қалпағы» әдісі бойынша құрастырылған тапсырмада берілген «Жастардың мәдениеті
көңілге қаяу түсіреді» мәтіні оқушылардың сыни тұрғыдан жауап беруіне, ойлау қабілеттерін
жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағытталды.
ЖАСТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТІ КӨҢІЛГЕ ҚАЯУ ТҮСІРЕДІ
Жұмыссыздық, баспана проблемасы, жас отбасылар жағдайы және тағы басқасы әрдайым
БАҚ беттерінде жазылып жүр. Мемлекетте жастармен айналысатын ұйымдар көп болғанымен,
аталған мәселелердің шешімі әлі де табылмай жатыр. «Бүгінде жастардың хал-ахуалы қандай?
Қазақ жастарын не толғандырады? Жастардың мәдениетке, жалпы ел дамуына қосар үлесі
қандай?» деген бірер сұраққа жауапты Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының
бастығы Санжар Боқаевқа жолдадық.
Мамандық таңдай алмайды
«Қазірде жастардың 47 әлеуметтік тобына көңіл бөлінбейді екен. Әр топтың өзіндік
проблемалары, өмірге деген бөлек көзқарасы, ұстанымы бар. Мемлекет тарапынан осы
топтарды зерттеп, жіктеп, мәселелерін қарауға бағдар жасалмаған. Қазір әрқайсысын зерттеп,
тыңғылықты жұмыс жасау керектігін назарға алдық.
Бүгінде Алматы қаласында 250 мың студент білім алуда. Оның ішінде 160 мың жастар
ЖОО-да оқып жүр. Білімгерлердің 74 пайызы – басқа өңірден келетіндер. Сол себепті
де жастар үшін ең басты мәселе – баспана. Студенттердің 49 пайызы ғана жатақханамен
қамтылған. Қазірде қанша жатақхана жеткіліксіз. Оқу жылы басталған уақытта жатақхана
берерде ақша сұрайтын мұғалімдер, болмаса әлеуметтік жағдайына қарамастан кезек күтіп,
тіпті ала алмай жатқан студенттерден әртүрлі шағымхаттар түседі. Яғни осының салдарынан
әртүрлі тәртіпсіздіктер орын алады. Түскен фактілер бойынша тексеру жүргізіп, университет
тарапынан шара қолдануын талап етеміз. Әзірге қолдан келетіні – осы. Бұл – бірінші мәселе.
Екінші мәселе жатақханамен қамтылған студенттердің әлеуметтік тұрмыстық жағдайы.
65
Жастар арасындағы келесі мәселе – жұмыссыздық. Жастардың жұмыссыз қалуының басты
факторы – олардың мамандық таңдай алмауында. Жұмыссыздықты зерттеу орталығында ІТ-
байланыс, телекоммуникация, радиотехника мамандықтарына сұраныс көп, маман жоқ. Ал
экономика, заң саласы бойынша мамандар жетіп-артылады да, жұмыс жоқ. Жақында Орталық
мешіттің жанында жұмыс жәрмеңкесін өткіздік. Жұмыссыз жүрген жастар ақшаның соңынан
еріп, түрлі теріс идеологиялық ағымдарға түсіп, жетегіне еріп кетеді. Сол себепті бұл шараны
мешіттің жанында өткізу керек деп шештік. Екі күнде 460 жұмыссыз жастың анкетасын алдық.
Байқағанымыз, әр үшінші жас азамат «Сіз кім болып жұмыс істегіңіз келеді?» деген сұраққа
жауап бере алмайды. Қай салада жұмыс істегісі келетінін білмейтін азамат, қайдан қызмет
іздеу керектігін біле ме?! Осы мақсатта Алматы қаласының әкімдігіне бес жылдық мамандар
дайындау жоспарын жасап, жұмыс нарығына бағытталған бағдарлама туралы ұсыныс бердік».
Мәтінді оқу арқылы:
«Ақ қалпақ» киген оқушы қажетті ақпаратты анықтап сөйлейді.
