Образование: исследование устойчивое развитие


Ауызша берілген кері байланыс



Pdf көрінісі
бет123/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126

Ауызша берілген кері байланыс

Жазбаша берілген кері байланыс

Кеңейтілген, толық немесе қысқа, кеңейтілмеген 

(«жақсы», «жарайсың», «дұрыс», «дұрыс емес») т.с.с.

Жазбаша пікірлер, комментарийлер, 

рефлективтік  есеп, эссе, мәдени күнделік 

жүргізу т.с.с.

Кері  байланыстың  қай  түрі  болмасын,  тренер  (мұғалім)  мыналардың  маңыздылығын 

үнемі есте сақтауы керек:

•  Мұғалім (оқушы) нені жақсы орындағанын белгілеп отыру;

•  Қателіктер  болған  жағдайда  тренерге,  мұғалімге  (оқушыға)  өзінің  жұмысын 

жақсартуға байланысты нақты ұсыныс беру.

Деңгейлік  курс  кезіндегі  тренинг  барысында  кері  байланыс  нәтижесі  бойынша 

оқыту  үдерісін  жақсарту  мақсатында  мұғалім  іс-әрекетіне  түзетулер  енгізіледі.  Күнделікті 

рефлексиялар,  жазбаша  комментарийлер,  бақылау,  сындарлы  және  фронтальды  сұрақтар, 

эсселер,  мәдени  күнделік  жүргізу,  өзін-өзі  бақылау  дәптерлері  және  т.б.  кері  байланыс 

құралдары болып табылады. 

«Деңгейлі бағдарлама аясында дайындықтан өткен барлық тренерлер тыңдаушылардың 

қажеттіліктеріне, білім беру жоспарларының талаптарына жауап беретін, оқыту мен оқудағы 

жаңа тәсілдерді қамтитын келісілген оқу бағдарламаларын жоспарлайды» [3, 10-б.]. 

Тренерге тізбектелген сессияларды жоспарлауға қолдау көрсету мақсатында бақылауға 

дейінгі сұхбат кезінде жоспарлау бойынша эксперт тарапынан формативті пікір ұсынылады.


824

5

Мұғалімдерге,  тренерлерге  арналған  стандарттар  оқыту  мен  оқу  қағидаттарын  және 

оларды  Бағдарлама  аясында  іс  жүзінде  қолдану  тәсілдерін  зерделеуге  негіз  болып  отыр. 

Тренерлердің практикасын бақылау жолдары арқылы тренерлерге кеңес беру, өз практикасы 

мен  білімін  дамытуға  қолдау  көрсету,  тренерлер  мен  мұғалімдердің  стандарт  талаптарына 

сәйкес келуіне көмектесу мақсатында тізбектелген сессиялар бақыланады. Тренердің оқыту 

тәжірибесіне  қолдау  көрсету  мақсатында  конструктивті  пікірмен  қамтамасыз  ету  үшін 

тренердің оқытуына формативті пікір ұсынылады.

Тренерлердің сабағы эксперттің бағалау құралына сәйкес  Жоспарлау, Оқыту, Оқу, Бағалау 

деген  төрт  критерий  бойынша  қадағаланып,  бағаланады.  Уақыт  өткен  сайын  практиканы 

бақылау кезінде тренерлер тәжірибесінің байығаны, формативті бағалаудың түрлі тәсілдерін 

қолданатыны көрініс табуда. Бірін-бірі бағалау, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, ауызша және 

жазбаша  кері  байланыстың  түрлі  құралдары  қолданылады.  Кейбір  тренерлердің  өзінің  кері 

байланысын  сызба,  схемалар  арқылы  визуалдандырып  ұсынуы  үйренушілердің  тиімді 

қабылдауына ықпал етеді. 

Ауызша  және  жазбаша  кері  байланыс  оқытудың  кез  келген  бөлігінде  қолданылады. 

Ауызша  кері  байланыс  кезінде  мұғалімдер  Бағдарлама  ресурсында  берілген  сыни  ойлауға 

жетелейтін сұрақтарды басшылыққа алады және тренер тарапынан да сындарлы, формативті 

сұрақтар  беріледі.  Мәселен,  бақыланған  сабақтардан  мысалдар  келтіретін  болсақ:-Коучинг 

тақырыптары  мектепті  дамыту  жоспарындағы  басымдыққа  сәйкес  келе  ме?  Коучинг 

пен  тәлімгерліктің  тиімділігін  қалай  анықтадыңыз?  Келешекте  қалай  қолдау  көрсетесіз? 

