,
баршылық. Ақын өлеңдері, балла-
да-сонет, поэма-дастандар, олар-
дың фрагменттері 1942, 1962, 1985
жылдардағы жинақтарына енгі-
зіліп, баспасөз, ғылыми зерттеу
қолданыстарында біршама айтыл-
ған. Мен біреулердің жазғанда-
рының ығымен кетпей, нақты
әдеби фактімен сөйлегім келеді.
Ақын негізі 35 лирикалық өлең
жазған. Жанры – әр қилы. Тақы-
рыбы – сан алуан. «Ленин туы ас-
тында», «Жаңа дүние данышпаны»,
«Қазақстан» десе, сөз жоқ, саяси
лирика. Ақын:
Бір күні дүние толғатып,
Ақылы дария ұл туды,
Аты Ленин даңқты,
Әлемге нұрлы күн туды», - десе,
Абдолла ағамен бірге:
Ленин тіккен туменен,
Тағы ілгері барамыз.
Бүкіл дүние шарына,
Бақыт нұрын жағамыз,
- деп сол заманның лебімен бір-
ге жырлап кеткіміз келеді.
Абдолла Қасым досы секілді
музыкаға да икемі бар ма деп ша-
маладым. «Май жыры», «Шырқап
әнге салып көр», «Ұлы жолда»,
«Жастар әні», «Жылқышы әні»,
«Алтын өмір өрнегі», «Ақын тол-
ғауы» әуелі өлең болып ағымдағы
баспасөзде жарық көріп, кейін
Латиф Хамиди сияқты компози-
торлар музыкасын жазып, радио-
бағдарламаларда, концерттерде
орындалып жүрген.
Абдолла ағамыз қызба, албырт
адам болған. Сүйгендері көп, кө-
біне қаракөздерден гөрі жұбайы
Александра (корей), Алла (татар),
Зина, Ленаға (орыс әлде украин)
ғашық өлеңдерін төкпелеген. Қай-
ран, 25-тің қанбазарындағы жа-
лынды жасқа не дерсіз?!
Абдолла Жұмағалиевтің аза-
маттық көңіл күй лирикаларын
өлең қадірін білетін Қажым Жұ-
малиев, Қалижан Бекхожин, Әбу
Сәрсенбаев, Сағынғали Сейітов,
Болат Қалиев, Есенбай Дүйсен-
баев, Айтқали Нәріков сияқты
ағалар, Мәриям Хәкімжанова,
Ақұштап Бақтыгереева, Сара Та-
набаева, Гүлбану Сарқұлова, Ұл-
дай Сариева секілді апа-қарын-
дастар біраз талдағасын, одан
әрі бөлшектеуді қажетсініп отыр-
ғаным жоқ. Бір-екі өлең қадір-
қасиетіне тоқталсақ, ақын жан
дүниесін, стилін, ерекшелігін иге-
рерміз деген жұбанышты ойымыз
бар. Мысалы: «Келер ұрпаққа»
деген 1941 жылы жазылған өле-
ңін алыңыз. Стилі жағынан ұлы
Абайдың «Өлсем орным қара жер
сыз болмай ма?» өлеңімен са-
рындас. Бірақ плагиаттық емес,
Абдолланың ерекше үні бар. Аға-
мыз өлең оқығыш адам, егіліп,
езіліп, құйқылжытып оқығанда
Мұхтар Әуезов ҚазПИ-дің үлкен
залына көтеріліп, романтик ақын-
ды алып құшағына алғанда, Орал-
дан, Қызылордадан ілесіп жүрген,
Алматыда қордаланған Абдолла-
ны «жылауық Лермонтов, күйре-
уік Байрон» деп сынаушылардың
бірден ауыздарына құм құйылса
керек.
Әу бастан, адам ұмытылғанмен
оның арманына Алла, бізше тағ-
дырына тәңірі иелік жасайды,
адамның істеймін дегені емес,
Алланың діттегені болады.
Кенеттен Ұлы Отан соғысы
басталды да, сол заманның жас-
тары соғыс диірменіне түсті. Аб-
долла Жұмағалиев бұл сынға да
әзір еді.
Ақмурзин Сәрсен аға (май-
дангер, 30-жылдардағы студент)
айтады: «Абдолла Қажым Жұма-
ғалиев құрған үйірменің жаны
болатын. Облыстық «Екпінді құ-
рылыс» газетінің әдеби тілшіле-
рімен қанаттаса өлең оқиды, қа-
ланың жиындарына қатысады.
Әдебиет десе, ішкен асын жерге
қоятын өршіл жастардың бірі бол-
ды ғой...»
Әбу Сәрсенбаев бұларға көп
қосқан: «Алматыдағы Маркс пен
Пастер көшелерінің қиылысын-
да, трамвай жолында 8-9 жастағы
екі-үш бала ойнап жүреді екен.
Бірде трамвай гүрсілдеп ойын
үстіндегі балалар үстіне келіп қал-
ған. Өзге балалар қашады да, бір
көзі көрмейтін ұйғыр баласы екі
қолын ебедейсіз созып, абдырап
қала берген. «Әу, басты!» дегенше
Абдолла ата жөнеліп, әлгі сәбиді
өлімнің уысынан жұлып алады».