«Сары қалпақ» киген оқушы тақырыптың тиімділігін сендіре айтады.
«Қара қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша кемшіліктерді анықтайды.
«Қызыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша болжам жасайды.
«Жасыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша креативті, жаңа идеялар айтады.
«Көк қалпақ» киген оқушы тақырыпқа сараптама жасап сөйлейді.
Т2 сынып / оқу тілі- орыс тілі/ оқушыларына тапсырма мәтіннің мағынасына,
құрылымына, коммуникациясына қарай құрылды.
ПАТРИОТ ЖАСТАР БАРШЫЛЫҚ
І. «Қазіргі қазақ жастары патриот емес» дегенді аға- апаларымыздан жиі естіп қалып
жатамыз. Әрине бес саусақ бірдей емес, бірақ қазіргі заманның қазақ жастарында патриот
сезімі бар,баршылық деп айта аламын және көріп те жүрмін. Қазіргі қазақ жастары патриот,
бұл азаматтар отанын мылтықпен қорғамаса да ақыл ойымен қорғайды.
ІІ. Өз Отаныңды өзің қорғамасаң басқа біреу келіп сенің шекараңды күзетпейді.
Бірақ осы тыныштық заманның өзінде отансүйгіштік қасиетті насихаттай алуымыз керек.
Мылтықсыз майданның өзінде талай қазақ баласы алдыға суырылып шығып жатыр.
Соның өзі біз үшін, сіз үшін үлкен дәлел емес пе?! Патриот жастар баршылық. Қазақ
жастары патриот емес дегенге мүлдем келіспеймін, қазір еліміз аман, заманымыз тыныш
лайым солай болғай!
ІІІ.«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты —
Мен жастарға сенемін!!» демеді ме Мағжан сол кездің өзінде. Әрине париот жастарды
тәрбиелейтін аға буын және сол елдің халқы екені мәлім. Арбаның алдыңғы дөңгелегі қалай
жүрсе артқы дөңгелегі де солай жүреді емес пе? Жас буын аға буынға қарап бой түзейді, ой
түзейді! Қысқасы, қазақ жастары намысты қолдан бермейтін нағыз патриот жастар екеніне
күмәнім жоқ !
Оқушылар мәтін бойынша құрылған сұрақтарға жауап береді.
Сұрақ. Қайсыcы мәтін мазмұнына сәйкес?
1. Жастарда отансүйгіштік қасиет жеткіліксіз дейді
2. Бүгінгі таңда да жастар ерлік көрсетуде
А) Тек бірінші
Б) Тек екінші
С) Екеуі де дұрыс
Д) Екеуі де бұрыс
Сұрақ.
Қай абзацта қиындықтан қорықпау туралы айтылады?
66
5
А) І
В) ІІ
С) ІІІ
Сұрақ. Автор неге назар аударғысы келді?
А) жастар туралы ақынның ойына
В) жастардың тек үлгі алуына
С) жастардың елжандылығына
Д) жастардың сезімшіл болуына
Зерттеу барысында ата-аналармен, мектеп психологімен, кураторлармен кеңесіп, пән
мұғалімдерінен құнды пікірлер қабылданды. Зерттеу жұмысының барысын рефлексивті
журналға жазып отырдық. Бір – біріміздің сабақтарымызға қатысып, үш сыныпта бірге
жоспарланған сабақ өткіздік. Нәтижесінде зерттеуге алынған оқушымыздың сабаққа
қызығушылығы артып, белсенділігі артқаны байқалды.Бүгінгі күні зерттеу аясында
оқушылардың мәтінмен жұмыс жүйесін түсінуіне, оқыған мәтін бойынша автордың ойын жете
ұғынуына, өз пікірімен салыстыруына, мәтіннің мағынасын, құрылымын ажырату барысында
кездескен қиындықтарды анықтап, шешу жолдарын қарастыра білуіне қол жеткіздік.
Әдебиеттер тізімі
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.