сипатындағы  сұрақтар қойылды.

Гиббс пен Симпсон (2002) оқуды қолдайтын формативтік бағалаудың он бір талабының 

жетеуі  пікірлерге  негізделенгенін  айтады  [4,  35  б.]  Кері  байланыс  әрекетін  жүзеге  асыру 

мақсатында мұғалімдер ортаға салған әріптестерінің жұмысына жазбаша пікірлерін білдіреді. 

Үйренушілер  әріптесінінің  жұмысына  және  өзіне-өзі  баға  берген  кезде  тренер:-Басқа 

әріптесіңіздің есебін оқып отырып, өзіңіз не үйрендіңіз? немесе -Сізге әріптесіңіздің берген кері 

байланысы қаншалықты пайдалы болды? деген сұрақтар қоя отырып,  мұғалімдер үшін берілген 

тапсырмалардың  тиімділігін  анықтай  алады.  Профессор  Джон  Хэттидің  кері  байланысқа 

қатысты зерттеуі көрсеткендей, пікір кез келген басқа факторға қарағанда жетістіктерге жету 

үшін үлкен ықпалға ие және келесіні айтады: «Пікір оқушылардың үлгеріміне ықпал ететін ең 

қуатты факторға ие» [4, 35-б.].

Сонымен қатар, сабақ соңында берілген стикерлерге әр мұғалімнің өзінің қандай нәтижеге 

жеткенін  көрсетіп,  сабақтың  сәтті  және  сәтсіз  тұстарын  саралап,  сұрақтарын  беруі  арқылы 

сабақтың қорытындылануы жалпы барлық тренингтерге тән рефлексия.

Мәселен, бақыланған тренингтердің бірінде тренер көшбасшы ретінде оқытуды басқара 

алатынын,  топта  ынтымақтастық  қарым-қатынасқа,  жоғары  мәдениетке  негізделген  оқыту 

ортасын құра білетінін, өзінің белсенділігі өте жоғары, кері байланыс берудің түрлі тәсілдерін 

қолданатынын көрсетті. 

Дегенмен, үйренушілердің кері байланыс беруде әлі де сындарлы (конструктивті) пікір 

бере  алмай  жатқандығы  көрінді.  –  Сіздің  осы  тақырыпқа  қатысты  көп  еңбектенетініңізге 

қарамастан,  бұл  мәселенің  туындауы  неліктен?  деген  эксперт  сұрағына  бір  тренер:  -  Кері 

байланыс  беру  сыни  ойлаудың  жоғары  дағдысын  талап  ететіндігін,  мұғалімдерде  әлі  де 

болса  қалыптасқан  дағдының  жетіспей  жатқандығын  дәлел  ретінде  ұсынды.  Тренерге 

болашақ практикасында мұғалімдердің кері байланыс бере алуын жетілдіру мен белсенділігін 

арттыру қажеттілігі жайында ұсыныс айтылды.  Бұл – тренингтерді бақылау барысында өте 

жиі айтылатын ұсыныс: не тренердің тарапынан берілетін ашық, сындарлы сұрақтардың аз 


825

қойылуы немесе мұғалімдердің сындарлы сұрақтар мен ұсыныстар беруде қиналатыны барлық 

деңгейлердегі тренерлер мен мұғалімдер үшін әлі де ойлануды қажет ететін ортақ мәселе. 

«Возможно,  самый  важный  навык  для  любого  тренера  –    умение  давать  обучаемым 

эффективную обратную связь относительно результатов их работы на тренинге» деген Тим 

Расселдің пікірінше, кері байланыс тиімді тренингтің түйінді элементі [5]. 

Тим Рассел кері байланыстың төмендегі он ережесін ұсынған:

1.  Кері  байланыстың  теңгерімді  болуы.  Оқушылар  кері  байланыстың  жаңа  игерілген 

дағдыларды  қолдау  немесе  қолданыстағыларды  жақсарту  үшін  қажет  екенін  білуі 

тиіс.  Кері  байланыс  шын  мәнінде  назар  аударарлық  нәрселерге  қатысты  болып, 

жағымды және жағымсыз пікірлер айтуда тепе-теңдік сақталуы тиіс.