Осыған бақсақ, ерлік Абдолланың
қанында бар екен ғой. Абдолла
Жұмағалиев 1941 жылы генерал
Панфилов дивизиясының Волока-
лам тас жол қорғанысына, Москва
үшін жан беріп, жан алу қасабына
тап болады. Лейтенант Григорьев
ротасы шегініп, орманға сіңіп кету
үшін ұрыс алаңындағы бір елеусіз
үйге Абдолла Жұмағалиев, Иван
Дунай және Әбіл Құндыбаевты
қалдырады. Бейғам, үрейсіз келе
жатқан фашистерді үшеуі бораған
оқ астына алады. Дұшпан көп,
бұлар небәрі – үш ноян. Әбіл
жараланды. Бір көк, екі қызыл
ракета жолағы көрінді. Абдолла
командир екі жаралыны аттанды-
рып, бір өзі ұрысты жалғастыра
береді. Албырт жастық пен өршіл
романтиканың әсері ғой, әйтпесе,
ептеп шегінсе, ешкім жазғырмас
еді. Жау үйді қоршап алады. Соңғы
патронды атып, соңғы гранатаны
жарып болғанша жан-жағы өрт үй
төбесі де опырылып түседі... Қарт
жауынгер, тамаша ақын, өзі де
патриот Әбу Сәрсенбаев жазады:
«Волокалам тас жолының үстін-
де түн қараңғылығын қақырата
сөгіп, күрең алау толқиды. Бұл -
ақын жүрегінің алауы. Ол ешқа-
шан өшпейді. Ол қызыл тудай
жайқалып, әділетті күреске ша-
қырады. Оқырман, сен де, тәжім
ет!..»
Ақын небәрі 27 жыл ғұмыр
кешсе де, бітіргені ғасыр жасаған
адамның еңбегімен бірдей. Бір
ғажабы сол 30-ға жетпей өлетін-
дер өмірге сұмдық ғашық және
ұлы істерді бітіріп тастауға қан-
дай құштарлықпен ұмтылады де-
сеңізші?! Отызға жетпей Шоқан
Уәлиханов 5 томдық ғылыми ең-
бек қалдырды, Абдолланың құрда-
сы Сұлтанмахмұт Торайғыров ХХ
ғасыр басындағы қазақ әдебие-
тінде нағыз төңкеріс жасады. Ал
қамшының сабындай қысқа тір-
лікте Абдолла Жұмағалиев 105
өлең, 16 аударма, 8 поэма-дастан,
әрқилы фрагменттер қалдырды.
Апырым-ай, өмір не деген қа-
тыгез десеңізші?! Абдолла сын
сағатта өрлік пен ерліктің шы-
найы үлгісін көрсетсе де, дүние-
жүзі прогрессивті халықтары
Абдолла ерлігі әлгі чех Юлиус
Фучик, Мұса Жалел қатарында
тұрса да, миллиондаған адамдар-
ды «үлкен», «кіші» халықтарға бөл-
ген орыс көсемдері Абдолла құ-
нын базар белгілейтіндей қылып,
Кеңес Одағының Батыры атағын
бере алмады. Енді осы олқылық-
ты ержүрек қазақ ақынын ресми
батыр атандырып, оны тәуелсіз
Қазақстан Республикасы түзесе,
жүдә, керім болар еді. Күнінде
Жазушылар одағында кеңесші бо-
лып жұмыс істеген жазушы, жер-
лесіміз Мұқадес Есламғалиев қа-
ламгер Әбу Сәрсенбаев ағамен
бірлесіп, Абдолла құжаттарын жи-
нақтап, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі
Президиумына берген болатын,
арғы тағдыры беймәлім. Күні ке-
ше «Егемен Қазақстанда» (8 сәуір,
2015 жыл) ақын-журналист Ғай-
сағали Сейтақ тағы бір өршіл үн
қатты. Билік өз қолымызда емес
пе, енді не күдік, не қорқыныш
болмақ?!
Сырым елі, жалпы Жайық
жұрты Абдолла шығармашылығы
жөнінде, оның мұраларының сақ-
талуы хақында тағы бір адамға
қарыздармыз. Әдебиетіміздің апа-
сы, текті тұқымның жұрнағы Мә-
риям Хәкімжанова төмендегіше
әңгімелейді: «Апатай, жөнеліп ба-
рамын. Мынау қозжазбаларым-
ның бірқатарын сізге аманат ет-
келі арқалай келдім. Тірі орал-
сам, өз қолыңыздан алармын,
мұқият сақтайды деп сенемін!..
Мен басымды изедім: «Өзіңдей
сен!». Ақын Мәриям Хәкімжанова
ақынның сол мұраларын бізге
жеткізді. Сондықтан жалынды жыр
өшкен жоқ, ерлікке толы ғұмыр
өлген жоқ!
Достарыңызбен бөлісу: |