2. «Жастардың мәдениеті көңілге қаяу түсіреді» // «Егемен Қазақстан» газеті, 2014.
3. «Патриот жастар баршылық»// «Егемен Қазақстан», 2014.
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА КОНЦЕПЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҮЙРЕНУШІЛЕРДІҢ
БІЛІМІН ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ПРАКТИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
Ахметова Р. М.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық өлшеулер орталығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Түйінді сөздер: формативті бағалау, кері байланыс, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау,
үздіксіз үрдіс, оқуға уәждеу, оқытуды коррекциялау, интерпретациялау.
Ключевые слова : формативное оценивание, обратная связь, взаимооценивание,
самооценивание, непрервыный процесс, мотивация к обучению, коррекция обучения,
интерпретация.
Кey words: formative evaluation, feed-back, mutual evaluation, self assessment, continuous
process, motivation to learn, the training of correction , interpretation.
Аңдатпа
Бұл мақалада деңгейлік Бағдарламалар аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру
курстарында эксперт-тренер жұмыстарындағы формативті бағалаудың мақсаты мен
теориялық- практикалық мәселелері туралы айтылады. Эксперт тәжірибесінде қолданылған
формативті бағалау амалдары көрсетіліп, қазіргі жаһандану жағдайында білім беруді түбегейлі
жаңғыртудағы ФБ маңыздылығы сөз етілмек.
67
Аннотация
В данной статье излагаются теоритико-практические основы формативного оценивания
знания обучающихся в рамках уровневых Программ повышения квалификации учителей в
деятельности эксперта-тренера. Также ведется речь о использованных подходах формативного
оценивания в практике эксперта и о значимости формативного оценивания в современных
условиях модернизации образования.
Abstract
This article refers to the theoretical and practical basics of formative assessment of teachers`
knowledge in the level course of teachers`professional development program in the activities of
experts and trainers. Speech is also conducted about the approach used in the practice of formative
assessment and the importance of formative assessment in the present conditions of education
modernization.
Егер «оқыту – «жеке уәжі мен қажеттілігін» көрсететін оқушының өз күшіне байланысты
ішкі үрдіс»деп белгіленсе, ал сол «оқыту нәтижесі-жеке (білім, қабілет, дағды) тәжірибе
элементтері» (В.А.Якунин) болса, бағалау (ағыл. – аssessment «көлемді анықтау, көбіне налог
көлемін»; бұдан бұрын sed/ sit – отыру (судьяның қасында отырып ақпаратпен көмектесу)
деген мағынаны білдіреді [1,6-б.] екен.
Бағалау бұл оқыту нәтижесін терең түсіну үшін оқушылардың білімі мен түсінігін және
сол білім мен түсінікті қалайша қолданғаны туралы түрлі ақпаратты жинау және талдау үрдісі
[2, 25-б.].
Үйренуші емес оның жұмысы бағаланып, сол жұмыстың қателіктерінен гөрі
жетістіктеріне назар аударылатыны естен шығарылмауы қажет деп ойлаймын.
Бағалау не үшін қажет дейтін болсақ:
Біріншіден, оқыту мақсатын анықтау және табыс критерийлерін білу үшін;
Мұғалім жұмысында әр оқушынының жеке даму траекториясын жетілдіруге :
-оқушыға болашақ оқуы туралы ақпарат беру (білімінің осал тұстарын анықтап, нені
жетілдіру қажет екендігі туралы)
-өзін өзі бағалау дағдыларын жетілдіру
-үнемі оқушылармен кері байланыс орнату
-оқушыларды әрі қарай мақсатты оқуға уәждеу [3, 57-б.].