2.  Кері байланыстың нақты болуы. Тренер шын мәнінде не болғанын белгілеп, нақты 

детальдарын атап өткен жөн.

3.  Кері  байланыстың  объективті  болуы.  Кері  байланыс  шын  мәнінде  болып  жатқан 

фактілерді, осы оқиғалардың жағымды және жағымсыз әсерлерін қамтуы тиіс.

4.  Кері байланыстың орынды болуы. Тренингте үйренушілер нақты қандай дағдыларын 

жетілдіріп жатқанын біледі, сондықтан осы дағдыларға қатысты кері байланыс алуы 

керек.


5.  Кері  байланыстың  түсінікті  болуы.  Тренер  кері  байланыс  беру  кезінде  кәсіби 

терминдерді абайлап қолданғаны,  тілінің түсінікті болғаны жөн.

6.  Үйренушінің көзқарасы мен мүмкіндіктеріне сай келуі. Кері байланыс сәтті болуы 

үшін тренингке қатысушылар ұсынылған тәсілмен жұмыс істеуге келісілген болуы 

керек.

7.  Алдыңғы  кері  байланыспен  салыстыру  мүмкіндігінің  ескерілуі.  Ағымдағы  жұмыс 



нәтижелерін алдыңғы әрекетпен қайта салыстыру мүмкіндігі болған жағдайда ғана 

прогресті бақылауға болады.

8.  Іс-әрекет жоспарын қамтуы тиіс. Үйренушілерге олар пайдалана алмайтын ақпарат 

ұсынудың  маңызы  болмайды.  Кері  байланыс  мақсаты  -  адамға  бір  нәрсе  үйренуге 

және зерделеуге көмектесу, сондықтан кері байланыс тек жетілдіру қажет мәселеге 

ғана назар аудару емес, сүйенетін әрі келісілген іс-шаралар жоспарын да қамтиды.  

9.  Жеткілікті болуы. Тренер табысы мен сәтсіздіктерін талдай отырып, әр қатысушыға 

жеткілікті уақыт бөлуі керек. 

10. Кері  байланыс  барысында  ұсыныстың  иерархиялық  тәртіппен  берілуі.  Пікірлердің 

иерархиялық  тәртіппен  берілуі  дегеніміз,  ең  маңыздылары  бірінші  кезекте  болып, 

содан кейін аз көңіл бөлінетініне ауысу [5, 30-б.]. 

Кері байланыс ұсыну тренердің негізгі және ең күрделі дағдыларының бірі десек, оған 

қол жеткізу үшін аталған ережелерді ескере отырып, жаттығудың ықпалы болуы тиіс .

Сонымен қатар, тиімді кері байланыс ұсынуда Бағдарламаның негізгі идеясының өзегі, 

мәйегі  болып  табылатын  сыни  ойлауға  жетелейтін  сұрақтар  қоя  білу  аса  маңызды.  Ал  осы 

дағдыны  дамытуда  тренер,  мұғалім,  оқушы  арасындағы  циклдік  үдеріс,  үздіксіз  байланыс 

мықты  болса  ғана  нәтиже  болмақ  және  бағдарламаның  негізгі  миссиясы  орындалмақ.  Осы 

тұста эксперттің де өзіндік үлесі болуы шарт. Эксперт кері байланыс кезінде ашық та сындарлы 

сұрақтар  қоя  білудің  үлгісін  өз  іс-әрекетімен  көрсеткені  абзал.  Эксперт  сабақты  бақылауға 

дейін және сабақтан кейінгі кері байланыс барысында тренерлермен құрылымдалған сұрақтар 

бойынша  кәсіби сұхбат жүргізеді. 


826

5

Кәсіби сұхбат үлгісі



Сабақты бақылау алдындағы сұхбат

Бақылаудан кейінгі сұхбат

1. Бүгінгі бақыланатын сабақтың тақырыбына, топтың 

ерекшелігіне сәйкес жоспарлауыңызға қатысты қысқаша 

айтып берсеңіз... 

2. Сабақтың мақсаты қандай? 

3. Үйренушілер осы сабақтан нені біліп шығулары 

керек? Күтілетін нәтиже қандай?

4. Сіздің рөліңіз қандай болмақ? Оқытудың қандай 

әдістерін қолданасыз?