Жалпы оқыту сапасы білім беруді өлшеп, ондағы шешілмей тұрған мәселелерді
анықтай алып, оқыту үрдісін жетілдіре алатын тиімді бағалаудың жүзеге асырылуы арқылы
анықталады. Оқыту нәтижесіне жету, оның оқыту мақсатымен байланыстылығы, жалпы
педагогикалық үрдістің толықтай жүзеге асырылуы бағалау жүйелігі мен оған жаңаша
көзқарасты қажетсінеді. Бағалауға жаңаша көзқарас, әрине, білім берудегі жаңа стратегиялық
міндеттерге және қазақстандық білім беру сапасының деңгейін халықаралық стандарттар
мен қазіргі жаһандану жағдайындағы талаптарға сәйкестендіру қажеттілігінен туындап отыр.
Бұл дегеніміз мектеп бітірушілердің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру
мақсатын көздеген қазақстандық мектеп оқушыларын бағалаудың объективті біріңғай
талаптарын қанағаттандыруға әкелетіні сөзсіз. Дәстүр бойынша бағалау шынайы оқыту
нәтижелері мен жоспарланған оқытудың мақсаттарының арақатынасының белгісі. Бағалаудың
негізгі функциялары: анықтау, ақпарат алу, бақылау, реттеу. Қазіргі мектептердегі бағалау бұл
функцияларды толықтай атқара алу үшін бағалауға жаңаша көзқарас туындайды. Ақпараттық -
технологиялық құзырлылыққа, проблемалы-бағдарлылыққа, диалогтық және коллаборативті,
cыни тұрғыдан ойлауға үйрету сияқты қазіргі заманғы әлеуметтік-сындарлылық идеяларына
68
5
негізделген педагогикалық тәсіл бағалаудың да инновациялық жаңа моделін талап етеді.
Үйренушілер үшін олардың қай мақсаттарға жеткісі келетінін білу маңызды, ал ол мақсатқа
жету өлшемдерін түсінуді талап етеді. Жаңа талапқа жауап беретін бағалау, өлшемдері
анықталынатын, критериалды бағалау болып табылатыны қазіргі жаңаша білім беру аясында
өз орнын алуда. Бағалау мақсаты тексеру емес, оқытудың қиындықтарын анықтап, әрі қарай
оқыту үшін шешім қабылдап, түзету және үйренушілердің оқытудағы өрлеуін, жетістіктерін
бақылап, бағалау. Дәстүрлі бағалау бұл мақсаттарға толықтай жауап береді деп айту қиын.
Ашкрофт және Фореман-Пектің (1994:54) пікірі бойынша: «...өрлету туралы ой (формативтік)
немесе оқушының оқудағы жетістіктері (суммативтік бағалау)».
Білім берудің жаңаша концепциясы оқыту үдерісінде әр үйренушінің оқуы барысындағы
жеке қиындық- кедергілерін жеңуіне шоғырланып, белгілі бір дағды мен құзырлылықтың
қалыптасуын бақылап отыратын жаңаша бағалауды талап етпек. Суммативті бағалау
сертификация бойынша шешім шығару мақсатында қолданылып, ол қойылған баға туралы
аз ақпарат береді. Бұл бағалау формальді болып, шынайы білім деңгейін анықтауға мүмкіндік
бермей, бұдан әрі қарай үйренушіге нені жетілдіру қажетттігін, жалпы оқушының дамуына
мүмкіндік бар ма, оны анықтамайды.
Қазіргі жаһандану жағдайында оқытудың олқы болған
аспектілерін жоюға көмектесетін, оқыту үдерісін жекешелендіретін, үйренушілерді өз
бетімен білім алуға уәждейтін бағалаудың ұтымды амалының қажеттілігі туындамақ.
Осындай амалдардың бірі формативті бағалау немесе « оқыту үшін бағалау» болып отыр.
Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері «...формативті бағалау үдерісінің едәуір
дамуына және оны оқыту мен оқуды қолдау үшін пайдалану мүмкіндігіне ықпал етті»[3,13-б.].
Формативті бағалау үрдісі мұғалімдер біліктілігін арттыру жүйесін түбегейлі қайта түлетудің
басты тетігі болып отыр. Мұғалімдер мен олардың біліктілік арттыру жүйесі алдында білім
беруді бағалауды үнемі жетілдіру талаптары тұр. Басты мақсат -үйренушілердің дағды және
құндылық тиімділігін бақылап, соның негізінде мұғалімнің оқуының табыстылығы арқылы
оқушыларды «тәуелсіз, өзін-өзі уәждемелейтін, қызығушылық таныта білетін, сенімді, жауапты,
сыни ойлай алатын... оқушы бола білуге үйрету». Бағалау үшін оның басты қағидаларын:
обьктивтілік, әділдік, барабарлық, сенімділік, анықтылықты және бағалау критерийлерін
жетік білу маңызды екені деңгейлік Бағдарлама курстарын бағалаудың басты қағидаттары.
Осыған орай эксперт- тренер мақсаты - жас ұрпаққа білім беру үдерісінде дәстүрлі әдістердің
тиімді жақтарын пайдалана отырып, әлемдік оқу стандартына сай, мұғалімдерді оқытудың
жаңаша әдістеріне көшуіне көмек-қолдау көрсету.
Формативті бағалау бұл үздіксіз, мақсатты оқушынының оқуын бақылау үдерісі. Бұл
сондай ақ «ресми емес», әдетте (баға қоймайтын) бағалау болып табылады. Бұл бағалау
критерийлеріне негізделіп, кері байланыс алуды қарастырады. «Егер бағалау нәтижесі
анықталған қажеттіліктерді ескеріп, оқыту үрдісін жақсарту мақсатында қолданылса, онда
ол «формативті» бағалау болады» [4, 108-б.]. Формативті бағалау мақсаты оқыту үрдісінде
үйретуші мен үйренушінің жұмысын коррекциялап отыру. Ол эксперт/тренер алдына
үйренушімен бірлесе отырып оқыту нәтижесін жақсарту мақсатын қояды. Осылайша
формативті бағалау мұғалімге/тренерге үйренушінің оқыту мақсатына қалай жеткенін
қадағалауға және оқыту үрдісін үйренушінің қажеттілігіне сәйкес өзгертуге мүмкіндік туғызса,
ал үйренушінің өз оқуы үшін жауапкершілігінің жоғары екендігін сезіндіреді. Біліктілік
арттырудың Кембридждік тәсілі аясындағы педагогиканың элементі іспетті формативті бағалау
оқытудың ажырамас бөлігі ретінде түрліше функцияларды атқарады. Формативті бағалаудың
екі функциясын белгілесек, олар: суммативті бағалау кезіндегі оқыту нәтижесінің сапасын
анықтау және табысты қорытынды бағаға жету барысындағы формативті бағалау кезіндегі
аралық нәтижелерді анықтау.
«Бағалау Реформасының Тобы (2002а) оқыту үшін бағалауға мынадай анықтама береді:
69
Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,
қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін
оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі»[3,
58-б.]. Формативті бағалау негізінен рефлексивті бағалау болып отыр және ол үнемі тренер-
мұғалім немесе эксперт- тренер кері байланысы арқылы мәліметтерге сүйене отырып, оқыту
амалдарының жетілдіріліп, кіріктірілуі. Формативті бағалауда білім алушы білім берушімен
бірге өз оқуын өзі де бағалай алып, белсенді оқу позициясында болады. Осылайша өз оқуы
үшін үйренуші өзі де жауапты. Бұл формативті бағалаудың өзара бағалау түрлері арқылы
жүреді. Формативті бағалау сондай-ақ «оқыту үшін бағалау» ретінде анықталған. Блак и
Вильямс зерттеулеріне сүйенсек, тиімді формативті бағалау
• тренер-эксперт оқыту және оқуды коррекциялағанда;
• үйренуші кері байланыс алып, өз оқуын одан әрі қалай жетілдіру керектігі туралы
кеңес ала алғанда;
• өзара және өзін өзі бағалауы үрдісіне үйренуші қатыстырғанда іске асырылады
Формативті бағалау үрдісіндегі шешуші фактор-оқыту дәлелдерін анықтаудағы алынған
ақпарат, қолданылған әдістері мен техникаларына қарамастан, оқыту методикасын одан әрі
жетілдіруге көмектеседі [4, 109-б.].