5. Үйренушілерге осы сабаққа қатысты дайындалуға 

ресурстар бер ресурстар берілді ме?

6. Өткен тақырыппен байланысы бар ма?

7. Бүгінгі сабақ сіздің оқытуыңыз үшін әдеттегідей бола 

ма Олай болмаса, несімен ерекшеленеді?

8. Менің неге көңіл аударғанымды қалар едіңіз?

1. Бүгінгі сабағыңызды қалай өтті деп 

бағалайсыз? 

2. Сабақтың мақсатына сәйкес үйренушілер 

әрекеті туралы пікіріңіз қандай? 

3. Сіздің ойыңызша, сабағыңыздың  сәтті және 

сәтсіз өткен тұстары?

4. Сіздің оқытуыңыздың мықты жақтары 

қайсы? Өз практикаңыздың жақсарған тұстарын 

байқадыңыз ба? Бәлкім, бұған дейін қойылған 

жеке бір мақсаттарыңызға қол жеткіздіңіз бе?

5. Сіздің оқытуыңызда әлі де болса жетілдіруді 

қажет ететін мәселелер не деп ойлайсыз? 

6. Осы мәселелерді жетілдіруде өз 

ұсыныстарыңыз бен стратегияларыңыз бар ма?

Эксперттің  мақсаты  –  алдын  ала  жүргізілетін  сұхбат  барысында  тренерден  өтілетін 

сабақтың  мақсатына,  үйренушілердің  ерекшелігіне  және  тренердің  оқытуына  қатысты 

ақпараттар алу. Кері байланыс беруде сұрақ қою стратегиялары арқылы тренерлерге өздерінің 

кәсіби  білім  алу  ортасында  өз  тәжірибелеріне  шолу  жасауға  және  рефлексиялауға  көбірек 

мүмкіндік жасау. Формативті бағалау барысныда өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген 

жағымды кері байланыстың болуы шынайы жауап алу үшін маңызды. 

Жоғарыда баяндалғандарды қорытындылай келе, деңгейлік курс барысында сапалы кері 

байланыс  ұсынуға  қатысты  төмендегідей  тұжырым  жасалды:  кері  байланыстың  сабақтың 

тақырыбы  мен  мақсатына  сәйкестігі;  белгіленген  мақсатқа  қол  жеткізуге  бағытталуы; 

орындалған  жұмыстың  табысты  жақтары  жайлы  ақпараттың  қамтылуы;  оқушыны  өз 

жұмысын  жетілдіруге  ықпал  етуі;  оқушының  өздігінен  оқуына  бағытталуы;  табысқа  жету 

қадамдарының  көрсетілуі;  комментарийдің  нақты  және  орынды  болуы;  ұсыныстардың 

түсінікті  берілуі;  пікірдің  позитивті,  конструктивті  ұсынылуы;  өзара  сыйластыққа,  сенімге 

негізделуі; комментарийдің бағалау критерийлеріне сәйкестігі; табыс критерийлері мен оқу 

мақсаттарының ескерілуі; кері байланыстың уақытында ұсынылуы; ойлануға уақыт берілуі. 



Әдебиеттер тізімі

1.  Деңгейлік курстарды бағалау рәсімдеріне шолу. – Астана: Педагогикалық өлшеулер 

орталығы, «НЗМ» ДББҰ, 2015. 

2.  Шакиров  Р.Х,  Буркитова  А.А.,  Дудкина  О.И.  Оценивание  учебных  достижений 

учащихся. Б.: Билим, 2012. 

3.  Тренерге арналған нұсқаулық. 1-деңгей. – Астана: Педагогикалық шеберлік орталығы, 

«НЗМ» ДББҰ, 2015. 

4.  Бағалау нұсқаулығы. – Астана: Педагогикалық өлшеулер орталығы, «НЗМ» ДББҰ, 

2012.

5.  Рассел Т. Навыки эффективной обратной связи. Санкт-Петербург: Издательский дом 



«Питер», 2002.

827

«ҮШ ТҰҒЫРЛЫ» ТІЛ САЯСАТЫ – ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ 

МАЗМҰНЫНДА

Шамшенова М. Б.

Атырау қаласы химия-биология бағытындағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мырзағалиева Д. А.