Формативті бағалау нәтижесінде тренер/эксперт оқыту жетістіктерін айқындап,
талдайды. Үйренушілердің білім деңгейлері, нені түсінгендері мен түсінбегендері, нендей
білім алған, алмағандары, қандай дағды қалыптасып, әлі де қалыптаспағандары анықталады.
Оқытуды бақылау нәтижесінде алынған дәлелдер интерпретацияланып, формативті пікірлер
арқылы оқыту нәтижесінің себебі түсіндіріледі. Формативті бағалау нәтижесін түсіндіру
(интерпретациялау) осы оқытудың олқы тұстарын жоюға әкеледі. Бар білім мен қажетті
білім арасындағы олқылықтарды жою, оқыту материалын меңгеру деңгейін анықтау бойынша
кері байланыс алу арқылы іске асырылады. Оқуда тиімді табысқа жету үшін кері байланыс
қажет. Ол тренерге де, мұғалімге де, экспертке де қажет. Кері байланыс үйренушіге жоғары
жетістікке жетуге көмектеседі. Hattie and Timperley (2007) ойынша, кері байланыста қандай
құралдар қолданылғандығына қарамастан, ол оқушы үшін үш басты сұрақтарға жауап беруі
тиіс [5, 50-б.]:
• Оқытуда мен қайда өрлеп барамын? (оқыту мақсатым қандай?)
• Оқытуда қалайша өрлеп барамын? (оқыту мақсатына жету үшін қалай алға жылжып
келемін, қандай жетістігім бар?)
• Болашақта нені оқуым қажет? (оқытуда озық жетістікке жету үшін қандай әрекет
жасауым қажет?)
Сонымен кері байланыс оқу үрдісін жетілдіру үшін қолданылады. Кері байланыс
нәтижесінде тренер/эксперт үйренушілердің қажеттілігін өтеуге арналған жұмыстарды
жоспарлайды. Үйренушілерді өзін өзі бағалатуы арқылы да эксперт/ тренер өзінің оқуы мен
оқытуын коррекциялап, лайықты деп санаған оқыту әдістері мен стратегияларын таңдамақ.
Формативті бағалаудың соңғы циклі үйренуші қазір қай жерде тұр және болашақта оқыту
нәтижесінде қай жерде болуына кедергі келтіретін оқытудың анықталған олқы тұстарын
жою немесе жетілдіру болып табылады. Бір жетілу аймағы толықтырылып жетілген соң жаңа
жетілу аймағы пайда болып, цикл жаңғыра береді. Формативті бағалаудың функциясы оқыту
және оқудың әдістерін жетілдіру арқылы білім беруді жақсарту. Бұл үздіксіз білім беруде
тренер/экспертке үйренушіден кері байланыс алу арқылы қазіргі білімі мен алуға тиісті
білімі арасындағы оқытудағы олқылықтарды толықтыруды қамтамасыз етеді. Сондай- ақ,
оқытуда ілгерілеу барысында бір олқылығы жойылса, келесі олқылық туындауы әбден мүмкін.
Осылайша олқылық жойылып, оқытудың келесі кезеңінде өткен сайын білім толыға түспек.
[6, 52-б.] Бұл циклді үрдіс: ФБ
–талдау-ФБ-рефлексия-ФБ осылай жалғаса береді.
70
5
Сындарлы кері байланыс алынатындай формативті бағалау үрдісінің толыққанды
болуы аудиториядағы үйренушілердің жеке оқыту қажеттілігін қанағаттандыратындай
псхологиялық- педагогикалық жағымды оқыту атмосферасының орнауында болмақ. Сонымен
формативті бағалау мақсаты оқыту материалын жүйелі, жоспарлы түрде жүзеге асыру және
тренер/мұғалім стандарттары мен бағалаудың түйінді критерийлеріне сәйкес оқытудың түпкі
нәтижелерін үнемі бақылап, бағалай отырып, суммативті бағалау нәтижелерін жақсарту болып
отыр. Бұл мұғалім- тренер- эксперт портфолиоларына қатысты жүргізілетін формативті бағалау
болса, тәжірибені жақсартуды көздеген формативті бағалау үздіксіз процесс деуге болады.
Формативті бағалау әдістері негізінен:
• күнделікті тәжірибеде:сабақ/ сессия үстінде, кәсіби кеңес, кері байланыс беру кезінде;
• мұғалім үшін тренер/ эксперт үшін де түсінікті болып,
• ауызша және жазбаша түрде қолданылады.
Формативті бағалау техникалары бағалау мәнмәтінінде түрлі жеке және топтық бағалау
әдістері мен стратегиялары арқылы жүзеге асырылады.
Эксперт мұғалімдерді тренердің оқытуы арқылы бақылап, тренерлерді бағалау арқылы
жүргізеді. Тренерлердің мұғалімдерді оқытуын бағалау тәжірибені бақылау арқылы іске
асырылады. Тәжірибені бақылау тренингтік сессияларға қатысу арқылы жүрзеге асырылады.
Жалпы формативті бағалаудың тренер/эксперт жұмысындағы негізгі қолданыс бағыттары:
• тренингтік сессияны(оқыту/бақылау) барысында
• мұғалім/тренер портфолиосын жасақтау барысында
• мұғалімдер таныстырылымын жасақтау барысында және таныстырылымнан кейін
• тренерге/мұғалімге кері байланыс беру арқылы
Сонымен бірге коучингтік амалдарын қолдану тренер/эксперт жұмысының формативті
кезеңіндегі жеке кеңес беруде тиімді тәсіл екендігін айтып кету қажет. Тренерге/мұғалімге
кері байланыс, кеңес беру кезеңдерінде үйренушінің ойын қозғау мен қолдауда сыни сындарлы
сұрақтарды қолдану мен тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктерін білу де маңыздылыққа
ие.
Портфолионы және портфолио бөлімдерінің Таныстырылымын формативті бағалау
тренингтік сессия барысында Бағдарламаға сәйкес жоспарлы жүзеге асырылады. Деңгейлік
Бағдарлама курстарында оқытудың бірінші бетпе -бет кезеңінде формативті бағалау
Бағдарламаның негізгі идеяларын меңгеруге байланысты жүргізілсе, онлайн кезеңінде мектепте
практика кезіндегі рефлексивті тәжірибеге байланысты жүріп, екінші бетпе -бет кезеңінде
портфолио мен таныстырылымды жасақтау барысында іске асырылады. Сонымен формативті
бағалау деңгейлік Бағдарлама курстарында оқытудың барлық кезеңінде іске асырылады.
Тренердің тәжірибесін бақылап, қолдау көрсету мақсатында тренингтік сессияларға
қатыстып, тренер тәжірибесі мен мұғалімдердің оқуы бақыланады. Әр тренердің жетілдіруді
қажетсінетін тұстары мен мықты тұстары тренер стандарттарына сәйкес анықталады.