Атырау қаласы Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫ

Түйінді сөздер: мемлекеттік тіл, «үш тұғырлы» тіл, оқу үрдісі, бәсекеге қабілетті тұлға, 

ұлт рухы, тұлғалық қажеттілік, білім саласы.



Ключевые  слова:  государственный  язык,  трехьязычие,  учебный  процесс, 

конкурентноспособная личность, национальный дух, личностные нужды, сфера образование.



Keywords: native language, multilanguage, educational process, competitive person, spirit of 

nation, necessity of person, sphere of education.



Аңдатпа

Білім- әлемдік бәсекеге қабілеттілікті арттырудың бірден- бір жолы. «Үш тұғырлы» тіл 

саясаты- білім мазмұнына енген мемлекеттік саясат, тұлғалық қажеттілік. Өскелең ұрпақтың 

алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Мақалада білім мазмұнындағы үш тілді оқыту жүйесінің 

оң жақтары мен нәтижесі баяндалады.

Аннотация

Образование-единственный  способ  повысить  коекурентоспособность  в  мире. 

Трехьязычие-  внедренная  в  образование  государственная  политика,  личная  необходимость. 

Перед  подрастающим  поколением  стоит  обязанность  знания  нескольких  языков.  В  статье 

рассматриваются положительные стороны модели трехьязычного обучения.

Abstract

Education  is the only way to increase competitiveness in the world.Trilinguism is the state 

policy  introduced  in  education,  and  it’s    private  necessity.  The  younger  generation  is  faced  by 

need of knowledge of several languages. In this article are considered positive sides  of trilingual 

training model . 

Тіл – адам баласының таусылмас байлығы. Тіл білу- үлкен қабілет, ерекше өнер.  Тіл білу 

арқылы өскелең ұрпақ өз қабілетінің арқасында бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасады. 

Үш  тілді  жетік  меңгерген  ұрпақ  қалыптастыруда  мемлекетіміз  ауқымды,  түрлі  іс-шаралар 

ұйымдастыруда. Сол іс-шараның бірі- «Үштұғырлы тіл» туралы жобасы.

«Үштұғырлы тіл» туралы жобаны Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен 

Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен болатын. Ал, 2007 жылғы 

«Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  халыққа  Жолдауында  «Тілдердің  үш  тұғырлылығы» 

атты  мәдени  жобаны  кезең  -  кезеңмен  іске  асыруды  ұсынды.  Бұл  бағдарламалардың  басты 

идеясы - Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді 

мемлекет ретінде таныту [4].

Көптілді  оқыту  –  қоғам  дамуына  сай  ұстанылатын  мемлекеттік  саясат,  тұлғалық 

қажеттілік.  Елбасының  2007  жылғы  «Жаңа  әлемдегі  Қазақстан  »  атты  Қазақстан  халқына 


828

5

жолдаған  Жолдауында  елдер  арасындағы  бәсекеге  қабілеттілікке  ұмтылдыру  мақсатында 

«Тілдердің үштұғырлығы» деп аталатын Мәдени жобасында кезең- кезеңмен жүзеге асыруды 

ұсынған болатын. Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс 

тілін  және  әлемдік  экономикаға  үйлесімді  кірігу  тілі  ретінде  ағылшын  тілін  дамытудың 

қажеттілігін уақыттың өзі сезіндіріп отыр [2]. 

Көптілді білім беру әлемнің әр елінің білім беру саласында жаңғыртуды, қоғам дамуындағы 

білімнің  алатын  орны  мен  көптілділік  саясатының  бағыттары  мен  жетістіктерін  айқындап 

көрсетуге бағытталады. Әлемдік білім беру бағдарламалары да тілдерді оқытуға негізделеді, 

соның  ішінде:  қос  тілділік  пен  көптілділік.  Сапалы  білім  беруде  тиісті  жағдайлар  жасау 

мақсатында  «2020  жылдар  аралығында  қазақстандық  білім  беруді  жаңғырту  концепциясы» 

білім беру саясатының негізгі алғы бағыттарын және оны іске асыруда басқару жүйесінің барлық 

деңгейінде тиісті шараларын атап көрсеткен. Бұл құжаттар білім беру құқығын және де білім 

саласындағы біраз мәселелерді шешу жолдарын ашып көрсетеді. Қазақстан Республикасының 

Ұлттық доктринасы білім беру жүйесінің негізгі бағыттарын дамытуда мемлекеттік тұрғыдан 

стратегияны  қабылдап,  жалпы  білім  беру  кеңістігінде  жаңғырту  үдерісінің  қажеттілігін 

білдіреді.  Ақпараттық  технологияның,  жалпы  бәсекелестіктің  қарыштап  дамып  отырған 

бүгінгідей жаһандану кезеңінде ұлт болашағы үшін ағылшын тілін меңгерудің өзектілігі орын 

алуда.

2011 жылғы Елбасының жарғысына сәйкес, Қазақстандағы білім беру саласында «Үш 



тұғырлы» тіл саясаты жүзеге асырылады. Сәйкесінше, барлық Назарбаев Зияткерлік мектептері 

(НЗМ) тіл саясатына байланысты үш тілде білім беру үлгісін ұстанады. 

Біз қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің барлығы Қазақстанның өркендеуі мен дамуы 

жолында аса маңызды рөл атқаратындығына сеніміміз мол. Сол себепті, мектебіміздің басты 

мақсаты  –  үш  тілді  еркін  меңгеру.  Келешек  ұрпақтың  мақсат-мүддесінің  айқындалуы  үшін 

тілді жоғары деңгейде меңгеру дағдысы қажет.

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып, жеткіншек ұрпақтың 

функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлініп жатқаны жасырын емес. Осыған байланысты 

«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  үш  тілде  білім  берудің  екі  моделін  жүзеге  асыруда. 

«Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар, орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру 

үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз» деген Елбасы сөзінің көрінісі Назарбаев 

Зияткерлік  мектебінде  енгізілген  кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасында  бар  екендігін 

мақтан тұтамыз [1]. Бағдарламаның оқушы үшін берер білімі мен алар тәлімі мол, жаңа өмірге 

бастар қадамы да зор. 

Мектептерге  ағылшын  тілін  1-сыныптан  бастап  енгізуді  оң  шешім  деп  қабылдаймыз. 

Өйткені,  бүлдіршіндердің  санасы  көптеген  ақпараттармен  толықпаған,  үш  тілді  еркін,  тез 

меңгереді. Әрине ол үшін бала отбасында ана тілінде сөйлеп жетілуі керек, қазақ тілін жетік 

білсе, оған орыс, ағылшын тілдерін меңгеру оңай.

Кәсіптік білім беру жүйесі өзіндік білім сапасы мен көптілдік мәдениет жетістіктерін 

сақтай отырып, қазіргі заман талабына сай көштен де қалмауда. Қазақстан Республикасының 

тіл  саясатын  жүзеге  асыру,  білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламаларын,  тілдерді 

меңгеруге  деген  қызығушылықты  ынталандыру  және  үш  тілді-  қазақ,  орыс  және  ағылшын 

тілдерін  жетік  меңгерген  бәсекеге  қабілетті  жастардың  санатын  арттыру  мақсатында  Қ. 

Дүтбаева  атындағы  Атырау  гуманитарлық  колледжінде  2012-2013  оқу  жылынан  бастап 

«Көптілді білім беру орталығы» құрылды. Көптілді білім беру орталығының атқарған қызметі- 

үш немесе одан да көп тілді еркін меңгерген, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды 

даярлау. Орталық 2012-2017 жылдарға арналған көптілді білім беру бағдарламасын даярлап, 

нақты  міндеттері  мен  мақсаттарын  айқындады,  көптілді  білім  беруді  дамыту  бағытында 

бірқатар іс-шараларды бастап та кетті. Атап айтсақ, 


829

•  колледж оқушылары мен білім алушыларының оқу үдерісінде үш тілді бір деңгейде 

еркін меңгеру дағдысы жетілдірілуде;

•  колледжде  көптілді  білім  беру  бағдарламасын  «Мектепке  дейінгі  тәрбие» 

мамандықтары бойынша кезең-кезеңмен енгізу ұйымдастырылды; 

•  колледжді білікті, үш тілді еркін меңгерген педагог кадрлармен жасақтау мониторингін 

жыл сайын жүргізу белгіленді;

•  көптілді білім беру бағдарламасы бойынша оқу үдерісін жүргізетін оқытушыларға 

тілді білу деңгейіне қарай үздіксіз тілдік оқу курстарына жіберу ұйымдастырылды;

•  көптілді білім беру бағдарламасымен оқитын академиялық топтардың оқу үдерісіне 