Белгіленген бағалау критерийлеріне сәйкес әр тренердің сессияны жоспарлауы қалайша
құрылымдалып жасақталғаны, оқыту мақсаты мен міндеттері, жоспарланған әдіс амалдардың
оқыту нәтижесімен байланыстылығы және пайдаланылған ресурстық материалдардың оқытуда
қалайша қолданғаны формативті бағаланады. Тренерлердің алдарында отырған мұғалімдердің
оқуға қалай ынталандыратыны, тиімді әдістерді қалайша интерпретациялап қолданатыны және
сабақ барысында үйренушілерге көрсеткен қолдауы бақыланып, формативті пікірлермен кері
байланыс беріледі. Сонымен тренердің сабақ беруі ғана емес сессия барысында мұғалімдердің
оқуы, түсінуі, қабылдауы, қалайша білім алғандығы, тапсырмаларды орындау белсенділіктері
мен шығармашылық әлеуеттері, сабақ үдерісіне белсенділікпен қатысу бақыланады. Сондай-
ақ оқыту мен бағалау бірге жүретіндіктен, мұғалімдердің өзара формативті бағалау әдістеріне
қалайша тартылатыны қаралады. Тренингті бақылау барысында анықталған тренердің
71
тәжірибесінің мықты жақтарын одан әрі қарай дамыта түсуге және әлсіз тұстарын жетілдіру
жөнінде сындарлы ұсыныстар жазбаша және ауызша беріледі. Тренерлерге сессия бойынша
кері байланысты сыни- сындарлы сұрақтар қоюдан бастап, жетелеуші сұрақтар арқылы
тренерге өз проблемасын өзі табуына, өткен үрдіске қайта оралып, ойлануына мүмкіндік беру
маңызды. Кәсіби әңгімелесу жүріп, тренерлерде өз ойларын еркін айтып екі жақты пікір алысу
орын алмақ. Тәжірибені формативті бақылау амалдары экспертке тренерлердің қажеттіліктерін
анықтап, қолдау бағытын, олардың Бағдарлама идеяларын мұғалімдерге игерудегі кездескен
қиыншылықтары немесе жетістіктері жөнінде ақпарат береді. ФБ үшін табыс критерийлері
арнайы тағайындалған тренер стандарттарына негізделген форма бойынша жүргізіледі де
соңынан ұсыныстар беріледі.
Оқытудың деңгейлік Бағдарламаларын енгізу мұғалімнің оқыту мен бағалау тәжірибесіне
түбегейлі өзгеріс енгізді. Бағалауға жаңаша көзқарас білім берудегі жаңа стратегиялық
міндеттерге және қазақстандық білім беру сапасының деңгейін халықаралық стандарттар
мен қазіргі жаһандану жағдайындағы талаптарға сәйкестендіруі тиіс. ФБ үрдісі «қара жәшік
ішіндегі жұмыс» бойынша оқытуды жақсарту тәжірибеде төмендегі факторлардын тұрады
және іске асырылады:
• ФБ тәжірибені бақылау арқылы оқу мен оқыту туралы ақпарат беретіндей сапалы
алынған шынайы деректерге сүйеніп өтіледі
• ФБ бойынша берілген кері байланыс оқытуды жақсартуды мақсат қылып ауызша
және жазбаша беріледі
• Үйренушілер де бағалауға қатысып, келесі даму қадамдарын айқындап, жоспарлауға
мүмкіндік алады.
Сонымен білім берудің жаңаша концепциясы оқыту үдерісінде әр үйренушінің оқуы
барысындағы жеке қиындық- кедергілерін жеңуіне шоғырланып, белгілі бір дағды мен
құзырлылықтың қалыптасуын бақылап отыратын жаңаша бағалау формативті бағалау болып
отыр. Сондай-ақ оқыту үшін бағалаудың басты назары оқыту мен оқуды жетілдіруде кездесетін
проблемалардың шешімін бірлесіп табу. Формативті бағалау мектеп оқушыларын оқытуда өте
қажет бағалау екені түсінікті. Егерде оқушыға оның белгілі деңгейге жеткендігін тек айтып
қана қойса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеседі
деп айту екі талай. Ал егер оқушымен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін
және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасалса, онда бұл оған өзінің нәтижесін жақсарту
үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Осы тұрғысынан жиынтық бағалау
басты болып табылмайды және мұғалім оларға негізделген мәліметтерге (бақылау және
интерпретация) қайтып оралады. Одан кейін мұғалім бұл мәліметтер оқушының оқу деңгейін
қалай анықтайтындығы туралы, оған қандай деңгейге жету керек және мұны қалай жасау керек
екендігі туралы формативті бағалау жасайды. Бұл үйренушінің білім алу барысын мейілінше
жақсартатыны анық.
Формативті бағалау білім беру саласының барлық сатыларында қолданылатын
бағалаудың ең тиімді формасы деп айтуға әбден болады.
Достарыңызбен бөлісу: |