өңірде  жұмыс  істейтін  шет  елдік  компанияларының  мамандарын  дәріс  оқуға, 

практикалық сабақтар жүргізуге тарту ұйымдастырылды;

•  колледждің көптілді білім беру мамандықтарына шетел тілі оқытушылары кеңесші 

ретінде бекітілді;

•  жыл  сайын  көптілді  білім  беру  бағдарламасы  бойынша  оқитын  студенттерді 

оқулықпен, оқу- әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету қарастырылды;

•  колледждің кітапхана қорын осы заманғы көптілді әдебиеттермен (оқу, әдістемелік, 

ғылыми) толықтырып отыру ұйымдастырылуда; «Кәсіби қазақ (орыс) тілі», «Кәсіби 

шетел (ағылшын) тілі» пәндерінен оқу бағдарламасы жасақталды; 

•  көптілді білім беру бағдарламасы шеңберінде мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік 

кешендер мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендері даярланды;

Инновациялық технологиялар үдерісінің өзгеріп, мемлекет пен қоғам сұранысын өтеуде 

«экстенсивті» тәсілден «интенсивті» кәсіптік білім беруді дамытуда жоғары нәтижелерге қол 

жеткізуде белгілі бір мақсатпен  білім алушы түлектерінің сапалы білім алып, кәсіби білікті 

маман деңгейіне жетуіне басты назар аудару қажет. 

Жаңа  технологияларды  игеру  арқылы  жастардың  бойында  ұлттық  құндылықтарды 

сақтай отырып, тілге деген қызығушылықты арттыруда білім мазмұнында жаңа талпыныстар, 

ілгері  қадамдар  жасалуда,  ал  келер  күннің  еншісінде  кешенді  іс-шараларды  бірлесе  жүзеге 

асыру арқылы биік нәтижелерге қол жеткізу міндеті тұр.

«Қазақстан-  2050»  даму  стратегиясы  жағдайында  Елбасының  2014  жылдың  17 

қаңтарындағы  Қазақстан  халқына  жолдаған  кезекті  Жолдауында  әлемдегі  ең  дамыған 

30  елдің  қатарына  кіру  тұжырымдамасында  «...  Үкіметке  2016-2019  жылдарға  арналған 

Үдемелі индустрияландырудың Екінші бесжылдығы жобасы жөнінде бірқатар тапсырмалар 

бердім...  Бізге  мұнай-газ  секторының  экспорттық  әлеуетін  сақтай  отырып,  басқару,  өндіру 

және көмірсутектерді өңдеудің жаңа тәжірибелері керек. Мұнай мен газ өндірудің ықтимал 

сценарийлері  бойынша  түбегейлі  шешімге  келу  керек.  Біз  экономикамызға  шетелдік 

инвестициялар, технологиялар мен инновацияларды кеңінен тартатын боламыз. Инвесторлар 

үшін  жұмысқа  қолайлы  жағдайлар  жасаймыз.  Біз  дамыған  30  елдің  тобына  кірудің  осы 

маңызды тетігі арқылы экономикамыздың өңірлік, жаһандық экономикалық жүйемен терең 

ықпалдасуын  айқын  көріп  отырмыз.  Бұл,  ең  алдымен,  Еуразиялық  экономикалық  одақ 

қалыптастыруға  қатысуымызға,  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына  кіруімізге  байланысты»  деп 

атап көрсеткен болатын [3]. 

Елбасы  Жолдауын  іске  асыру  мақсатында  мұнайлы  аймақтың  келешекте  көркейіп 

өркендеуіне,  әлемнің  дамыған  30  елінің  қатарына  қосылуға  өз  үлесін  қосар  жастары  адам 

капиталын  толықтыруға  қабілетті  толыққанды  тұлға  болуда  үш  тілді  меңгерген  саналы  да 

сауатты азамат болуы керек. Оқыту үдерісін оңтайлы ұйымдастырудың сан алуан жақтарын 

инновациялық тұрғыдан мамандарды дамылсыз дайындау жүйесі негізінде  ұстаздар тарапынан 

үлкен жауапкершілік пен үздіксіз ізденісті талап етеді. Ұстаздар қауымы Елбасы Жолдауында 

аталған білім беру саласындағы тіл саясатын ыстық ықыласпен қабылдап, озық және бәсекеге 


830



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет